ҚР Парламенті Сенатының депутаттарын сайлауда Маңғыстау облысы бойынша дауыс берудің алдын ала қорытындысы жарияланды.
Маңғыстау облыстық сайлау комиссиясының ақпараты бойынша таңдаушы ретінде тіркелген 127 маслихат депутатының 119-ы таңдау жасады. Дауыс берудің алдын ала нәтижесіне сәйкес Беляева Ирина Валерьяновна- 16, Досатов Ғаббас Шаңытбайұлы- 16, Орынбасаров Бекбол Тілеумұратұлы — 85 дауыс жинаған.
«Таңдаушылардың жалпы саны- 127, сайлау комиссиясына алған бюллентеньдердің саны — 128, сайлау бюллетеньдерін алған таңдаушылардың саны — 119, дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың саны -119. Депутатқа әрбір кандидаттың дауыстарының саны Беляева Ирина Валерьяновна- 16, Досатов Ғаббас Шаңытбайұлы- 16, Орынбасаров Бекбол Тілеумұратұлы — 85. «Бәріне қарсымын» бюллетеньдердің саны — 1, жарамсыз деп танылған бюллетеньдердің саны — 1, жойылған бюллетеньдердің саны — 9. Қазақстан Республикасындағы Сайлау туралы ҚР Конституциялық заңының 14, 79, 80 баптарына сәйкес Маңғыстау облыстық сайлау комиссиясы шешті. Дауыс беру нәтижелері Қазақстан Республикасының орталық сайлау комиссиясына жіберілсін» деді Маңғыстау облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Елубай Әбілов.
ҚазАқпарат










