
Орталық сайлау комиссиясы ҚР Парламенті Сенатының депутаттарын сайлауда Ұлытау облысы бойынша дауыс берудің алдын ала нәтижесін жариялады.
Аталған өңірде таңдаушы ретінде тіркелген маслихат депуттарының саны – 69. Сайлаушылардың бірлескен отырысына олардың 61-і қатысып, дауыс берді. ОСК жариялаған дауыс берудің алдын ала қорытындысына сәйкес, үміткер ретінде тіркелген үш кандидаттың ішінен Сенат депутаты Советбек Медебаев (61,7%) көп дауыс жинады. Оның кандидатурасын 37 таңдаушы қолдаған.
Айта кетейік, бірер минут бұрын еліміздің барлық өңірлері бойынша ҚР Парламенті Сенатының депутаттарын сайлауда дауыс берудің алдын ала нәтижелері жарияланды.
ҚазАқпарат










