• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Жұма, Желтоқсан 26, 2025
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Айғақ TV

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ 11 БІЛІМ ҰЯСЫ РЕСПУБЛИКАДАҒЫ 100 ҮЗДІК МЕКТЕПТІҢ ҚАТАРЫНДА

25.08.2022
0

    Бүгін Түркістан қаласында «Білімді ұлт: терең білім, еңбекқорлық және отаншылдық қасиет» тақырыбындағы облыстық тамыз педагогикалық кеңесі өтті, деп хабарлайды Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі. Кеңес алдында облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев аудан, қалалардан келген бір топ ұстазды арнайы қарсы алып, Түркістанды аралатты. Жаңа нысандарды көрсетіп, жоспарларды баяндады. Одан кейін өңір басшысы мен ұстаздар «Конгресс Холл» көпсалалы кешенінің маңында ұйымдастырылған кітап көрмесі мен жергілікті жастар құрастырған роботтарды, жобаларды тамашалады. Тамыз кеңесін «BILIM MEDIA GROUP» ЖШС директоры Рауан Кенжеханұлы жүргізіп отырды. Сонымен бірге кеңеске «Назарбаев зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының төрайымы Күләш Шамшидинова мен білікті ұстаздар қатысты. Білім саласындағы мәселелер талқыланып, жоспарлар баяндалған жиында облыс әкімі барша ұстаздар қауымына жылы лебізін білдіріп, жұмыстарына сәттілік тіледі.

– Жаңа Қазақстанның ең үлкен үміті мен ең басты тірегі – білімді ұрпақ. Биыл облысымыздың білім саласына бөлінген қаржы өткен жылмен салыстырғанда 11 пайызға өсті. Былтыр республикада 200 мектеп салынса, соның төрттен бірі біздің өңірде бой көтерді. Биыл 57 мектептің құрылысы жүруде, жыл соңына дейін 34-і тапсырылады. Бұндай көрсеткіш бұрын болмаған. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес «Жайлы мектеп» ұлттық пилоттық жобасы аясында үш ауысымды, апатты мектептерді толығымен жою көзделіп отыр. Сондай-ақ 300, 600, 1200 және 2500 орындық жаңа мектептер салу жоспарланды. Осы құрылыстың нәтижесімен облыстың 65 мыңға жуық оқушысы жаңа типті мектепте оқиды. Облыстық бюджет және «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы аясында 32 мектепті күрделі жөндеуден өткізуге қаржы бөлінді. Мемлекет тарапынан облысымыздың орта білім беру ұйымдарына қажетті қаржы қаралып, жаңа оқу ғимараттармен, материалдық-техникалық және оқу құралдарымен қамтамасыз етіліп, жағдай жасалуда. 2021 жылы қыркүйек айында Түркістан қаласында 720 орынға арналған химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі ашылып, 500 оқушы қабылданды. Қосымша біліммен қамту облыста 70 пайызға жетті. Осы бағытта өткен жылы Түркістан қаласында «Оқушылар сарайы», «Ақжайық» саз мектебі және «FabLab» (лабораториялар фабрикасы) ашылып, 3500-ге жуық оқушы қосымша біліммен қамтылуда. Біз мұнымен тоқтап қалмаймыз. Әр баланың бос уақытын тиімді пайдалануға ерекше көңіл бөлеміз. Осындай игі шаралардың нәтижесінде өңірде жасөспірімдер арасындағы қылмыс пен құқықбұзушылық 26 пайызға төмендеді. Бұдан бөлек, ұлттық құндылықтарды отбасылық, рухани-адамгершілік тәрбиені дамытуға ата-аналардың жауапкершілігін арттыруға тікелей ықпал ететін 1000-нан «Аналар», «Әкелер», «Ардагерлер» кеңестерінің жұмысын ерекше атап өту керек. Алдағы жаңа оқу жылының табысы мен жетістіктері мол болып, шығармашылыққа және қуанышқа толы болсын, – деген Ө.Шөкеев еңбегімен дараланған бір топ ұстазға өз атынан Алғыс хаттар тапсырды. Сонымен бірге түркістандық мұғалімдерге  ҚР Оқу-ағарту министрлігінің марапаттары да тапсырылды.

