Түркия Республикасында ұйымдастырылған үш сайлау учаскесінде қазақстандықтар дауыс беріп жатыр.
Қазақстанның Түркиядағы дипломатиялық өкілдіктері жанында жұмыс істейтін №286, 255 және 296 сайлау учаскелерінде дауыс беру жергілікті уақыт бойынша таңғы сағат 7:00-де басталып, 20:00-ге дейін жалғасады.
Елде демалыс күніне қарамастан таңертеңнен бастап сайлаушылардың белсенділігі байқалады.
Отанынан жырақта жүріп азаматтық ұстанымын танытқан қазақстандықтардың басым бөлігі – студенттер мен осында тұратындар.
Қазақстанның Түркиядағы елшілігінің мәліметінше, Анкарадағы №286 сайлау учаскесінде 1000-нан астам сайлаушы дауыс береді деп күтіліп отыр.
Ал Ыстанбұл мен Анталияда 600-ге жуық сайлаушы бар.
ҚазАқпарат