Түркістан облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің тәлімбақ аумағында үй және қызметтік иттердің экстерьерлік және жұмыс қасиеттерін, жастар арасында үй жануарларымен сауатты қарауды насихаттау мақсатында, әр-түрлі тұқымды иттерді үйрету және қызметтік-іздестіру иттерін жұмысын аңықтауда зоотехникалық шара ретінде, барлық карантиндік талаптарды сақтаумен өткізілуде.
Аталған іс-шара Департаменттің Кинологиялық бөлімі және Қазақстан кинологтары қауымдастығының «Триумф-Юг» Қоғамдық ұйымымен ұйымдастырлып отыр.
Іс-шараның негізгі бағыты иттердің стандарт талаптарына сәйкес асылдандыру және қызметте қолдану үшін іріктеуге келетін мінез құлық реакциялары бойынша толыққанды, психикасында айқын ауытқулары бар иттерді анықтау және оларды асылтұқымдандыруға және қызметте пайдалануға жол бермеу. Иттерді бағалауға Халықаралық дәрежедегі сарапшы-оллраундер А.Г.Мартынова арнайы шақыртылған. Айта кетсек, А.Г.Мартынова халықаралық федерация жүйесінде Қазақстандағы жалғыз сарапшы болып табылады. Сондай-ақ, ол керинг комиссиясының төрағасы және ҚР неміс овчаркаларының клубының асылдандыруы бойынша кеңесшісі болып табылады.
Шара барысында Шымкент қаласындағы №65 және №46 мектептің бітіруші сыныптарының оқушылары да арнайы шақыртылып, мамандық таңдауда Департамент тарапынан кинология мамандығын таңдауға ұсыныстар айтылды. Жалпы қызығы мен қиындығы мол кинолог мамандығы туралы, жұртшылық біле бермеуі мүмкін. Көп елене бермейтін, бірақ дүйім жұрттың тыныштығы үшін итті баптап, баулып, қарайтын із кесушілердің еңбегі ұшан-теңіз. Кездесетін есірткі, жарылғыш заттардың болмауын қамтамасыз етуде иттердің алатын орны ерекше. Мамандықтың жаманы жоқ, дегенмен жақсы маман иесі болу үшін икемділік қажет. Мектеп оқушыларына осы қызмет егжей-тегжейлі таныстырылды.
Түркістан облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті Кинологиялық бөлімінің негізгі жұмыс бағыты қызметтік-іздестіру иттерін қолданып есірткі контрабандасын анықтау болып табылады.
2022 жылдың басынан бері Түркістан облысының кеден бекеттерінен «Норма» және «Огул» лақап атты қызметтік-іздестіру иттерінің көмегімен есірткі контрабандасының 3 дерегі анықталып және құқыққорғау органдарымен бірлесе сірткі заттарының 2 дерегі аңықталып барлық деректер сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бырыңғай тізіліміне ҚР ҚК 286, 296 және 297 баптары бойынша тіркелді.
Қазіргі уақытта 5 қылмыстық іс сотқа жолданып, 3 іс бойынша сот үкімі шығып заңды күшіне енді, ал 2 қылмыстық іс бойынша тергеу жүргізілуде.














