• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Сәрсенбі, Шілде 16, 2025
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Айғақ TV

ТӨЛЕБИЛІК ОҚУШЫЛАР КІТАПТАН ТАПШЫЛЫҚ КӨРМЕЙДІ

26.08.2022
0

Төлеби ауданының бүлдіршіндерінен бастап түлектеріне дейін енді оқулықтан тапшылық көрмейді. Ауданның адами әлеуетін дамытуға бөлінген қаржы да едәуір өскен. Бұл туралы “Білімді ұлт: терең білім, еңбекқорлық және отаншылдық қасиет” тақырыбындағы педагогтердің тамыз кеңесінде айтылды. Ұрпақты тәрбиелейтін ұстаздардың жиынында өткен оқу жылы қорытындыланып, өңірдегі білім беру жүйесін жетілдірудегі негізгі мақсаттар межеленді. Жалпылама жоспар ғана айтылмай, білімдегі өзекті мәселелер талданып, кем тұстары да көпшіліктің талқысына түсті.

Тамыры тереңге кеткен, білімнің бастауына жетелейтін тамыз кеңесі Төлеби ауданында жалғасын тапты. Алдымен, өткен жылы жеткен жетістіктер сараланып, кемшіліктер де жарияланды. Ауданның білім ұялары басшылары мен ұстаздардың басын қосқан кеңеске аудан әкімі Төлеген Телғараев қатысып, алғы сөзді өзі бастады.

Биыл Төлеби ауданындағы барлық мектеп оқушылары 100 % кітаппен қамтылады. Ауданның білім саласын дамытуға 16 млрд теңге бөлініпті. Ол қаржы Төлебиден жаңа мектептер салуға, қайта жөндеуден өткізуге, арнайы сынып кабинеттерін жабдықтауға сынды білім саласын қамтитын барлық қажеттілікке жұмсалады. Осы тұста ауданның пән кабинетімен жабдықталуы әзірге 59 %-ды құрағанын айтып өткен жөн. Мінбердегі сөзді жалғаған аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімі басшысының міндетін атқарушы Ардақ Мәдіханқызы ауданның білімдегі озығы мен кенде келе жатқан тұстарына тоқталды. Айталық, аталған өңірде республикадағы үздік 100 мектеп қатарына қосылған білім ұясы бар. Сондай-ақ, білім сапасының өткен жылмен салыстырғанда 0,4% өскенін, алайда бұл төмен көрсеткіш екенін айтты.

Әр жаңа оқу жылында алға қоятын басты мақсат — білім сапасын арттыру. Жаңа Қазақстандағы алғашқы тамыз кеңесінде ауыз толтырып айтарлық жаңалық та жоқ емес. Білімдегі биіктерді бағындыру туралы жаңашылдықты өзгеден іздемей, республикада топ жарып жүрген жергілікті ұстаздардан бастап үйренуіміз керек. Түркістан облыстық әдістемелік орталығының директоры Бақытжан Төлімбет осылай дейді. Бұл мақсатта “45 минут” бағдарламасы мен “Директорлар дебаты”сынды бағдарламалар қарастырылып жатыр екен.

Білім сапасын жақсартуда педагогтердің біліктіліктерін ұдайы арттырып отыру маңызды. Білгенін оқушыға үйрету, оны заман ағымына сай білікті азамат ретінде қалыптастыру ұстаздың міндеті. Шара барысында түрлі тақырыпта баяндама оқылды. Сондай-ақ, ұлы қызметте ұлағатты маман атанып жүрген бір топ ұстаздар құрметке бөленді. Төлебилік мұғалімдер Түркістан облысы әкімінің арнайы алғыс хатымен марапатталды. Сондай-ақ, ауданның 90 жылдық мерейтойы қарсаңында Төлеген Тұртайұлы да ағартушылық қызметті атқарып жүрген жандарға алғыс хат табыстап, мерекелік төсбелгі тақты.

Ал, оқу-ағарту министрлігінің алғысы және кәсіподаққа еңбегі сіңген елеулі жандарды облыстық адами әлеуетті дамыту басқармасы басшысының орынбасары Ардақ Садықова табыстады .

Тамыз кеңесі барысында аудан әкімі мен жергілікті білім бөлімінің мамандары ауданның абыройын облыс, республикада асқақтатып жүрген жас дарындардың да жұмысымен танысты.

Жыл сайын жаңа оқу жылы қарсаңында өткізілетін тамыз кеңесі ұстаздар үшін маңызды жиын. Маңыздылығы — алдағы бір жылға мақсат-жоспарларды бағдарлап, міндеттерді айқындауында.

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

МӘЖІЛІСМЕН ТЖД ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

МӘЖІЛІСМЕН ТЖД ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

Айғақ медиа
09.07.2025
0

Шымкент қаласында алты жаңа өрт сөндіру бөлімі салынады. Бұл туралы ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты мегаполиске жұмыс сапары барысында келгенде айтылды....

ҚОСЫМША БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ЖАҢА ТАЛАПТАР

АСПАЛЫ ЖОЛ ӨТКЕЛІ АЯҚТАЛУҒА ЖАҚЫН

Айғақ медиа
09.07.2025
0

Сенаторлар Шымкент қаласындағы теміржол өткелінің құрылыс жұмысымен танысты.Еңбекші ауданындағы Момынов көшесінің бойында салынып жатқан аспалы жол өткелі қаладағы көлік кептелісін...

ҚОСЫМША БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ЖАҢА ТАЛАПТАР

ҚОСЫМША БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ЖАҢА ТАЛАПТАР

Айғақ медиа
09.07.2025
0

 Қосымша білім беретін кәсіпкерлерге мемлекет тарапынан жаңа талаптар енгізілді. Енді үйірмелерге қатысатын балалар саны шектеледі, сондай-ақ бұдан былай ерекше балаларды...

СОТ САРАПТАМА ОРТАЛЫҒЫНА ҚОЛДАУ ҚАЖЕТ

СОТ САРАПТАМА ОРТАЛЫҒЫНА ҚОЛДАУ ҚАЖЕТ

Айғақ медиа
09.07.2025
0

Елімізде генетикалық сараптама жасайтын 5 қана орталық бар. Соның бірі Шымкентте. Орталыққа Полиция департаменті мен азаматтық соттардан сұраныс өте көп...

ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУДА ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘСЕЛЕЛЕР КӨТЕРІЛДІ

ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУДА ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘСЕЛЕЛЕР КӨТЕРІЛДІ

Айғақ медиа
09.07.2025
0

Сенат депутаттары Нұрлан Бекназаров пен Айгүл Қапбарова қала тұрғындарымен жеке қабылдау өткізді. Қоғаммен тікелей байланыс орнату мақсатында өткен бұл кездесу...

ШАҺАРДЫҢ БІРЫҢҒАЙ ДИЗАЙН КОДЫН МӘСЛИХАТ БЕКІТЕДІ

ШАҺАРДЫҢ БІРЫҢҒАЙ ДИЗАЙН КОДЫН МӘСЛИХАТ БЕКІТЕДІ

Айғақ медиа
09.07.2025
0

Шымкент қаласының біртұтас дизайн кодын енді жергілікті мәслихат депутаттары бекітетін болады. Арнайы ереже арқылы шаһардың заманауи келбеті қалыптасып, жайлы, қолжетімді...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.