Шымкентте масаларға қарсы маусымдық залалсыздандыру жұргізілді. Осы орайда, биыл аталған жұмыстарды атқару үшін қала бюджетінен 93 миллион 275 мың теңге бөлінген.Салаға жауаптылардың айтуынша, Шаһарда жалпы аумағы 4,5 миллион шаршы метрге жуық саябақ мен гүлзар аумақтарын дезифекциялау жоспарланып отыр екен.
Кезекті маусымдық залалсыздандыру жұмыстары жоспарлы түрде жылына төрт рет жүргізіледі екен. Мамандардың айтуынша ағымдағы жылы 1 миллион 355 мың 600 шаршы метр өзен-су аумағын, 2 361 650 шаршы метр саябақ жәнке 855 064 шаргшы метр гүлзар мен аллея аумағын залалсыздандыру жоспарланған.
Одан бөлек бұған дейін жалпы саны 38 аллея аумағы толықтай дезинфекцияланған. Мұндағы мақсат,халықтың демалыс орындарында еркін тыныстап демалуына жағдай жасау. Айта кетсек, залалсыздандыру жұмыстарын жеке үйлер мен кәсіпкерлік нысандардың иелері өз қаражаты есебінен жүргізуі тиіс.
Бұдан өзге, қала аумағындағы үй жануарларының энзоотиялық ауруларына қарсы жазғы дәрі себу жұмыстары жүргізілді Көп жағдайда ауыл шаруашылығы жануарларының аурулар тізімінен ірі қара малдың тейлериозы, пироплазмозы, тұйенің су аурулары кездеседі.
Осы ретте көктемгі профилактикалық шарасында 95299 ірі қара мал бүркеліп, 88030 бас уық мал тоғытылған. Сонымен қатар 375 750 шаршы метр буферлік аумақтарға залалсыздандыру жұмыстары жүргізілген.