• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Жұма, Қазан 31, 2025
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Айғақ TV

ЖЕТІСАЙДЫҢ ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫ ЖАҚСАРЫП КЕЛЕДІ

13.08.2022
0

     Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев Жетісай ауданы тұрғындарымен кездесіп, ұсыныстары мен өтініштерін тыңдады, деп хабарлайды Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі. Өзекті мәселелер бойынша сұрақтарына жауап берді. Өңір басшысы алдыңғы кездесу нәтижесінде атқарылған жұмыстарға тоқталып, ел көтерген мәселелер шешімін тауып жатқанын жеткізді.

    – Биыл сәуірде өздеріңізбен кездесіп, тұрғындарды толғандырып жүрген әлеуметтік және басқа да өзекті мәселелерді талқыладық. Жалпы халықпен кездесу мен жеке қабылдау барысында 30-дан аса мәселе көтерілді. Оның басым бөлігі өз шешімін тапты. Жетісай қаласындағы 5 қабатты 6 тұрғын үйдің ауласын абаттандыру үшін қаржы бөлінді. Биыл құрылыс жұмыстары басталады. Ж.Ералиев ауылдық округінің елді мекендерінің ауыз су жүйелері мен су өлшеу шкафтарын, Ғ.Мұратбаев елді мекенінің ауыз су жүйелерін ағымдағы жөндеу жұмыстарына тиісті қаржы қарастырылып, жұмыс басталып кетті. Жылы су ауылдық округіне қарасты облыстық маңызы бар КХ – 9 автомобиль жолының бойынан ұзындығы 1,6 шақырымды құрайтын аяқ жол салу жұмыстары жүріп жатыр. Қыркүйекте жол тапсырылады. Республикалық бюджеттен Қарақай ауылдық округінде «Жетісай» газ тарату стансасын (АГТС) салу үшін тиісті қаржы бөлінді, – деді Өмірзақ Шөкеев.

     Қазір Жетісай ауданында жалпы құны 3,7 млрд. теңге құрайтын 4 мектептің құрылысы жүргізілуде. Жыл қорытындысымен 1 нысан пайдалануға тапсырылады, 3 нысан 2023 жылға өтпелі. Тұрғындарды үймен қамтамасыз ету мақсатында Жетісай қаласында 5 тұрғын үйдің құрылысы қолға алынған. Биыл пайдалануға беріледі. Бұдан бөлек, Жетісай қаласы аумағында 80 га жер теліміне инженерлік инфрақұрылым яғни, газ және кәріз жүйесін тарту жұмыстары жүріп жатыр. Ауданның инженерлік инфрақұрылым жүйесін дамыту мақсатында 3 елді мекенді ауыз сумен қамту жұмыстары басталған. Нәтижесінде Мақталы ауылдық округі, Мақталы елді мекені ауыз сумен қамтамасыз етіледі. «Ауыл – Ел бесігі» жобасы бойынша 35 жоба іске асып жатыр. Бұл – ауданның инфрақұрылымын дамыту әрі жақсарту бағытындағы жұмыстың күшейгенінің белгісі.

   Кездесу барысында өңір басшысына әлеуметтік нысандар салу, АӘК алу, әлеуметтік жағдайды жақсарту бағытында сұрақтар қойылып, өтініштер айтылды. Одан кейін өңір басшысының жеке қабылдауында да тұрғындар өз ұсыныстарын айтып, мәселелер көтерді. Әрбір ұсыныс назарға алынып, заң аясында жұмыс жүргізіледі. Осы жұмыс сапарында облыс әкімі Ж.Ералиев ауылдық округіндегі «Нұралы жол-Ж» шаруа қожалығының мақталық алқабының жұмысымен танысты. 500 гектарға жуық жері бар шаруа қожалығында биыл 180 гектар мақта, 277 гектар бақша дақылы, 30 гектар жоңышқа, 10 гектар дәндік жүгері егілген. 60-қа жуық адам жұмыспен қамтылған. Шаруа қожалығында шаруалармен кездескен Ө.Шөкеев егістікті әртараптандыру, ағын суды үнемдеу, тамшылатып суғару және жаңбырлатып суғару технологиясын кеңінен енгізу жөнінде пікір алмасты.

