• Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Бейсенбі, Қараша 12, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result

 МАМАНДАР «ШАРДАРА» СУ ҚОЙМАСЫНА ҚАТЫСТЫ МӘСЕЛЕ КӨТЕРДІ

05.01.2023
0

Сырдария өзенінің жоғарғы ағысының артуынан «Шардара» су қоймасына тасталған су мөлшері көбеюде, деп хабарлайды Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі. Соңғы күндері су қоймасына орташа есеппен 1500 м3/сек не тәулігіне 42 млн. м3 су келіп, су қойманың төменгі ағысына 1011 м3/сек су босатылуда. Бұл су қоймасының мерзімінен бұрын толуына әкеп соғып, көктемгі тасқын су апаттық жағдайдың болу тәуекелділігін арттырады. Су шаруашылығы саласының мамандары стратегиялық маңызы бар «Шардара» су қоймасындағы қауіпке Үкімет назарын аударуы қажет айтып, дабыл қақты. Кезек күттірмейтін мәселе Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалығымен өткен мәжілісте жан-жақты талқыланды.


Оған «Қазгидромет» РМК Түркістан облысы бойынша филиалының басшысы Маханбет Жазықбаев, Арал-Сырдария бассейндік инспекциясы басшысының орынбасары Күлән Қожамқұлова, «Қазсушар» РМК Түркістан филиалының директоры Қазбек Бедебаев қатысты. Облыс әкімі маңызды мәселеге қатысты сараптау жүргізуді тапсырды.


Сырдария өзенінің бойында орналасқан «Шардара» су қоймасы жарты ғасырдан асам уақыт бұрын пайдалануға берілген. Су қойманың жалпы көлемі – 5200 млн.м3. Су қоймада қазіргі таңда 4 млн.м3 астам су бар. Көксарай су реттегішіндегі су көлемі де артқан. «Шардара» су қоймасында апаттық жағдай орын алған жағдайда су қойманың төменгі бөлігіндегі 34 мың халқы бар 22 елді мекенді су басу қаупі бар.


Осыған байланысты «Қазсушар» РМК Түркістан филиалының басшылығы бірнеше ұсыныс көтерді. Сала мамандары Түркістан облысында су қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қауіп-қатерлерінің алдын алу үшін, ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігіне наурыз айына дейін «Шардара» су қоймасының толуын 70 % -дан (3 600 млн.м3) асырмау және «Көксарай» су қоймасын 1600 млн.м3 асырмау жөн деп санайды. Қауіптің алдын алу үшін ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі тарапынан мәселені мемлекетаралық келіссөздер арқылы шешуге ықпал жасаудың маңыздылығын алға тартты. Су шаруашылығы саласының мамандары су қауіпсіздігін қамтамасыз ету және апаттық жағдайдың алдын алу жөнінде Үкімет деңгейінде штаб құрудың маңыздылығын көтерді. Аталған мәселелер бойынша Үкімет пен тиісті министрлікке хат жолданды.


Басқосуда су астында қалған Мақтаарал ауданындағы жағдай айтылды. Мәселен екі-үш жыл бұрын жарылған Сардоба су қоймасына 900 млн. текше метр су жиналса, «Шардара» су қоймасының көлемі одан 5-6 есе үлкен. Сондықтан шұғыл түрде Шардара ауданындағы «Шардара» су қоймасының жанынан апатты су қашыртқы салынуы қажет.

Previous Post

АСАТ НҰРПЕЙІСОВ ҚР ПРЕЗИДЕНТІ ІС БАСҚАРУШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ ЛАУАЗЫМЫНА ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Next Post

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ АДАМ ҚҰҚЫҚТАРЫ ЖӨНІНДЕГІ УӘКІЛ АРТУР ЛАСТАЕВТЫ ҚАБЫЛДАДЫ

Related Posts

ӨНДІРІСТІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ӘСЕРІ ЗЕРДЕЛЕНДІ

ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

by Айғақ медиа
12.11.2026
0

Шымкентте даңқты бапкер Мардан Сапарбаевты еске алуға арналған XXXII халықаралық турнир өтті. Грек-рим күресінен өткен додаға алты мемлекеттен 250-ге жуық...

ӨНДІРІСТІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ӘСЕРІ ЗЕРДЕЛЕНДІ

35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

by Айғақ медиа
12.11.2026
0

Шымкентте 35 жылдан кейін футбол ардагерлері қайта бас қосты. Шаһарда алғаш рет Қазақстан футболының мақтанышы, КСРО спорт шебері Евстафий Пехлеванидидің...

ӨНДІРІСТІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ӘСЕРІ ЗЕРДЕЛЕНДІ

ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

by Айғақ медиа
12.11.2026
0

Өнеркәсіптің дамуы қоршаған ортаға түсетін салмақты арттырмауы тиіс. Шымкентте экологиялық жағдайды бақылауға бағытталған жұмыс тобы «Син Юань Стил» зауытына барды....

ӨНДІРІСТІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ӘСЕРІ ЗЕРДЕЛЕНДІ

ӨНДІРІСТІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ӘСЕРІ ЗЕРДЕЛЕНДІ

by Айғақ медиа
12.11.2026
0

Өнеркәсіптік шығарындыларға бақылау күшейтілді. Шымкент қаласында экологиялық мәселелер жөніндегі жұмыс тобы «Оңтүстік» индустриялық аймағындағы «Polymettech» кәсіпорнына көшпелі отырыс ұйымдастырды. Бұған...

ЦИФРЛАНДЫРУ – ҚАЛА ДАМУЫНЫҢ ЖАҢА БАҒЫТЫ

ЦИФРЛАНДЫРУ – ҚАЛА ДАМУЫНЫҢ ЖАҢА БАҒЫТЫ

by Айғақ медиа
11.11.2026
0

Шымкентте жасанды интеллект пен заманауи технологияларды енгізу жұмыстары жүйелі түрде жүзеге асырылуда Бүгінде цифрландыру мен жасанды интеллектіні дамыту ел экономикасының...

ҚОЗҒАЛЫС ЕРКІНДІГІ – ӨМІР САПАСЫНЫҢ КӨРСЕТКІШІ: ШЫМКЕНТТЕ БУЫН АЛМАСТЫРУ ОТАСЫ ҚОЛЖЕТІМДІ БОЛА ТҮСТІ

ҚОЗҒАЛЫС ЕРКІНДІГІ – ӨМІР САПАСЫНЫҢ КӨРСЕТКІШІ: ШЫМКЕНТТЕ БУЫН АЛМАСТЫРУ ОТАСЫ ҚОЛЖЕТІМДІ БОЛА ТҮСТІ

by Айғақ медиа
11.11.2026
0

Адам денсаулығы мен өмір сапасын жақсарту – әлеуметтік саясаттың негізгі басымдықтарының бірі. Әсіресе тірек-қимыл аппараты ауруларына шалдыққан азаматтарға сапалы медициналық...

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


Facebook Telegram Youtube Instagram

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.