ҚР Президент сайлауын өткізудің өзіндік ережелері мен тәртібі бар. Ол «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңымен реттелген. Егер көрсетілген заңнамалық ережелер ескерілмей, шарты бұзылса жауапкершілікке тартылады. Бұл туралы Түркістан облысы Прокурорының орынбасары Саян Келдібеков нақты айтып берді.
«Құрметті Түркістан облысының тұрғындары мен қонақтары!
Прокуратура органдары Конституцияға (83-бап) сәйкес мемлекет атынан заңдылықтың сақталуына жоғары қадағалауды жүзеге асырады және сотта мемлекеттің мүддесiн білдіреді.
Прокурорлар сайлау науқанының барлық кезеңдеріне қатысты негізгі міндеттер мен ұйымдастырушылық іс-шаралар атқаруда.
Барлық қала және аудан прокурорларын сайлау туралы заңнама нормаларының мүлтіксіз сақталуын қамтамасыз етуге бағыттадық.
Ағымдағы жылдың 21 қазанынан бастап ең белсенді кезең – сайлау алдындағы үгіт басталды (ағымдағы жылғы 19 қарашада сағат 00:00-де аяқталады).
Оны өткізу тәртібі «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңымен реттелген.
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексте сайлау алдындағы үгіттің тәртібі мен шарттарын бұзғаны үшін жауапкершілік көзделген.
Атап айтқанда;
— сайлау алдындағы үгiтті оған тыйым салынған кезеңде жүргiзу.
— сайлау алдындағы үгітті жүргізу құқығына кедергі келтіру;
— БАҚ арқылы сайлау алдындағы үгітті жүргізу шарттарын бұзу болып табылады.
Бұқаралық ақпарат құралдары арқылы үгіт жүргізу шарттары «ҚР сайлау туралы» Конституциялық заңның 27-бабында белгіленген.
Үгіт жүргізу шарттарының бұзылуына мыналар жатады:
1) сайлау науқанының бұқаралық ақпарат құралдарын біржақты жариялау, яғни сайлау алдындағы іс-шаралардың мақсаттарын, міндеттері мен нәтижелерін, сондай-ақ олармен байланысты оқиғалар мен фактілерді бұрмалау;
2) кандидаттың немесе саяси партияның ар-намысына, қадір-қасиетіне және іскерлік беделіне көрінеу нұқсан келтіретін үгіт материалдарын БАҚ-да жариялау, сондай-ақ теріске шығаруды жариялау мүмкіндігін беруден бас тарту;
3) кандидаттардың БАҚ-да сөйлеп жатқан сөздерiн бөлу және сөйлеген сөздерiнен кейін iле-шала оларға түсініктеме жасау;
4) егер басқаларға келісім берілген жағдайда, бұқаралық ақпарат құралдарының кандидаттардың біріне эфир уақытын баспа алаңын бөлуден бас тартуы.
Осы шарттарды бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершіліктер қарастырылған.
Сондай-ақ, үгіт жүргізу кезеңінде болуы мүмкін әкімшілік құқық бұзушылықтардың басқа да құрамдарын атап өткім келеді:
Бұлар анонимдік үгiттеу материалдарын дайындау немесе тарату әкімшілік айыппұл салуға әкеп соғады.
— үгіт материалдарын қасақана жою немесе бүлдіру;
— сайлауға байланысты қоғамдық пiкiрге сауал салуды жүргiзу шарттарын бұзу;
— сайлау алдындағы үгітті жүргізу шарттарын бұзу болып табылады;
Бұдан басқа «ҚР сайлау туралы» Заңының 27-бабының 4-тармағына сәйкес мемлекеттік органдарға, жергілікті өзін-өзі басқару органдарына, сондай-ақ олардың лауазымды адамдарына, әскери қызметшілеріне, құқық қорғау және арнайы органдарының қызметкерлеріне, судьяларға, сайлау комиссияларының мүшелеріне, діни бірлестіктерге сайлау алдындағы үгіт-насихат материалдарын таратуға тыйым салынады:
Атап айтқанда үгіт материалдарын орналастыру;
— сайлау алдындағы үгіт жүргізуге республикалық бюджеттен бөлінген қаражатты жұмсау тәртібін бұзу.
Аталған барлық құқық бұзушылықтар бойынша субъектілер болып азаматтармен және лауазымды тұлғалармен қатар кәсіпкерлік субъектілері де табылады. Сайлау құқықтарына қол сұғатын осы және басқа да әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша өндірістерді қозғау (ӘҚБтК-нің 101-126 – баптары) прокурордың айрықша құзыретіне кіреді Істерді сот қарайды.
Бірақ азаматтар өздерінің сайлау құқығын бұзған жағдайда өз бетінше тікелей сотқа да жүгіне алады.
Бұл жағдайда аталған санаттағы істерді бірден соттар міндетті түрде прокурордың қатысуымен қарайды.
Әкімшілік жауаптылықпен қатар сайлау заңнамасын бұзғаны үшін қылмыстық жауапкершілікте көзделген.
Ол сайлау құқықтарын жүзеге асыруға немесе сайлау комиссияларының жұмысына кедергі келтіруге қатысты.
Сонымен қатар, сайлау құжаттарын бұрмалау немесе дауыстарды дұрыс есептемеу.
Қазіргі уақытта сайлау науқаны құқықтық шеңберде өтіп жатыр. Біздің өнірде Сайлау заңнамасын бұзу фактілері тіркелген жоқ.
Сайлау науқанын жүргізудің заңдылығын одан әрі қамтамасыз ету үшін прокурорлар мемлекеттік және құқық қорғау органдарымен, сондай-ақ сайлау комиссияларымен тығыз қарым-қатынас орнатты.
Әрбір бұзушылық фактісі бойынша заңдарда көзделген барлық құқықтық шаралар қабылданатын болады.» — деді Түркістан облысы Прокурорының орынбасары Саян Шаймұратұлы