     Биыл аудан бойынша жалпы 79,3 мың гектар жерге ауыл шаруашылығы дақылдары егілген болса, оның ішінде мақта 49,5 мың гектар алқапты қамтып отыр. Өңірде отандық және Түркия, Өзбекстан мен Қытай елдерінен тасымалданған 1626,3 тонна шит дайындалған. Өнімділік деңгейін арттыру үшін зиянкестермен күрес шаралары мен жаппай суғару жұмыстарына арнайы бірнеше семинар-жиындар жүргізілген.

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

КЕМЕР АУЫЛЫНЫҢ ШАРУАЛАРЫ КӨТЕРГЕН МӘСЕЛЕ НАЗАРДА

КЕМЕР АУЫЛЫНЫҢ ШАРУАЛАРЫ КӨТЕРГЕН МӘСЕЛЕ НАЗАРДА

Айғақ медиа
29.10.2025
0

Қазан айының 29-шы жұлдызында Ордабасы ауданында кезекті қоғамдық қабылдау өткіздім. "Amanat" партиясының филиалында өткен кездесуге алдын-ала 3 азамат жазылыпты. Кемер ауылының...

2026 ЖЫЛДАН БАСТАП МҰҒАЛІМДЕР МЕН ДӘРІГЕРЛЕРДІҢ САЛАСЫНА ҚЫРУАР ҚАРЖЫ БӨЛІНБЕК

2026 ЖЫЛДАН БАСТАП МҰҒАЛІМДЕР МЕН ДӘРІГЕРЛЕРДІҢ САЛАСЫНА ҚЫРУАР ҚАРЖЫ БӨЛІНБЕК

Айғақ медиа
27.10.2025
0

Мәжілістің жалпы отырысында Қаржы министрі Мәди Такиев “2026-2028 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы” заң жобасын таныстырып, алдағы үш жылға арналған...

ЕНДІ ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР АЛҒАШҚЫ ЖҮРГІЗУШІ КУӘЛІГІНЕ ӨТІНІШТІ ОНЛАЙН БЕРЕ АЛАДЫ

ЕНДІ ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР АЛҒАШҚЫ ЖҮРГІЗУШІ КУӘЛІГІНЕ ӨТІНІШТІ ОНЛАЙН БЕРЕ АЛАДЫ

Айғақ медиа
27.10.2025
0

Қазақстандықтар енді ХҚКО мобильді қосымшасы арқылы алғашқы жүргізуші куәлігін алуға өтініш бере алады. “Азаматтарға арналған үкімет” мемлекеттік корпорациясы процесс бар болғаны...

ЖҰМАТ ШАНИН РУХЫМЕН ӨРІЛГЕН ЖАҢА МАУСЫМ

ЖҰМАТ ШАНИН РУХЫМЕН ӨРІЛГЕН ЖАҢА МАУСЫМ

Айғақ медиа
22.10.2025
0

Ж.Шанин театры 97-ші маусымның шымылдығын түрді. Сахна құдіретін жанымен сезініп, театр өнерін биікке көтерген әртістер өткен маусымда ауыз толтырып айтарлық...

ЖАСТАРҒА ЖОЛ КӨРСЕТКЕН ҒАЛЫМ

ЖАСТАРҒА ЖОЛ КӨРСЕТКЕН ҒАЛЫМ

Айғақ медиа
21.10.2025
0

  Кәрімбек Құрманәлиев Оңтүстік Қазақстан зерттеу университетінің «Құрметті профессоры» атанды. Белгілі ғалым оқу ордасының студенттері, магистранттары және докторанттарымен кездесті. Кездесу...

СУ ЖЕЛІЛЕРІ ТОЛЫҚ ЖАҢАРТЫЛАДЫ

СУ ЖЕЛІЛЕРІ ТОЛЫҚ ЖАҢАРТЫЛАДЫ

Айғақ медиа
18.10.2025
0

Шымкент қаласында инженерлік инфрақұрылымды жаңарту жұмыстары қарқын алып келеді. Қала әкімдігінің «Су құбыры және канализация басқармасы» мекемесі инвестициялық бағдарлама аясында...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.