• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Жұма, Желтоқсан 26, 2025
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Айғақ TV

БЫЛТЫР ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНАН ТЕРІСКЕЙГЕ «ЕҢБЕК» БАҒДАРЛАМАСЫМЕН МЫҢҒА ЖУЫҚ ОТБАСЫ ҚОНЫС АУДАРҒАН

06.09.2022
0
 
      Былтыр оңтүстік өңір тұрғындары «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасымен Павлодар облысына қоныс аударған болатын, деп хабарлайды Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі.  Ал жалпы 2021 жылы Солтүстік өңірлерге Түркістан облысынан 847 отбасы, яғни 3779 тұрғын көшіп барған. Бұл жалпы республика бойынша көшкендердің 30 пайызын құрайды. Оның ішінде Павлодар облысына – 550 отбасы (2700 адам), Солтүстік Қазақстан облысына – 206 отбасы (837 адам), Қостанай облысына – 55 отбасы (161 адам), Шығыс Қазақстан облысына – 36 отбасы (81 адам) көшкен. Олардың 1869-і еңбекке қабілетті, ал тұрақты жұмыспен қамтылғандары 1294 адам. Сонымен қатар 397 адам жеке кәсібін ашса, ал қалған 178-і үй шаруасында. Қазіргі таңда олар баспанамен және тұрақты жұмыспен қамтылып, көші-қон субсидиясына ие болып отыр.
      Мемлекеттік бағдарлама аясында қоныс аударушылар қатары жыл сайын артып келеді. 2022 жылдың 7 айында «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» ұлттық жобасы аясында Солтүстік өңірлерге тағы 270 отбасы қоныс аударған. Яғни, 951 тұрғын Теріскейге көшіп, жаңа өмір бастады. Ал жалпы биыл республика бойынша жоба аясында Түркістан облысына 6424 квота бөлінген.
Түркістандықтардың басым бөлігі Павлодар облысын таңдаған. Бұл өңірге 131 отбасы (401 адам) көшіп, бұл 42,16 пайызын құрап отыр. Солтүстік Қазақстан облысына 109 отбасы (469 адам), Қостанай облысына 23 отбасы (65 адам) көшкен. Жалпы 14,8 пайыз құрап, осы көрсеткіш бойынша Түркістан облысы республикада бірінші орында тұр.
     Көшіп барған тұрғындармен кездесу және сондағы бос тұрған үйлер мен жерлер туралы (жайылымдарға), сондай-ақ қоныс аударушыларға жасалған жағдаймен танысу мақсатында Түркістан облысы әкімдігінің ұйытқы болуымен бір топ делегация Павлодар облысына барды. Делегеция құрамына Түркістан облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының қызметкерлері, кәсіпкерлер, әрбір аудан мен қалада көші-қонға жауапты бекітілген мамандар мен журналистер бар. Павлодар облысына ат басын бұрған жұмыс тобы «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасымен қолдау көрсетілген отбасылардың тұрмыс-тіршілігімен танысты.
   Оңтүстік өңірде жұмыссыздар саны көп болса, ал Павлодарда жұмыс күші тапшы. Оларға Теріскейде қ олайлы жағдай жасалуда. Қолдауға ие болғандардың бірі – Түркістан облысы, Сарығаш ауданынан Заңғар ауылына көшіп келген Шерзат Райымбеков. Оның айтуынша солтүстікте өмір сүруге, тіршілік жасауға барлық жағдай жасалған. Тек ерінбей жұмыс істесең болғаны. Шерзат бау-бақшаның қыр-сырын жақсы меңгергендіктен жылыжаймен айналысуды жөн көрген. Кәсіпкер отбасы қияр мен қызанақтан бөлек қауын, шалғам егіпті. Бүгінде үш соттық жерден үш миллион табыс тапқан.
Павлодар ауданында да көшіп келушілердің жағдайын арттыруға арналған жұмыс қарқынды.
     -«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы жүзеге асырылғаннан бастап өңірлік квота аясында Павлодар облысына Түркістан облысынан 2700 адам келді. Биыл «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» ұлттық жобасы жүзеге асырылуда. Бүгінгі күнге дейін квота бойынша Түркістан облысынан 578 адам көшіп келді. Былтыр қоныс аударушыларға 354 пәтер берілген. Тұрғындардың барлығы толығымен көшіп келіп, тұрғылықты жері бойынша тұрып жатыр. Қоныс аударушыларға берілетін субсидия 35 айлық есептік көрсеткіштен 70 айлық есеп көрсеткішке дейін төленеді. Отбасы мүшелерінің әрқайсысына 214 мың теңге беріледі. Сондай-ақ қоныс аударушыға он екі ай бойы ай сайын тұрғын үйді жалдау (жалға алу) және коммуналдық қызметтерге ақы төлеу бойынша материалдық көмек ұсынылады, – деді Павлодар облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Гаухар Байтілесова.
     Бүгінгі таңда Павлодар облысы ауыл шаруашылығы мамандарына, білім саласына, дәрігерлерге, техникалық мамандықтарға және қызмет көрсету саласының мамандарына мұқтаж. Өңірлік квотоның басты шарты – әр отбасының бір мүшесі міндетті түрде жұмыспен қамтамасыз ету. Сондай-ақ мұнда жұмыс беруші қоныс аударушыларды тұрғын үймен қамтамасыз еткен жағдайлар да болған. Өкінішке орай, биыл жоба аясында бос үйлер жоқ.
      Тереңкөл ауданы Жұмыспен қамту орталығының директоры Әділет Жұмабекұлы Жаңабет ауылында мұғалімдер тапшы екенін айтты.
     «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы бойынша 10-ға жуық отбасы Арыс қаласынан қоныс аударды. «Еңбек» бағдарламасы аясында үш үй салынып, 6 отбасы қоныс аударды», – деді Ә. Жұмабекұлы.
Түркістандық делегация Павлодар облысының ауылдарындағы тұрғындардың жағдайын біліп қана қоймаймай, көші-қон саясатына қатысты ұсыныстарды саралады. Бұл бағытта алдағы уақытта да жұмыс жалғасын табатын болады.
БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫ БАСТАЛДЫ

