Екінші орта салмақтағы қазақстандық боксшы Әли Ахмедов кезекті жеңісіне қол жеткізді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz порталына сілтеме жасап.
Ол Монтебеллода (Калифорния, АҚШ) өткен бокс кешінде мексикалық Пол Валенсуэлаға қарсы жекпе-жекке шықты.
Жекпе-жек он раундқа жоспарланған болатын, бірақ біріншісінде аяқталды. Бірнеше соққыдан кейін Ахмедов қарсыласын нокаутпен түсірді.
Қазақстандықтың бұл 18-ші жеңісі, оның 14-ін уақытынан бұрын аяқтаған. Ал Валенсуэла 11-рет жеңілді, десе де оның қанжығасында 26 жеңіс бар.
Еске салайық, Ахмедовпен IBF және IBO нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкиннің GGG Promotions промоутерлік компаниясы айналысады.