Шымкенттік қаламгерлер соңғы 3 жылдың әдеби жыл қорытындысын өткізді. Сөз өнерінің биігінен көрініп жүрген қара нарлар бас қосқан жиында өткен жылы қол жеткізген жетістіктер мен табыстар, сонымен қатар кемшіліктер де сарапқа салынды. Қазақстан жазушылар одағы Шымкент қалалық филиалының директоры Дәркен Танабайдың айтуынша, соңғы 3 жыл ішінде мегаполисте 30 кітаптың тұсауы кесілген. Олардың басым бөлігі классика жанрында.