• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Жұма, Қыркүйек 29, 2023
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Агро

ПАЙДАЛАНЫЛМАЙТЫН АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЖЕРЛЕРІНІҢ БАРЛЫҒЫ МЕМЛЕКЕТКЕ ҚАЙТАРЫЛДЫ

04.05.2022
0

Жер қатынастары саласында ғарыштық мониторингті жедел енгізу мәселесі Үкіметтің ерекше бақылауында. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді пайдалануды бақылаудың жетілдірілген жүйесіне жедел көшудің маңызды міндеттерінің бірі – жер жекелеген тұлғалардың «активтерінде есепте» тұрмай, тиімді меншік иесіне қызмет етуі тиіс.

Қазақстанда ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің ерекше құқықтық мәртебесі бар екенін атап өту қажет, сол себепті олар сақтау, құнарлылығын арттыру және алып қоюды шектеу бойынша қорғауға жатады. Ауыл шаруашылығының табысты жұмыс істеуі үшін әр гектар жерді ұтымды пайдалану қажет. Сондықтан ауыл шаруашылығы жерлерін мақсатты пайдалануды қамтамасыз етудің ажырамас шарты – тиімді жұмыс істейтін жер бақылау және қадағалау институтының болуы.

Үкімет бос жатқан жерлерді анықтау үшін негіз ретінде ғарыштық түсірілімдерді пайдалану мүмкіндігін пысықтады. Пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы жерлерін ғарыштық мониторинг арқылы анықтауды көздейтін заң 2019 жылы қабылданды. 2021 жылы ғарыштық мониторингпен еліміздің барлық аумағы қамтылды, соның нәтижесінде 40,2 млн га пайдаланылмайтын жайылымдық жерлер анықталды.

Сонымен қатар жайылымдық жерлер (пайдаланылмай отырған жерлердің 90-95%-ы) ғарыштық мониторингке жатпайды. Оларды қолданудың тиімділігі белгілі бір ауданда тіркелген ауыл шаруашылығы жануарларының саны, осы ауданда және нақты елді мекенде мал шаруашылығын дамыту жөніндегі жоспарлар, қолда бар учаскелердің ауданы және т.б. туралы деректерге қатысты жүргізілетін есептеулермен анықталады.

Қазіргі қолданыстағы Qoldau платформасының талабы бойынша кейіннен мониторингке жататын жер учаскелерінің шекараларын жер пайдаланушы өзі (танаптар тарихы) енгізуі тиіс. Пайдаланылмайтын жерлерді айқындау бойынша жұмыс барысында шекараларды (танаптардың тарихын) өз бетінше енгізу кезінде алқаптар алаңы мен шекараларының мемлекеттік акт пен қаулыдағы деректермен сәйкеспейтін жайттарға жол берілетіні анықталды. Мұндай сәйкессіздіктер жер түрлері, ауыл шаруашылығы инфрақұрылымы бойынша кеңістік деректерінің жалпыланған бейнесін көрсететін цифрлық картографиялық материалдардың жоқтығынан болады.

Қазақстан — құқықтық мемлекет. Тиісінше, пайдаланылмайтын немесе тиімсіз пайдаланылатын жерлерді мәжбүрлеп алып қою – бір күндік процесс емес, өйткені ҚР Конституциясы мен Азаматтық кодексінің нормаларына сәйкес меншік құқығы қорғалған, ал алып қою процесі тек сот тәртібімен жүргізіледі.

Қазіргі уақытта пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы жерлерін мәжбүрлеп алып қоюдың мынадай тетігі қолданыста:

1) жер инспекторы ауыл шаруашылығы жерлерін пайдаланудың ғарыштық мониторингі арқылы алқаптарды араламай-ақ, кәсіби бақылау жүргізеді. Егер осы кезеңде бұзушылықтар анықталса, ол жер иесіне тиісті хабарлама жібереді. Осы орайда әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғалмайды;

2) егер бұзушылықтарды жою жөніндегі нұсқаулар орындалмаса, сол жерге барып, кәсіби бақылау жүргізіледі. Бұл кезеңде жер инспекторы бұзушылықтарды 1 жыл мерзімге жою туралы нұсқама береді. Жер иесі әкімшілік жауапкершілікке тартылады;

3) бұдан әрі, егер жағдай өзгермесе, тексеру материалдары пайдаланылмайтын жер учаскелері бойынша 20 еселенген салық салуды есептеу үшін мемлекеттік кіріс органдарына жіберіледі;

4) шешуші тексеріс жүргізіледі. Егер бұзушылықтар жойылмаса, жерді алып қою туралы сот органдарына талап арыз жіберіледі.