АЗЫҚ-ТҮЛІК БАҒАСЫ БАҚЫЛАУҒА АЛЫНДЫ

Айғақ медиа
22.12.2025
0

Үшінші мегополисте инфляцияны тежеу мақсатында азық-түлік бағасы ырықтандырылды .Қала әкімдігі мен кәсіпкерлер арасында 100-ден астам меморандумға қол қойылып, әлеуметтік маңызы...

ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫ БАСТАЛДЫ

МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ ЖАНДАРҒА АРНАЛҒАН ИННОВАЦИЯЛЫҚ ЖОБА

Айғақ медиа
22.12.2025
0

Сал ауруымен ауыратын балалар үшін жаңа мүмкіндік . Shymkent hub орталығында Startup Orda бағдарламасының қатысушылары өздігінен жүретін интерактивті арба жасап...

ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫ БАСТАЛДЫ

СПОРТШЫЛАР ЖЕҢІСПЕН ОРАЛДЫ

Айғақ медиа
22.12.2025
0

Абу-Дабиде өткен “WAKO 2025” әлем чемпионатында шымкенттік спортшылар ел намысын абыроймен қорғады. 85 елден жиналған 1600-ден аса қатысушы арасынан біздің...

ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫ БАСТАЛДЫ

ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫ БАСТАЛДЫ

Айғақ медиа
22.12.2025
0

Қазақ күресінен ересектер арасында ел чемпионаты басталды. Дүбірлі додаға еліміздің 20 өңірінен келген білекті балуандар жиналып, боз кілемде бақ сынауда....

МӘСЛИХАТТЫҢ 30-ШЫ СЕССИЯСЫ ӨТТІ

ДӘРІ-ДӘРМЕКПЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ТҰРАҚТЫ ЖҮРГІЗІЛЕДІ

Айғақ медиа
22.12.2025
0

Шымкент қаласындағы медициналық ұйымдарда амбулаториялық деңгейде тегін рецептпен халықты қамтамасыз ету үшін 15 млрд теңгеден астам дәрілік қор бар, бұл...

МӘСЛИХАТТЫҢ 30-ШЫ СЕССИЯСЫ ӨТТІ

МӘСЛИХАТТЫҢ 30-ШЫ СЕССИЯСЫ ӨТТІ

Айғақ медиа
22.12.2025
0

Шымкент қаласы мәслихатының 30-шы сессиясында қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуына тікелей ықпал ететін маңызды мәселелер қаралды. Сессияда кәсіпкерлікті қолдау, салық саясатын жетілдіру,...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.