Отан алдындағы борышын өтеу үшін Шымкенттің механикаландырылған бригадасына Атырау облысынан 20 сарбаз келді. Олардың барлығы күзгі әскерге шақыру науқаны аясында іріктелген. Әскери оркестрдің шеруімен саптық алаңда сарбаздар қатарына шақырылғандарды бөлім командирі, подполковник Дастан Мұхамеджанов қарсы алды. Ол болашақ сарбаздарға қызмет ететін бөлімнің тарихы туралы айтып, оларды жас толымның әкімшілігімен таныстырды.
Алдағы бір айдың ішінде олар жалпы әскери дайындықтың негізгі пәндері бойынша білім алады. Олармен саптық, дене шынықтыру, атыс, әскери-медициналық даярлық, жалпыәскери жарғылар және әскери қызмет қауіпсіздігінің негіздері бойынша сабақтар өткізіледі. Жас толымның жиыны әскери ант қабылдау рәсімімен аяқталады.









