Мегаполистің Еңбекші ауданында жаз айында ауыз су жетіспеушілігі өзекті мәселердің бірі. Атап айтсақ, Елтай, Тоғыс, Айнатас, Базарқақпа елді-мекендерінде ауыз су тапшылығы орын алуда. Бүгінде қала аумағына қосылған 6 шағын ауданданның жаңа құрылыс аймақтарын жұмыспен қамту қолға алынып отыр. Жауапты мердігер мекеме «Сарыағаш-Аман» серіктестігі болса, жобаға 1,7 млрд теңге бөлініп отыр. Сонымен қатар, аудан әкімі табиғи газ жүйесімен қамту барысын да тілге тиек етті.
Атаулы әлеуметтік көмек көрсету саласынан сөз еткен әкім өтініш білдірген 6020 отбасының 317-сі көмекке мұқтаж емес дейді. Қаланың оңтүстік-шығыс бөлігінде орналасқан ауданда ретсіз сауданың орын алатындығы да жасырын емес.