Түркістан облысы аумағындағы ауылдарды мобильді интернеттен бөлек, жоғары жылдамдықты байланыспен қамту мақсатында «Қазақтелеком» және «Транстелеком» АҚ тарапынан мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында жүйелі жұмыстар жүргізілді. Жыл басынан бері инвестор «NanoTech» ЖШС облыс көлемінде жалпы 70-ке жуық ауылдық елді мекен тұрғындарын ғаламторға қосты. Бұл туралы бүгінгі брифингте Түркістан облысы Цифрландыру, мемлекеттік қызметтер көрсету, архивтер басқармасының басшысы Елнұр Өтебаев мәлімдеді.
«Түркістан облысы аумағындағы 74 елдімекенде ұялы байланыс мүлдем жоқ. Бұл мәселені шешуде Заңнамалық деңгейде өзгерістер қажет. Елді мекендерді кең жолақты интернетпен қамтамасыз етудің міндеттілігі бүгінде ешқандай заңдармен және жарлықтармен көзделмеген»- деді Елнұр Рахымбердіұлы.









