Шымкент қалалық мәдениет басқармасының ұйымдастыруымен Орталық саябақта 15 мамыр — Халықаралық отбасы күніне арналған «Өнерлі отбасы» сайысы өтті. Елімізде жыл сайын 15 мамыр — Халықаралық отбасы күні аталып өтеді. Отбасы — сүйіспеншіліктің, құрмет пен ынтымақтастықтың ошағы, яғни кез келген зиялы қоғамның діңгегі. Отбасының аман-саулығы — әр елдің дамуы мен келешегінің өлшемі.
Бүгінгі отбасылар сайысында әр отбасы өздерінің дайындаған нөмірлерінде флешмоб, әндер, мәнерлеп оқу шеберліктері сынды өнерлерін көрсетіп көрермендерді таң қалдырды. Ең үздік отбасыларға Шымкент қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасы «STRONG» фитнес клубына және «МАРС» спорт комплексіне 1 айға тегін қатысуға арналған сертификаттар берілді. Сонымен қатар барлық қатысушыларға Шымкент қалалық мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасы арнайы алғыс хаттармен марапаттады.
Сайыс соңында Шымкент қалалық мәдениет үйінің өнерпаздарының концерттік бағдарламасына ұласты. Сонымен қатар барлық қатысушыларға Шымкент қалалық мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасы арнайы алғыс хаттармен марапаттады. Сайыс соңында Шымкент қалалық мәдениет үйінің өнерпаздарының концерттік бағдарламасына ұласты.











