«Nur Otan» партиясының кезектен тыс XXI Съезі жұмысын бастады
Оған еліміздің барлық өңірінен 389 делегат онлайн-форматта қатысып отыр.
Бекітілген күн тәртібіне сәйкес келесі үш мәселе қаралады:
- Партияның Төрағасын сайлау туралы;
- Жарғыға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы;
- Саяси кеңес құрамына өзгерістер енгізу туралы.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевты «Nur Otan» партиясының Төрағасы етіп сайлау туралы ұсыныс енгізді.
Партияның кезектен тыс XXI Съезінің шешімімен Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев бірауыздан «Nur Otan» партиясының Төрағасы болып сайланды.
«Nur Otan» партиясына төрағалық ету – аса жауапты жұмыс. Осы міндетті атқаруды маған ұсынып, қолдау көрсеткендеріңіз үшін шынайы ризашылығымды білдіремін – Қ.Тоқаев.
Сондай-ақ, Президент: Біз бұған дейінгі жетістіктерімізден айырылып қалмауымыз керек. Мемлекетімізді нығайтып, кез-келген сынаққа дайын болуымыз қажет. Табысқа жету үшін, ең алдымен, ауызбіршілік керек екенін есте ұстайық – деді.