“Клиника Қазығұрт» медициналық орталығы- медициналық құрылғылар мен озық технологиялармен жабдықталып, 1 жыл ішінде науқастардың көңілінен шығып отыр. Халыққа сапалы медициналық қызмет көрсететін клиниканың 2-ші филиалы Мирас мөлтек ауданында бой көтерді. Заманауи үлгідегі жаңа медициналық орталықтың ашылу рәсіміне қала әкімінің орынбасары , жергілікті мөлтек аудан тұрғындары мен орталықтың мамандары қатысты. Шыңғыс Мұқан ақ халатты абзал жандардың жұмысына сәттілік тілеп, тұрғындардың игілігі үшін ашылған мекеменің қызыл «лентасын» қиды.
Медициналық көмек сапасын арттыру — мемлекеттік саясаттың алғашқы бағыты. Көз жанарыңызды тексертіп, офтальмолог дәрігердің алғашқы қарауы 4 000 болса, қайта тексерітен өту екі есе арзан. Балалар дәрігерінің қарауы да осы көлемде. Алайда, мемлекеттік әлеуметтік медициналық сақтандыру бойынша тегін емделуге мүмкіндік ала аласыз. «Клиникадағы қызметтер өз денсаулығымды тексеремін деген азамат үшін қалтаға қонымды»-дейді бас дәрігер. Әртүрлі санаттағы 90 маманы бар орталықта Қазығұрт мөлтек ауданы бойынша 13 000 тұрғын қызмет алады. Бүгінде су жаңа клиникада кез келген дертті емдеуге арналған құралдар жеткілікті. Тіпті, аптығы басылмаған аты жаман індетке қарсы аппараттар да кездеседі.
Кез келген мемлекеттің басты байлығы-адами капиталы. Медициналық орталықтың ашылу рәсіміне орай ашық есік күніне келген өңір тұрғындары да»Жаңадан ашылған орталық халық игілігі үшін қызмет етсін!»-деп өз ризашылықтарын жеткізуде.