Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, Шымкент қаласы әкімінің халықпен жоспарлы есепті кездесуілері жалғасуда. Өткен аптада Мұрат Әйтенов Еңбекші ауданы мен Қаратау ауданы тұрғындарындарымен жүздесіп, сауалдарға жауап берді.
Еңбекші ауданы Шымкент қаласының оңтүстік-шығыс бөлігінде орналасқан. Еңбекші ауданының аумағы 20 660 га, халық саны 312 813. Аудан 19 шағынаудандардан және Сайрам, Төлеби аудандарынан қосылған 16 тұрғын алаптан тұрады. Жалпы 650-ге жуық көпқабатты үй бар.
Еңбекші ауданы тұрғындарымен кездескен қала әкімі шаһардың соңғы 9 айдағы әлеуметтік дамуынан хабардар етіп, алда атқарылатын шаруалардың бірпарасын айтып өтті.
Басымдық берілген салалардың бірі — білім. Мектепке дейінгі мекемелерді салу бойынша мәселе алдағы 3 жылда шешімін табады. 577 нысан салынып, 3-6 аралығындағы балалар 100% балабақшамен қамтылатын болады.
Үш ауысымдық мектептер саны азайды. Биыл бесеуінде мәселе шешіліп, төртеуі қалды. Бүгінде 242 525 оқушы 203 мемлекеттік мектепте білім алады. Биылдың өзінде 33 білім ошағы пайдалануға берілді.
Осы және өзге де шешімін тапқан мәселелерді баяндаған шаһар басшысы жиынға қатысқан 300 ден аса тұрғынның 42 сұрағына жауап беріп, әрбір азаматтың талап-тілегі ескерілетінін, күрделілігіне байланысты орта және ұзақ мерзімде қаралатынын жеткізді.
Халықтан түскен сұрақтардың басым бөлігі тұрғын үймен қамту, жол, жарық, ауыз су, тағы да басқа әлеуметтік және жеке мәселелерге қатысты болды.
Өз кезегінде аудан әкімі Есбол Досбол Еңбекшідегі 35 елді мекендегі жеке сектор мен көпқабатты үйлердің жылыту маусымына дайындығын, аулалар мен саябақтарды абаттандыру, көшелер мен жолдардың жөнделген тұстары мен көрсеткіштерін жайлы баяндады.
Еңбекші ауданында 313 200-ден астам халық тұрады. Аудан бюджеті 2017 жылдан бері 11 есеге ұлғайып, 17,5 млрд теңгеден 78,5 млрд теңгеге өскен.
Бұл туралы аудан әкімі Досбол Есілбек шаһар басшысы Мұрат Әйтеновтің тұрғындармен кезекті есепті кездесуі кезінде мәлімдеді.
Негізгі қаржы көзі — ауыл шаруашылығы мен орта және ірі кәсіпкерлік субъектілері боп табылады.
Қазіргі таңда ауданда 3 өндірістік аймақ жұмыс істейді. Атап айтқанда, “Оңтүстік”, “Ордабасы” индустриалды және “Оңтүстік” экономикалық аймақтары бар. Ал жаңадан салынып жатқан “Жұлдыз” экономикалық аймағына инженерлік инфрақұрылым жұмыстары жүргізілуде.
Аудан әкімі құрылыс жұмыстары толық аяқталған соң бұл жерден 60 ірі заманауи кәсіпорын ашу жоспарланғанын жеткізді. “Осының нәтижесінде 100 млрд теңге инвестиция тартылып, 3000 жұмыс орны ашылатын болады”-деді Д. Есілбек.
Сол күні әкімнің халықпен кездесуі Қаратау ауданында жалғасты. Кездесуге 400-ден астам халық, қоғамдық кеңес мүшелері, мәслихат депутаттары мен БАҚ өкілдері қатысты. Жиын барысы Шымкент қаласы әкімдігінің инстаграмдағы ресми парақшасында тікелей эфирде көрсетілді.
Мегаполисте соңғы 9 айда атқарылған шаруа қыруар, маңызды аспект — қала бюджеті 2017 жылдан бері 4 есеге өсіп, 133 млрд теңгеден 583,5 млрд теңгеге артқан. Бұл қаржы әлеуметтің әлеуетін арттыруға, сондай-ақ маңызы бар нысандардың салынуына, денсаулық, білім, ауылшаруашылық сияқты түрлі салаларды дамытуға жұмсалуда.