    Түркістан облыстық білім басқармасының басшысы Д.Болатханұлының айтуынша, өңір жаңа оқу жылына сақадай-сай. Биыл Түркістан облысындағы мектептерде 510 мыңнан аса оқушы білім алады. Бұл – республикадағы ең үлкен көрсеткіш, әрбір 7-ші бала Түркістан облысында білім алады деген сөз. 2021-2025 жылдар аралығында үш ауысымды және апатты  мектептердің мәселесін, мектептердегі оқушы орнының тапшылығын жою мақсатында облыста кезең-кезеңімен 199 мектептің  құрылысын салу жоспарланған. Мемлекеттік бюджеттен бөлек орта білім саласын жеке сектордың инвестициялауы арқылы дамыту қарқынды жүргізілуде. 2021 жылмен салыстырғанда жекеменшік мектептер саны 17-ге  артып (31%), бүгінгі таңда облыста 56-ға жетіп отыр. Облыста 1406 мектепке дейінгі ұйым қызмет етуде. Түркістан облысы республикада балабақша ашу көрсеткіші бойынша да алдыңғы орында.

   Тамыз кеңесінде білім сапасын арттыру, «TURKISTAN BILIMI» стратегиялық даму жоспары әзірлеу, кітапханаларды цифрландыру, ұстаздардың білімін арттыру, мектеп тапшылығын жою және өзге де мәселелер талқыланып, маңызды баяндамалар жасалды. Ұстаздардың кеңесі талантты оқушылардың  концерттік бағдарласымен өрнектелді. Айта кетейік, өткен оқу жылының қорытындысы бойынша оқушылардың үлгерім сапасы 69,4 пайызды құрап, алдыңғы оқу жылымен салыстырғанда 5,7 пайызға өскен. Ұлттық бірыңғай тестілеу нәтижесі бойынша республика көлемінде «100 үздік мектеп» тізіміне Түркістан облысының  11 мектебі енді. Бұл көрсеткіш бойынша Түркістан облысы республикада екінші орында тұр.

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫ БАСТАЛДЫ

АЗЫҚ-ТҮЛІК БАҒАСЫ БАҚЫЛАУҒА АЛЫНДЫ

Айғақ медиа
22.12.2025
0

Үшінші мегополисте инфляцияны тежеу мақсатында азық-түлік бағасы ырықтандырылды .Қала әкімдігі мен кәсіпкерлер арасында 100-ден астам меморандумға қол қойылып, әлеуметтік маңызы...

ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫ БАСТАЛДЫ

МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ ЖАНДАРҒА АРНАЛҒАН ИННОВАЦИЯЛЫҚ ЖОБА

Айғақ медиа
22.12.2025
0

Сал ауруымен ауыратын балалар үшін жаңа мүмкіндік . Shymkent hub орталығында Startup Orda бағдарламасының қатысушылары өздігінен жүретін интерактивті арба жасап...

ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫ БАСТАЛДЫ

СПОРТШЫЛАР ЖЕҢІСПЕН ОРАЛДЫ

Айғақ медиа
22.12.2025
0

Абу-Дабиде өткен “WAKO 2025” әлем чемпионатында шымкенттік спортшылар ел намысын абыроймен қорғады. 85 елден жиналған 1600-ден аса қатысушы арасынан біздің...

ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫ БАСТАЛДЫ

ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫ БАСТАЛДЫ

Айғақ медиа
22.12.2025
0

Қазақ күресінен ересектер арасында ел чемпионаты басталды. Дүбірлі додаға еліміздің 20 өңірінен келген білекті балуандар жиналып, боз кілемде бақ сынауда....

МӘСЛИХАТТЫҢ 30-ШЫ СЕССИЯСЫ ӨТТІ

ДӘРІ-ДӘРМЕКПЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ТҰРАҚТЫ ЖҮРГІЗІЛЕДІ

Айғақ медиа
22.12.2025
0

Шымкент қаласындағы медициналық ұйымдарда амбулаториялық деңгейде тегін рецептпен халықты қамтамасыз ету үшін 15 млрд теңгеден астам дәрілік қор бар, бұл...

МӘСЛИХАТТЫҢ 30-ШЫ СЕССИЯСЫ ӨТТІ

МӘСЛИХАТТЫҢ 30-ШЫ СЕССИЯСЫ ӨТТІ

Айғақ медиа
22.12.2025
0

Шымкент қаласы мәслихатының 30-шы сессиясында қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуына тікелей ықпал ететін маңызды мәселелер қаралды. Сессияда кәсіпкерлікті қолдау, салық саясатын жетілдіру,...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.