Құрылыс жұмыстары мегаполис үшін аса маңызды. Оның ішінде жол құрылысы мен көпір құрылысы тұрғындардың әлеуметтік ахуалын реттеуге тіптен қажет. Бүгінде Шымшаһарда жүргізіліп отырған құрылыс жұмыстарымиллионды қаласы бар қалаға сапалы да сай болуы керек. Сондықтан да жұмыс барысымен танысу мақсатында қала әкімі Әйтенов арнайы барды.
Қазіргі таңда қалада Өтеміс және Базарқақпа елдімекендерінде жолдар жөнделуде.
Қаратау ауданы аумағында орналасқан Өтеміс тұрғын алабында ағымдағы жылы ұзындығы 5,1 шақырымды қамтитын 4 көшеге орташа жөндеу жұмыстары атқарылды.
Бүгінде Өжен, Ақкөл және Мұрат көшелерінің құрылысы толығымен аяқталып, пайдалануға берілді.
Ал ұзындығы 3,1 шақырым, ені 6 метрді құрайтын КХ-42 көшесінде жұмыстар қарқынды жүргізілуде. Қазіргі таңда асфальт жабындысының 2-қабатын төсеу жұмыстары атқарылуда. Орташа жөндеу жұмыстары қараша айының соңына дейін аяқталады деп жоспарланған.
«Сапаға жұмыс істеуіміз керек. Берілген ескертулерді дер кезінде жойып, қателікке қайта жол бермеу керек» деп, ескертті Мұрат Дүйсенбекұлы жауапты сала мамандары мен мердігер мекеме өкілдеріне.
Сондай-ақ, Базарқақпа тұрғын алабында да Сайрам-су өзені үстінен өтетін аспалы темір көпірдің құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Мұарт Әйтенов бұл нысанға да арнайы атбасын бұрды. Қазіргі уақытта көпір құрылысымен қоса транспорт басқармасы тарапынан көпірге дейінгі ұзындығы 400 метр, ені 6 метр болатын жолға орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп, толық аяқталды.
Айтып өтейік, Сайрам-су өзені үстінен өтетін аспалы ағаш көпір 1986 жылы салынған. Су шайып кеткен соң 1994 жылы ауыл тұрғындары өз есебінен адамдардың жаяу өтуі үшін қайтадан темір көпір салып, күтіп ұстау жұмыстарын жүргізіп келген.
Естеріңізде болса, демеуші азамат есебінен Сайрам су өзені үстінен ұзындығы 18 метр, ені 5 метр болатын аспалы көпір салынып жатқанын хабарлаған болатынбыз.
Өткен аптада қаланың құрылыс жұмыстарын аралау барысында Мұрат Дүйсенбекұлы Әл-Фараби ауданы аумағындағы су басу қауіпі басым жерлерде болды.
Әл-Фараби ауданы әкімі аппаратының мамандары тарапынан зерделеу жұмыстары жүргізіп, жалпы 26 мекенжайға ирригациялық жүйелерді орнату бойынша бюджетке өтінім берілген болатын. Нәтижесінде 19 жоба 24 көшеге (ұзындығы 11,7 км) ирригациялық арықтарды салу бойынша ұсыныс қолдау тапты.
Бүгінгі таңда, мердігер мекеме тарапынан жұмыстардың 85% орындалды. Мұрат Дүйсенбекұлы қараша айының 15 дейін жұмыстарды толық аяқтауды тапсырды.
Ал 2023 жылға қалған 7 көшеге ирригациялық жүйелер орнату бюджеттік өтінім қайта ұсынылатын болады.
Көшелердің тізімі:
- Сәуле шағын ауданыны Зерде көшесі-1000м
- Сәуле шағын ауданыны Көксай-2 көшесі-1200м
- Сәуле шағын ауданыны Ақмешіт көшесі (септик орнату)-250м
- Сәуле шағын ауданыны Бөген көшесі-1000м
- Сәуле шағын ауданыны Жеңістің 50 жылдығы көшесі-600м
- Сәуле шағын ауданыны Жаңабазар көшесі-450м
- Сәуле шағын ауданыны Тұмарлы көшесі-300м
- Забадам шағын ауданында Таусамалы көшесі-900м
- Забадам шағынауданы Тобыл, Балдаурен, Айкөл көшесі-350м
- Забадам шағынауданы Қажымұқан көшесі-200м
- Забадам шағынауданы Қарабастау көшесі-350м
- Забадам шағынауданы Макаренко көшесі-350м
- Забадам шағынауданы Саттарханов және Ашурходжаев көшелерінің қиылысы-70м
- Забадам шағынауданы Абат көшесі, Забадамский көшесі-560м
- Шәймерденов көшесі-1700м
- Ж.Тәшенов көшесі мен Шолохов көшелерінің қиылысы-250м
- Республика даңғылы 19б үй аумағы-500м
- Ескі қалашық Хаят көшесі, Амангельді көшесі, Шымкентский көшесі-1500м
- Көк сай-1 Анарова көшесі-160м










