Әлеуметтік желілерде педагогтер мен оқытушыларды «Қазақстан халқына» қорына қаражат аударуға міндеттеу туралы пікірлер тарап жатыр. Осыған байланысты Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі пікір білдірді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
БҒМ баспасөз қызметі мәліметінше, әлеуметтік желілерде педагогтер мен оқытушыларды «Қазақстан халқына» қорына қаражат аударуға міндеттеу туралы пікірлер жазылып жатыр.
«Мұғалімдер, балабақша тәрбиешілері, БҒМ-ге қарасты жоғары оқу орындарының оқытушылары мен білім беру ұйымдарының басқа да қызметкерлері қорға ақша аударуға міндеттелмейді. Білім ұйымдарының басшылары хабардар», — делінген Facebook-те.
16 қаңтарда «Қазақстан халқына» қорының Қамқоршылық кеңесі сайланды.