Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі (бұдан әрі – ұйымдастырушы) 2023 жылғы 7-9 наурызда Германияның Берлин қаласында өтетін ITB Berlin халықаралық туристік көрмесінде қазақстандық стенд ұйымдастыруды жоспарлап отыр, деп хабарлайды ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Баспасөз қызметті.
Қазіргі уақытта туристік бизнеc өкілдері үшін ITB Berlin 2023 көрмесіне қатысуға тіркеу 2023 жылдың 13 қаңтарына дейін ашық. Жоғарыда көрсетілген мерзімнен кейін тіркелген қатысушыларға ұйымдастырушы стендте орын беруге және визалық қолдауды уақтылы қамтамасыз етуге кепілдік бере алмайды.
Бұдан басқа, қазақстандық делегация құрамына іріктеу бекітілгеннен кейін (2023 жылғы 13 қаңтардан кейін) қатысушы өтінімнің күшін жойған жағдайда, сондай-ақ өтінімде көрсетілген ережелер сақталмаған жағдайда ( https://forms.gle/VP4t6E4vB5fTVNiw6 ) ұйымдастырушы қатысушыны келесі көрмелерге қатысуына рұқсат бермеуге құқылы.
Мүдделі тұлғалардан сілтеме бойынша өтінімді толтыруды сұраймыз: https://forms.gle/VP4t6E4vB5fTVNiw6