Бәйдібек аудандық мәслихат хатшысы болып Асқар Кенехан сайланды.
Бүгін жетінші шақырылымдағы аудандық мәслихаттың кезектен тыс он бесінші сессиясы болды. Сессияның күн тәртібіне сәйкес мәслихат хатшысына ұсынылған кандидатты сайлау ашық дауыс беру арқылы өтті.
Аудандық мәслихат депутаттарының ашық дауыс беру нәтижесімен Кенехан Асқар Оразханұлы Бәйдібек аудандық мәслихат хатшысы болып сайланды.
Сессияға қатысқан аудан әкімі Ержігіт Шәріпбеков жаңадан сайланған мәслихат хатшысы Асқар Кенеханның қызметіне сәттілік тілеп, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына аянбай қызмет ете беруне тілегін білдірді.
Асқар Оразханұлы 1981 жылы Бәйдібек ауданында туылған. Отбасылы.