• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Бейсенбі, Қазан 30, 2025
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Айғақ TV

ӨМІРЗАҚ ШӨКЕЕВ ҰСТАЗДАРҒА ЖАҢАРҒАН ТҮРКІСТАНДЫ КӨРСЕТІП, ЖОБАЛАРДЫ ТАНЫСТЫРДЫ

25.08.2022
0

    Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев тамыз кеңесіне келген өңірдің үздік ұстаздарымен бірге облыс орталығындағы білім сапасына, балаларды дамытуға әсер ететін оқу — ағарту ошақтарына экскурсия жасады, деп хабарлайды Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі. Барлық аудан, қалалардан жиналған педагогтар тәжірибе жинақтау мақсатында Түркістан қаласында орналасқан білім ордаларында, қосымша білім беру, спорт нысандарында болды. «Farab» кітапханасында, оқушылар сарайы мен теннис орталығы мен ескек есу каналына және «Назарбаев Зияткерлік мектебін» аралап, ондағы жаңашылдыққа куә болды. Ерекше форматта басталған тамыз кеңесі аясында арнайы көрме ұйымдастырылды.

   Жарты миллионға жуық кітап қоры бар «Farab» кітапханасындағы заманауи техникамен жабдықталған «Fablab» шеберханасы желісін Кентау, Арыс және Ленгір қалаларында ашу көзделген. Бұл – мектептегі еңбек пәнінің жаңа үлгісін көрсететін шығармашылық орталық. Өңірдің 17 аудан, қаласында тірек мектептер жасақталатын болады. Жоба аясында НЗМ мектептерінің әлеуетін 17 тірек мектебіне енгізіп, оқу-әдістемелік сүйемелдеу жүргізіледі. Осы жоба аясында педагогтердің сапалық құрамы мен мектептердің материалдық мүмкіндігі жақсарады деп күтілуде. НЗМ тәжірибесін таратуда маңызы бастамалар қолға алынады.

    Сондай-ақ облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев мұғалімдермен бірге шаһардағы спорт нысандарында болды. Жас ұрпақты тәрбиелеудегі басты мақсаттың бірі – спортқа баулу екенін айтқан өңір басшысы, балалар білімді әрі дені сау болып өсуі үшін жан-жақты дамуы керек екенін жеткізді. – Өздеріңіз жаңа көрген «Farab» кітапханасын салуда әлемнің дамыған елдерінің озық үлгілерін қолдандық. Мұнда жастар тек кітап оқып қана қоймай, шығармашылықпен айналысады. Ізденеді. «Fablab» шеберханасында оқушылар өз қолдарымен роботар, түрлі дүниелерді жасап шығарады. Осындай шеберханаларды барлық аудан, қалада ашуды жоспарлап отырмыз. Кітапханада Түркістанның тарихымен танысуға мүмкіндік бар. Түркістанның бірінші құндылығы – Қожа Ахмет Ясауи. Оның тарихи тұлғасы мен ілімі. Исламдағы орны. Жалпы қазақтың тарихында Ясауидің орны ерекше. Мемлекеттіліктің дамуына өз ізін қалдырған. Өздеріңіз секілді ұстаз болған тарихи тұлғаны халық айрықша жақсы көрген. Екінші құндылық – Қожа Ахмет Ясауи кесенесі. Бұл кесене – сәулет өнерінің жауһары. Бұған теңдес мавзолей әлемде жоқ деуге болады. Әрбір кірпіші есеппен қаланған. Өкінішке қарай, біз Ясауидің болмысын, оның рухани байлығын әлі толық білмейміз. Терең зерттелмеген. Сондықтан біз 27 қазанда Түркістанда халықаралық ғылыми конференция өткіземіз. Онда Ясауидің мұрасы мен тұлғасы және кесенесі туралы тың деректер айтылады. Зерттеледі. Шетелден тарихшылар келеді. Баршаңызды сол іс-шараға шақырамыз, – деген Өмірзақ Шөкеев спорт нысандарының да маңызын атап өтті. Түркістанда спорт саласына қолдау көрсетіліп жатқанын жеткізді.

    Түркістан облысында білім саласын дамытуға жіті көңіл бөлініп келеді. Ұлттық бірыңғай тестілеу нәтижесі бойынша республика көлемінде «100 үздік мектеп» тізіміне Түркістан облысының 11 мектебі енген. Бұл – үлкен жетістік. Түркістан облысының 961 орта білім беру ұйымында 510 мыңнан аса оқушы білім алады. Бұл еліміздегі ең үлкен көрсеткіш, әрбір 7-ші бала Түркістан облысында білім алады деген сөз. Қазақстан бойынша құрылымы жүріп жатқан 200 мектептің 47-сі Түркістан облысының еншісінде. Республикада бала-бақша ашу көрсеткіші бойынша да Түркістан облысы алдыңғы орында. Жаңа оқу жылында «Кибернет Академиясымен» бірге Түркістан мен Кентау қалаларында педагогтердің IT құзіреттілігі мен математикалық біліктігін дамытуға бағытталған «Математикаға дайындықтың жаңа технологиясы» бағдарламасын енгізу жоспарланып отыр. Бұл бағдарламада мұғалімдер РФМШ, Қазақ-Британ технологиялық университетінің әлеуетін пайдаланатын болады.

