• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Сәрсенбі, Наурыз 11, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Бас ақпарат

МИНИСТРЛІККЕ БАҒЫНЫСТЫ БІРҚАТАР СПОРТ ҰЙЫМДАРЫНЫҢ БАСШЫЛАРЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

07.04.2022
0

ҚР Мәдениет және спорт министрінің бұйрығымен спорт саласындағы бірқатар бағынысты ұйымдардың басшылары тағайындалды, деп хабарлайды аталмыш ведомствоның баспасөз қызметі.

Маратбек Мықтыбеков «Спортты дамыту дирекциясы» РМҚК директоры қызметіне тағайындалды. Маратбек Мықтыбеков 1981 жылы Түркістан облысында дүниеге келген. Самбо мен дзюдодан халықаралық дәрежедегі спорт шебері, самбодан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионы, дзюдодан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатының Қазақстан тарихындағы бірінші жүлдегері, қазақ күресінен спорт шебері. Көп жылдар бойы спорт саласында түрлі лауазымдарда, оның ішінде күрес түрлері бойынша олимпиадалық даярлау орталығының директоры, дзюдо федерациясының бірінші вице-президенті, Азия бокс конфедерациясы атқарушы директорының кеңесшісі, Қазақстан бокс федерациясы президентінің кеңесшісі, Қазақстан бокс федерациясының атқарушы директоры қызметін атқарған.

Бақдәулет Сәбитов «Ұлттық және ат спорты түрлері орталығы» РМҚК директоры болып тағайындалды. Бақдәулет Сәбитов 1992 жылы 6 сәуірде Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. 2014 жылы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін бітірген. Халықаралық дәрежедегі спорт шебері, қазақша күрес пен самбодан Азия чемпионы. «Еуразия барысы» турнирінің үш дүркін жеңімпазы, дзюдодан Еуропа Кубогының иегері, әлемдік Гран-при жүлдегері. Әр жылдары «Қазақстан Республикасының қазақша күрес федерациясы» қауымдастығының бас директоры, Qazaq kuresi қауымдастығының даму жөніндегі директоры және т. б. қызметтерді атқарған.

Рысбек Қыдырбек «Дене шынықтыру және спорт жөніндегі республикалық оқу-әдістемелік және талдау орталығы» РМҚК директоры қызметіне тағайындалды. Рысбек Қыдырбек 1962 жылы 14 шілдеде Ақмола облысында дүниеге келген. 1985 жылы Қазақ педагогика институтын бітірген. 2004 жылы – А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің Дене шынықтыру және спорт факультетін тәмамдаған. Әр жылдары Қазақстан Республикасының Туризм және спорт жөніндегі агенттігінде, Қ. Мұңайтпасұлы атындағы республикалық спорт интернатының директоры, Оңтүстік Қазақстан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы, қысқы спорт түрлері бойынша республикалық жоғары спорт шеберлігі мектебінің директоры және т. б. қызметтерде болған.

Ернар Ибраимов «Республикалық спорт колледжі» РМҚК директоры қызметіне тағайындалды. Ернар Ибраимов 1984 жылы 15 наурызда Жамбыл облысында дүниеге келген. М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің түлегі. 2011-2018 жылдары Жамбыл облысының олимпиада резервін даярлау орталығының директоры, 2018-2022 жылдары – Алматы қаласының «Шаңырақ» шағын ауданындағы «Республикалық мамандандырылған олимпиадалық резерв мектеп — интернат-колледжі» РММ директоры қызметін атқарған.

Медет Торғаев Алматы қаласының «Шаңырақ» шағын ауданындағы «Олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі» РММ директоры қызметіне тағайындалды. Медет Торғаев 1986 жылы 20 наурызда Алматы облысында дүниеге келген. Спорт және туризм академиясының түлегі. Еңбек жолын самбодан жаттықтырушы-оқытушылықтан бастаған, Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі мен ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің құрылымдарында үлкен жұмыс тәжірибесі бар. Тағайындалғанға дейін 2017-2022 жылдар аралығында Алматы қаласының «Шаңырақ» шағын ауданындағы «Олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі» РММ директорының спорт жөніндегі орынбасары қызметін атқарған.