Мысалы, биыл денсаулық саласы 100% компьютерлік техникамен қамтылды. Қазіргі таңда қалада 44 емхана, 4 көпсалалы аурухана, 22 компьютерлік томография, 14 магниттік резонанс томографиясы бар.
“Материалдық-техникалық базаны жаңғырту бойынша биыл жоспарды 79,2%-ға орындадық. Алдағы уақытта 6 емхана мен ПЭТ/КТ сәулелі терапия, 800 орындық университет клиника салуды көздесек, бұған қоса 200 орындық периниталдық орталық ашуды да жоспарлаудамыз”,-деді шаһар басшысы.
Бұдан өзге де оңды істерді қорытындылап, баяндама жасаған М.Әйтенов Қаратау ауданының әкімі Р.Мүлкемановтың 9 айда атқарған есебін тыңдады. Ол халық сұранысындағы инфрақұрылым жүйелерінің тартылуы, баспанамен қамту, арнайы спорт және балалар ашаңшаларының салынуы мәселесенің шешімдері бойынша баяндама жасады.
Бұдан соң тұрғындармен ашық диалог форматында сұрақтарға жауап берілді.
Айтып өтейік, қала әкімі М.Әйтенов жыл басынан бері мегаполистегі елдімекендерді аралау барысында 127 кездесу өткізді. Көтерілген 1020 мәселенің әрбірі жеке хаттамаға енгізіліп, орындалуы жіті бақылауға алынған.
Шымкент қаласының Қаратау ауданында қос бірдей индустриалды аймақтың құрылысы қызу жүргізілуде. Аталған аймақтарда 35 жоба жүзеге асырылып, 2000-ға жуық жұмыс орны ашылатын болады. Бұл туралы аудан әкімі Р.Мүлкеманов мәлімдеді.
— Қазіргі кезде “Тассай”индустриалды аймағының аумағы 100% қамтылған. Осы кезге дейін 20 жобаны іске қосып, нәтижесінде 1500 адамды жұмысқа орналастырдық. Жыл соңына дейін тағы 8 нысанды іске қоссақ, 885 жұмыс орны ашылады-деді Р.Мүлкеманов.
Бұдан бөлек аудан әкімінің айтуынша, “Бозарық” тамақ өнеркәсібі индустриалды аймағынан 21 тамақ өнеркәсібі, ал “агроиндустриалдық” аймақтан 14 өндірістік жылыжай кешенін ашу жоспарланған. Қазіргі таңда инфрақұрылым құрылысы жүргізілуде.
Жиын барысында аудан әкімі Рахымберді Мүлкеманов аудан көлеміндегі сапалы ауыз сумен қамту жұмыстарына кеңінен тоқталды.
Былтыр сапалы ауыз сумен қамту бойынша “Көмешбұлақ”, “Асар”, “Шымсити”-ден “Достыққа” дейінгі әлеуметтік нысандар бойынша 3, кестемен “Нұртас” елді мекеніне 1, тасымалмен “Тұран”, “Асар-2” елді мекендеріне 2, жалпы саны 6 магистралды жобаның құрылысы аяқталып тапсырылған болатын.
Биыл “Нұртас су жинақтағыш” әлеуметтік нысаны бойынша 3 елді мекенде атап айтқанда,“ Қайнарбұлақ”, “Сайрам” және “Жаңақұрылыс” аумағындағы “Ақтас-2”-де құрылыс қарқынды жүргізілуде, жыл соңына дейін 1-еуі тапсырылса, 2 жоба жаңа жылға өтпелі.
Бүгінгі таңда Қаратау ауданының 91,6 %- сапалы ауыз суды тұтынады. 2023 жыл соңына қарай, аталған нысандардағы құрылыс жұмыстары толық аяқталса, жергілікті халық сапалы ауыз сумен 100% қамтылады”-деді аудан әкімі.
Аудан аумағында кәріз жүйесімен қамтамасыз ету мақсатында былтыр “Мирас” және “Тұран” ішкі магистралы бойынша 2 жобаның жұмысы басталған.