    Облыс бойынша 2025 жылға дейін «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында 324 мектептің кітапханаларын жаңғырту жоспарланған. Техникалық және кәсіптік білім беру саласын дамыту мақсатында колледждерге арнайы талаптар қойып отырмыз. Колледж басшыларының жұмыстарын бағалайтын КРІ жүйесі енгізіледі, оның ішінде өндіріс орындарымен бірлесе отырып кіші кәсіпорындар құру, бизнес-инкубаторлар ашу мәселесі, педагогтардың сапалық құрамын арттыру, түлектердің жұмысқа орналасу көрсеткіштерін жоғарылату шаралары қамтылатын болады.

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

КЕМЕР АУЫЛЫНЫҢ ШАРУАЛАРЫ КӨТЕРГЕН МӘСЕЛЕ НАЗАРДА

КЕМЕР АУЫЛЫНЫҢ ШАРУАЛАРЫ КӨТЕРГЕН МӘСЕЛЕ НАЗАРДА

Айғақ медиа
29.10.2025
0

Қазан айының 29-шы жұлдызында Ордабасы ауданында кезекті қоғамдық қабылдау өткіздім. "Amanat" партиясының филиалында өткен кездесуге алдын-ала 3 азамат жазылыпты. Кемер ауылының...

2026 ЖЫЛДАН БАСТАП МҰҒАЛІМДЕР МЕН ДӘРІГЕРЛЕРДІҢ САЛАСЫНА ҚЫРУАР ҚАРЖЫ БӨЛІНБЕК

2026 ЖЫЛДАН БАСТАП МҰҒАЛІМДЕР МЕН ДӘРІГЕРЛЕРДІҢ САЛАСЫНА ҚЫРУАР ҚАРЖЫ БӨЛІНБЕК

Айғақ медиа
27.10.2025
0

Мәжілістің жалпы отырысында Қаржы министрі Мәди Такиев “2026-2028 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы” заң жобасын таныстырып, алдағы үш жылға арналған...

ЕНДІ ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР АЛҒАШҚЫ ЖҮРГІЗУШІ КУӘЛІГІНЕ ӨТІНІШТІ ОНЛАЙН БЕРЕ АЛАДЫ

ЕНДІ ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР АЛҒАШҚЫ ЖҮРГІЗУШІ КУӘЛІГІНЕ ӨТІНІШТІ ОНЛАЙН БЕРЕ АЛАДЫ

Айғақ медиа
27.10.2025
0

Қазақстандықтар енді ХҚКО мобильді қосымшасы арқылы алғашқы жүргізуші куәлігін алуға өтініш бере алады. “Азаматтарға арналған үкімет” мемлекеттік корпорациясы процесс бар болғаны...

ЖҰМАТ ШАНИН РУХЫМЕН ӨРІЛГЕН ЖАҢА МАУСЫМ

ЖҰМАТ ШАНИН РУХЫМЕН ӨРІЛГЕН ЖАҢА МАУСЫМ

Айғақ медиа
22.10.2025
0

Ж.Шанин театры 97-ші маусымның шымылдығын түрді. Сахна құдіретін жанымен сезініп, театр өнерін биікке көтерген әртістер өткен маусымда ауыз толтырып айтарлық...

ЖАСТАРҒА ЖОЛ КӨРСЕТКЕН ҒАЛЫМ

ЖАСТАРҒА ЖОЛ КӨРСЕТКЕН ҒАЛЫМ

Айғақ медиа
21.10.2025
0

  Кәрімбек Құрманәлиев Оңтүстік Қазақстан зерттеу университетінің «Құрметті профессоры» атанды. Белгілі ғалым оқу ордасының студенттері, магистранттары және докторанттарымен кездесті. Кездесу...

СУ ЖЕЛІЛЕРІ ТОЛЫҚ ЖАҢАРТЫЛАДЫ

СУ ЖЕЛІЛЕРІ ТОЛЫҚ ЖАҢАРТЫЛАДЫ

Айғақ медиа
18.10.2025
0

Шымкент қаласында инженерлік инфрақұрылымды жаңарту жұмыстары қарқын алып келеді. Қала әкімдігінің «Су құбыры және канализация басқармасы» мекемесі инвестициялық бағдарлама аясында...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.