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

ҚАЗАҚСТАН ТУЫН ОЛИМПИАДА ЖАБЫЛУЫНДА МИХАИЛ ШАЙДОРОВ КӨТЕРДІ

ҚАЗАҚСТАН ТУЫН ОЛИМПИАДА ЖАБЫЛУЫНДА МИХАИЛ ШАЙДОРОВ КӨТЕРДІ

Айғақ медиа
26.02.2026
0

Италияның Верона қаласында Милан–Кортина-2026 Қысқы Олимпиада ойындарының жабылу салтанаты өтті. Рәсім екі мың жылдық тарихы бар, ЮНЕСКО тізіміне енген Арена...

4 ЖАСТАҒЫ ӘЛИ БАСТАУЫШ СЫНЫПТЫ ИГЕРІП ҮЛГЕРГЕН

4 ЖАСТАҒЫ ӘЛИ БАСТАУЫШ СЫНЫПТЫ ИГЕРІП ҮЛГЕРГЕН

Айғақ медиа
26.02.2026
0

Түркістан облысында төрт жастағы Әли Адамбек мектеп табалдырығын аттап, бастауыш сынып бағдарламасын меңгеріп үлгерген. Құрдастары әріп танып жүргенде, ол күрделі...

ТАРАЗДА ЗАҢСЫЗ БЕЛГІ ҮШІН ЖҮРГІЗУШІЛЕРГЕ ЖАППАЙ АЙЫППҰЛ САЛЫНҒАН

ТАРАЗДА ЗАҢСЫЗ БЕЛГІ ҮШІН ЖҮРГІЗУШІЛЕРГЕ ЖАППАЙ АЙЫППҰЛ САЛЫНҒАН

Айғақ медиа
26.02.2026
0

Таразда жол ережесін бұзбаған бірнеше жүргізуші заңсыз айыппұл төлеп келген.Тексеріс Сүлейменов көшесінде орнатылған 40 км/сағ жылдамдық шектеу белгісінен басталды.Камералар жылдамдықты...

1,5 МЛН ТЕҢГЕ: СЕМЕЙДЕ АУЫЛҒА КӨШУ БАҒДАРЛАМАСЫ

1,5 МЛН ТЕҢГЕ: СЕМЕЙДЕ АУЫЛҒА КӨШУ БАҒДАРЛАМАСЫ

Айғақ медиа
26.02.2026
0

“10 сиыр мен бір жылқы бар”: Семейде әкімдік тұрғындар ауылға көшу үшін 1,5 миллион теңге ұсынуда.Семейде “Қаладан – ауылға” атты...

ҚАЗАҚСТАН КОНЬКИМЕН ЖҮГІРУДЕН ӘЛЕМ КУБОГЫ КЕЗЕҢІНДЕ 4 АЛТЫН МЕДАЛЬ ЖЕҢІП АЛДЫ

ҚАЗАҚСТАН КОНЬКИМЕН ЖҮГІРУДЕН ӘЛЕМ КУБОГЫ КЕЗЕҢІНДЕ 4 АЛТЫН МЕДАЛЬ ЖЕҢІП АЛДЫ

Айғақ медиа
26.02.2026
0

Германияның Инцелль қаласында конькимен жүгіруден жасөспірімдер арасында Әлем кубогының кезеңі басталды. Халықаралық турнирдің алғашқы күні Қазақстан құрамасы төрт алтын медаль...

ЕНДІ ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР КӨЛІГІМЕН ҚАЛАҒАН КҮНІ КӨШЕГЕ ШЫҒА АЛМАУЫ МҮМКІН

ЕНДІ ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР КӨЛІГІМЕН ҚАЛАҒАН КҮНІ КӨШЕГЕ ШЫҒА АЛМАУЫ МҮМКІН

Айғақ медиа
26.02.2026
0

Енді қазақстандықтар қалаған күні көлігімен көшеге шыға алмайды. Мемлекеттік нөмірдің соңғы цифры 9 болса сіз 2-сі, 4-і, 16-сы сияқты даталарда...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.