Қазақстанның әр өңірінен келген медицина қызметкерлері үшінші мегаполистегі жедел медициналық жәрдем көрсету стансасы сall-орталығының жұмысымен танысты, деп хабарлайды «Айғақ» ақпараттық порталы. Халықаралық стандарттарға сай жаңартылған 103 орталығы – еліміздегі үздік мекемелердің бірі. Орталықтағы қоңырауларды басқару үшін PRI арнасының үздіксіз байланыс желісі мен спутниктік бақылау жүйесі (GPS) және мобильді интернет технологиясы қолданылады. Ең бастысы, шақыртуға баратын жедел жәрдем көліктерінің барлығы қажет жабдықтармен толық қамтылған. Мұндағы симулициялық орталықта халықаралық стандарттар бойынша шұғыл көмек көрсету әдістерін тегін толықтай меңгеріп, тәжірибе жинақтауға мүмкіндік бар. Бұл оқыту орталығының ерекшелігі – тек медицина мамандары ғана емес, түрлі апатты жағдайдағы шақыртуға баратын төтенше жағдай қызметкерлері мен полицейлер, ұстаздар және басқа сала мамандары шұғыл және өмірге қауіп төндіретін жағдайларда алғашқы көмек көрсету бойынша үйрене алады.
Өзге өңірден келген медицина мамандарды үшінші мегаполистегі жедел жәрдем орталығындағы симулиялық орталықтың толықтай мүмкіндігімен танысып шықты. Сондай-ақ, оқуту орталығындағы жаттықтырушыларға сұрақтарын қойып, пікір алмасты. Айта кетейік, Қазақстанның барлық өңірінен келген жедел жәрдем қызметкерлері Шымкент маңындағы республикалық конкурсқа қатысуға келді. Байқау алдында Шымкенттегі әріптестерінің жұмысымен танысқан болатын.









