Шымкент полицейлері із-түзсіз жоғалған 15 жасар қызды іздестіруде.
Сагидуллаева Анель Талғатқызы 30 желтоқсанда сағат 15:00 шамасында үйден шығып, белгісіз бағытқа кеткен.
Бойы 160-165 см; дене бітімі орташа; шашы ұзын; сұр-қара түсті күртеше, қара спорттық шалбар киген.
Жоғалған қызды табу үшін Шымкент қаласы Полиция департаментінің жеке құрамы жұмылдырылды. Іздестіру шаралары жалғасуда. Аталған жасөспірім қызды көрген-білген адамдар болса, тез арада 102 нөмеріне хабарласуларыңызды сұранамыз