• Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Бейсенбі, Қараша 12, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result

ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЭНЕРГЕТИКА САЛАСЫНДА МҰНДАЙ ІРІ АПАТ БҰРЫН-СОҢДЫ БОЛМАҒАН

03.02.2022
0

Энергетика министрі Болат Ақшолақов Қазақстан энергетика саласында болған ірі апат туралы айтты. «Мұндай ірі апат соңғы рет қашан болғаны энергетика саласы қызметкерлерінің есінде жоқ. Біреуді кінәлауға әлі ерте. Себебі қазір бұл мәселе бойынша энергетика вице-министріне қарасты комиссия жұмыс істеп жатыр. Болған жағдайдың себептерін жан-жақты зерттеп жатырмыз.»

Энергетика министрі Болат Ақшолақов

Электр қуаты Қазақстанда түскі уақытта өшті. Ал бұл кезде елімізде автомат қондырғылар іске қосылып тұрған. Министрдің сөзінше, автомат қондырғылардың қосылып тұруы электр энергиясының өшуіне әкеп соқтырды.

Автомат қондырғылардың жұмыс істеп тұрғаны жақсы болған. Бұл ең әуелі оңтүстіктегі көршілеріміздің желілер жиілігі төмендеуіне байланысты болды. Автомат қондырғының негізгі міндеті бүкіл жүйенің зақымдануын болдырмау еді. Болат Ақшолақов

Министрдің сөзінше, егер автоматика жұмыс істемегенде, өңір ұзақ уақыт жарықсыз қалуы мүмкін еді. Оған қоса Қазақстанда электр желілері мен станциялардың өзі үшін ауыр зардап болар еді.

Министр Қазақстан төрт сағатта бүкіл жүйені жылдам қалпына келтіргенін, сонымен қатар Қырғызстаннан келген әріптестерімен дұрыс жұмыс жасағанын айтып отыр. Өкінішке қарай, тек Өзбекстан энергетиктерімен ұзақ уақыт байланыс орнату мүмкін болмаған.

Өзбекстандағы апаттың егжей-тегжейлі себебі туралы ештеңе айта алмаймыз. Білсеңіз, сол күні кешке бізде бәрі қосылды. Біз электр энергиясын тек уақытта тұтына алдық. Қазір тергеу жүріп жатыр. Нәтижесін белгілі болғанда жариялаймыз. Бұл — өте ерекше апат. Cондықтан айыптауды қойып, тергеу нәтижесін күту керек.Энергетика министрі

Еске сала кетейік, 25 қаңтарда Қазақстанның оңтүстік аймағындағы тұтынушылардың едәуір бөлігі электр қуатынсыз қалды. Мұндай проблема Қырғызстанның Ош, Токмок, Талас және Қара-Балта қалаларында да байқалды. Сонымен қатар Өзбекстанның Самарқан пен Бұхарасында электр қуатымен мәселелер болып, метро тоқтаған.

Дереккөз: zakon.kz

Previous Post

АСХАТ АЙМАҒАМБЕТОВ ҰБТ ТАПСЫРУ КЕЗІНДЕ ҚОЛДАНЫЛАТЫН ЖАҢА ТЕТІКТІ АТАДЫ

Next Post

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ БЕЙЖІҢ ҚАЛАСЫНА КЕЛДІ

Related Posts

ӨНДІРІСТІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ӘСЕРІ ЗЕРДЕЛЕНДІ

ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

by Айғақ медиа
12.11.2026
0

Шымкентте даңқты бапкер Мардан Сапарбаевты еске алуға арналған XXXII халықаралық турнир өтті. Грек-рим күресінен өткен додаға алты мемлекеттен 250-ге жуық...

ӨНДІРІСТІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ӘСЕРІ ЗЕРДЕЛЕНДІ

35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

by Айғақ медиа
12.11.2026
0

Шымкентте 35 жылдан кейін футбол ардагерлері қайта бас қосты. Шаһарда алғаш рет Қазақстан футболының мақтанышы, КСРО спорт шебері Евстафий Пехлеванидидің...

ӨНДІРІСТІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ӘСЕРІ ЗЕРДЕЛЕНДІ

ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

by Айғақ медиа
12.11.2026
0

Өнеркәсіптің дамуы қоршаған ортаға түсетін салмақты арттырмауы тиіс. Шымкентте экологиялық жағдайды бақылауға бағытталған жұмыс тобы «Син Юань Стил» зауытына барды....

ӨНДІРІСТІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ӘСЕРІ ЗЕРДЕЛЕНДІ

ӨНДІРІСТІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ӘСЕРІ ЗЕРДЕЛЕНДІ

by Айғақ медиа
12.11.2026
0

Өнеркәсіптік шығарындыларға бақылау күшейтілді. Шымкент қаласында экологиялық мәселелер жөніндегі жұмыс тобы «Оңтүстік» индустриялық аймағындағы «Polymettech» кәсіпорнына көшпелі отырыс ұйымдастырды. Бұған...

ЦИФРЛАНДЫРУ – ҚАЛА ДАМУЫНЫҢ ЖАҢА БАҒЫТЫ

ЦИФРЛАНДЫРУ – ҚАЛА ДАМУЫНЫҢ ЖАҢА БАҒЫТЫ

by Айғақ медиа
11.11.2026
0

Шымкентте жасанды интеллект пен заманауи технологияларды енгізу жұмыстары жүйелі түрде жүзеге асырылуда Бүгінде цифрландыру мен жасанды интеллектіні дамыту ел экономикасының...

ҚОЗҒАЛЫС ЕРКІНДІГІ – ӨМІР САПАСЫНЫҢ КӨРСЕТКІШІ: ШЫМКЕНТТЕ БУЫН АЛМАСТЫРУ ОТАСЫ ҚОЛЖЕТІМДІ БОЛА ТҮСТІ

ҚОЗҒАЛЫС ЕРКІНДІГІ – ӨМІР САПАСЫНЫҢ КӨРСЕТКІШІ: ШЫМКЕНТТЕ БУЫН АЛМАСТЫРУ ОТАСЫ ҚОЛЖЕТІМДІ БОЛА ТҮСТІ

by Айғақ медиа
11.11.2026
0

Адам денсаулығы мен өмір сапасын жақсарту – әлеуметтік саясаттың негізгі басымдықтарының бірі. Әсіресе тірек-қимыл аппараты ауруларына шалдыққан азаматтарға сапалы медициналық...

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


Facebook Telegram Youtube Instagram

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.