Биыл бұл тізімге “Асар-2”, “Тассай”, “Достық” елдімекендері қосылып, аудан көлемінде жалпы 5 жобаның құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Жалпы аудан көлемінде кәрізбен қамту көрсеткіші 42,7 %-ды құрап отыр.
2023 жылы ішкі жүйелер бойынша “Тұран”, “Тассай”, “Асар-2”, “Нұртас”, “Достық”, “Ақжайық” елдімекендерінде 6 жобаның құрылысын аяқтап, кәріз жүйесімен қамту көлемін 57,9 %-ға дейін жоғарылату жоспарлануда. 2025 жылға дейін 65 % кәріз жүйесімен қамту көзделуде,-деді аудан басшысы Р. Мүлкеманов
Аудан әкімі аумақтағы табиғи газбен қамтамасыз ету жұмыстары жөнінде баяндады.
Естеріңізде болса, былтыр «Азат», «Асар-2», «Достық» елді мекендерінде, жалпы 4 жобаның құрылысы аяқталған болатын.
Биылғы тізім «Тұран», «Нұртас», «Тассай», «Қайнарбұлақ тұрғын алабы», «Қайнарбұлақ саяжайы» елдімекендерімен толығып, бірқатар жобалардың құрылыс жұмыстары жүргізілуде.
Р.Мүлкеманов 2025 жылға қарай аудан көлеміндегі табиғи газбен қамту көрсеткішін 100%-ға жеткіземіз деді.
Қосымша айта кететін жайт, Абай ауданына қарасты бірнеше елді мекендерде де инфрақұрылым жүйелері өз шешімін тапқан. Мәселен, Қатынкөпір шағын ауданында
5 302 отбасы қоныстанған. Халық саны 37 150 адамды құрайды. Бүгінде шағын ауданда, сапалы ауыз су, табиғи газ, сапалы электр қуатымен толық қамтамасыз етілген.
Жалпы саны 107 көшенің 75-і асфальт, 32-сі тас жол. Биыл Спатаев, Ирисмет ата, Айбек , Яссауи — 4 көше пайдалануға берілді. Жарықтандырылған көшелер саны – 18.
Сапалы интернетпен қамтамасыз ету мақсатында базалық станция орнатылған.
Ал халық саны 6 355 адамды құрайтын Солтүстік-батыс шағын ауданында бүгінде
181 отбасы қоныстанған. Мұнда сапалы электр қуаты, табиғи газ, және ауыз сумен толық қамтылған. Жалпы саны 39 көшенің 22-сі асфальт, 17-сі тас жол. Биыл Өріс тұйығы, Талас, Бектау жалпы 2 көше жөндеуден өткізілді. Өзекті көшесі пайдалануға берілді. Жарықтандырылған көшелер саны – 3. Шағын ауданды сапалы интернетпен қамтамасыз ету мақсатында талшықты оптика желісі орнатылған.
Самал-3 шағын ауданында 6 801 отбасы қоныстанған. Шағын аудан тұрғындары ауыз су, табиғи газ, және сапалы электр қуатымен толық қамтамасыз етілген шағын ауданда жалпы саны 63 көше бар. Оның 24-і асфальт, 39-ы тас жол. Биылғы жылы Б.Момышұлы (жалғасы 1,2,3,4) Құрманғазы, Қайсенов, Өскенбай, Ерубаев, Аманжолов, Баршын 6 көше жөндеуден өткізілген. Жарықтандырылған көшелер саны – 14. Сапалы интернетпен қамтамасыз ету мақсатында талшықты оптика желісі жүргізілген.
Мемелкет басшысы өзінің Шымкент қаласына жасаған сапарында Шымкент қаласы мегаполиске сай болуы керек. Қаладағы инфрақұрылм мәселесі алдағы уақытта түбегейлі шешуілуі тиіс деп нақ тылап тапсырма берген болатын. Иә, бүгінде Президент тапсырмасын жүзеге асыруда қарқынд жұмыстар жүргізіліп, жоспарлы түрде кезең-кезеңімен, үздіксіз жүзеге асуда.












