Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Жолдауында бұқаралық спортты дамыту мәселесіне аса назар аударды. Осыған орай, Шымкент қаласында Жастар лигасының ашылу салтанаты өтті. Бұл жоба қалада үшінші рет ұйымдастырылып отыр. Мақсат — мектеп оқушыларын салауатты өмірге баулып, ҚР чемпионаттарына команда жасақтауды көздейді.
Жастардың оқуымен қатар, спортпен айналысуына қолайлы жағдай жасау – мемлекеттің басты міндеті. Осы орайда, Шымкент қаласының әкімі М.Әйтеновтің бастамысымен, жалпы орта білім беру мекемелері арасында «Шымкент жастар лигасы» басталған болатын. Биыл үшінші рет өткізіліп отырған шарада 6 мыңға жуық спортшы, яғни 138 мектептен 514 команда қатысып, футбол, баскетбол, волейбол, шахматтан бақ сынамақ.
Бүгін ІІІ маусымның салтанатты ашылуында ІІ маусымның жүлдегер мектептері марапатталды. Жеңімпаз 4 командаға су жаңа автокөліктің кілттері табысталды.
Айтып өтейік, былтырғы додада Шахмат бойынша Өмірбек Жолдасбеков атындағы №9 IT мектеп-лицейі топ жарды. Баскетболдан М.Х.Дулати атындағы №8 мектеп – гимназиясы, Ал волейболдан 129 команда арасында Әл-Фараби атындағы №113 жалпы орта білім беретін мектебі жеңімпаз болды. Сондай ақ футболдан Ы. Алтынсарин атындағы 65 мектеп гимназияның оқушылары чемпион атанды.
Рәсімді салтанатты түрде ашқан қала басшылығының айтуынша, аталмыш лигасы — республика бойынша үздік жоба атанып, кең қолдауға ие болған. Бұл жоба жастарды патриот, отансүйгіш, елжанды етіп тәрбиелеуге септігін тигізбек. Спорттың әр түрінен жеңімпаз атанған команданы алдағы уақытта 80 миллион теңге көлемінде қаржылай сыйлық күтіп тұр.