Бұл жағдайда «мәжбүрлеп алу» және «қайтару» ұғымдарын ажырату қажет. Мәжбүрлеп алып қою жоғарыда аталған барлық шаралардың сақталуын көздейді және тек сот тәртібімен қаралады. Ал «қайтаруға»  профилактикалық-түсіндіру жұмыстарын жүргізуді жатқызуға болады, ол мыналарды қамтиды: бұзушылықтарды жою туралы нұсқаулар жіберу, әкімшілік айыппұл салу, ғарыштық мониторинг арқылы анықталған пайдаланылмайтын жер учаскесіне базалық ставкаларды 20 еселенген мөлшеріне дейін ұлғайту. Жұмыс нәтижелері көрсеткендей, көбінесе жер пайдаланушылар жер инспекторынан хабарлама алғаннан кейін айыппұл немесе жоғары салық төлемеу үшін жерді өз еркімен қайтарады.

Премьер-Министр жұмысты жандандыру үшін ғарыштық мониторингтің жетілдірілген тетігін жедел енгізуді тапсырды. Сонымен қатар ол жосықсыз жер пайдаланушылармен жұмыста заңнаманың барлық нормалары мен талаптары мүлтіксіз сақталуы тиіс екенін атап өтті.

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

ЖОЛАУШЫ ӨТКІЗУ ҚАБІЛЕТІ 6 МЫҢҒА АРТАДЫ

ЖОЛАУШЫ ӨТКІЗУ ҚАБІЛЕТІ 6 МЫҢҒА АРТАДЫ

Айғақ медиа
29.09.2023
0

Шымкенттегі теміржол вокзалының ғимараты заманауи талапқа сай жабдықталады. Ғабит Сыздықбеков нысанның реконструкциялау жұмыстарымен танысып, мегаполис сәулетіне сай жабдықтап, мерзімінде қолданысқа...

ӘКІМ «ФОСФОРШЫЛАР» САРАЙЫНА БАРДЫ

ӘКІМ «ФОСФОРШЫЛАР» САРАЙЫНА БАРДЫ

Айғақ медиа
29.09.2023
0

Фосфоршылар сарайының бүгінгі аянышты халін қала әкіміне Әл-Фараби ауданының тұрғындары кездесуде айтқан болатын.  Сұрықсыз кейпіне жаны ашыған қариялардың уәжінен соң...

ӨРТ СӨНДІРУ ДЕПОСЫ ЖЫЛ СОҢЫНДА ҚОЛДАНЫСҚА БЕРІЛЕДІ

ӨРТ СӨНДІРУ ДЕПОСЫ ЖЫЛ СОҢЫНДА ҚОЛДАНЫСҚА БЕРІЛЕДІ

Айғақ медиа
29.09.2023
0

Мегаполисте ағымдағы жылы 3 өрт сөндіру депосының құрылысын жүргізу жоспарланған болатын. Соның бірі Түркістан көшесі бойындағы 4 автокөлікке арналған өрт...

ТҰРҒЫНДАР ТЫНДЫРЫМДЫ ТІРЛІКТЕРДІ КҮТЕДІ

ТҰРҒЫНДАР ТЫНДЫРЫМДЫ ТІРЛІКТЕРДІ КҮТЕДІ

Айғақ медиа
28.09.2023
0

Қала әкімі бүгін үшінші ауданның тұрғындарымен кездесті. Барлығында қозғалып жатқан мәселенің мәні бір. Жол, ауыз су мен жарық, байланыс пен...

ЖЕР АСТЫ ӨТКЕЛІНІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ

ЖАҢА КӘРІЗ ТАЗАЛАУ ҒИМАРАТЫ САЛЫНУДА

Айғақ медиа
27.09.2023
0

Шымкентте тәулігіне 50 мың текше метр су өңдейтін жаңа кәріз тазалау ғимаратының құрылысы жүріп жатыр. Қала әкімі аталған нысанға барып,...

ЖЕР АСТЫ ӨТКЕЛІНІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ

ЖЕР АСТЫ ӨТКЕЛІНІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ

Айғақ медиа
27.09.2023
0

Ғабит Сыздықбеков қаладағы жер асты өткелдерінің құрылысымен танысты.  Темірлан тас жолы және А-2 автожолы арқылы өтетін жаяу жүргіншілер өткелдегі жұмыстың...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.