“Экономикалық даму және кәсіпкерлікті қолдау қоғамдық кеңесінің» отырысы жүйелі есептен соң, сұрақ-жауап алаңына айналып, пікірлер талқыланды. Кәсіпкерлікті қолдау мемлекет үшін тиімді. Кезекті мәжілісте бас қосқан қоғамдық кеңестің күн тәртібінде «Аманаттың» сайлауалды бағдарламасын іске асыру бойынша бекітілген Жол картасының орындалуы сөз болды. Осыған сәйкес, Шымкент қаласының кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының баяндамасы тыңдалды.
“Аманат» партиясы жанынан құрылған арнайы жұмысшы топ өкілдері Шымкенттегі кәсіпорындардың жағдайын бақылап, олардың тіршілігімен танысып қайтқан еді. Нәтижесінде, өткен жиын барысында Республикалық маңызы бар қала бойынша индустриалды аймақта жұмысы тоқтаған кәсіпорындардың қайта іске қосылып, ісін дөңгелетуі кеңінен талқыланды. Тиісті басшыларға міндеттемелер де жүктелді.











