5 қаңтарда «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» қаулыға қол қойылды. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев елдегі оқиғалар аясында үкіметтің отставкаға кетуін қабылдады, деп хабарлайды «Айғақ-ақпарат» inbusiness.kz-ге сілтеме жасап.
Жарлық мәтіні «Ақорда» сайтында жарияланған.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 70-бабына сәйкес қаулы етемін:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің отставкасын қабылдаймын.
2. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрiнiң мiндеттерi уақытша Әлихан Асханұлы Смайыловқа жүктелсiн.
3. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң мүшелерi Үкiметтiң жаңа құрамы бекiтiлгенге дейiн өз мiндеттерiн орындауды жалғастырады.
4. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.