• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Сенбі, Маусым 28, 2025
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Айғақ TV

ТҮРКІСТАН: МӘЖІЛІС ДЕПУТАТТАРЫ ЭТНОМӘДЕНИ БІРЛЕСТІКТЕР ӨКІЛДЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ

10.12.2021
0

Бүгін Түркістан қаласына ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Мейрамбек Төлепберген және Фахриддин Қаратаев іссапармен келді. Сапар аясында депутаттар облыстық этномәдени бірлестіктер өкілдерімен кездесті, — деп хабарлайды Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ-нің баспасөз орталығы

Келелі жиында ел бірлігін нығайту, қоғамдық келісімді насихаттау бағытындағы нәтижелі жұмыстар, алдағы мақсат-міндеттер талқыға салынды.

Басқосуға Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасының басшылығы, облыстық этномәдени бірлестіктер жетекшілері, облыстық ҚХА жанындағы құрылымдардың өкілдері, сондай-ақ Түркістан қаласындағы мектеп және орта арнаулы оқу орындарының директорлары мен орынбасарлары, Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-нің оқытушылары қатысты. Жиынды Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасының басшысы Аңсар Өсербаев ашып, жүргізіп отырды.

Кездесу барысында сөз алған ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты М. Төлепберген жиынға қатысушыларды келе жатқан Тәуелсіздік күні мерекесімен құттықтап, азат елдің егемендік жылдары жарқын жетістіктерді бағындырғанын, барлық игілік пен жетістік бірлік, этносаралық татулық ұғымдарымен тығыз байланысты екенін атап өтті.

– Тәуелсіздік – мемлекеттігіміздің алтын діңгегі, дербестігіміздің берік негізі. Елбасымыз таяуда жариялаған «Тәуелсіздік тағылымы» мақаласында да ендігі басты міндетіміздің бірі — тәуелсіздікті нығайту болуы тиіс екендігін алға тартты. Мағжан ақын айтқандай, ер түріктің бесігіне баланған Түркістан шаһары бүгінде облыс орталығына айналып, дамудың даңғыл жолына түсті. Көне шаһар түркі әлемінің рухани астанасы атанып, әсем қалаға айналуда. Бұл ретте, жаңарған Түркістанның әлеуметтік-экономикалық дамуына Ассамблея мүшелері де зор үлес қосып келеді. Ауыл шаруашылығы, кәсіпкерлік, құрылыс, сауда саласында жемісті еңбек етіп жүргендер жетерлік. Халық даналығында «Бірлігі бар ел озады, бірлігі жоқ ел тозады» деген терең мағыналы сөз бар. Бәріміз бір атаның баласындай, бір өзеннің сағасында бірлесе еңбек етсек, тату тұрсақ, алынбайтын асу болмайды, – деді халық қалаулысы.

Сондай-ақ жиында ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Ф. Қаратаев Ассамблеяның қоғамдағы рөліне, оның мән-маңыздылығына тоқталды.

– Бәріміздің мақсатымыз – ортақ, міндетіміз – бір. Ассамблея құрылған күннен бастап еліміздегі мызғымас бірліктің ұйытқысы, сарқылмас берекенің бастауы болып келеді. Бұл құрылым – еліміздегі татулық пен тұрақтылықтың ең басты кепілі саналады. Бүгінде 2 миллионнан астам тұрғыны бар Түркістан облысында 50-ден аса этнос өкілдері береке-бірлікте өмір сүруде. Өңірде қазақ тілінің елді біріктіруші ретіндегі рөлі де артуда, бұл Тәуелсіздігіміздің тұғырын мығымдай түсері сөзсіз. Күні кеше Сайрам ауданында болып, бірнеше кездесулер өткіздік. Тұрғындардың пікірін тыңдадық. Халықтың елге, Отанға деген сүйіспеншілігін көрдік. Алдағы уақытта да жер-жерде, көршілес ауылдарда достық пен татулықты дәріптейтін іс-шараларды жандандырып, жиі өткізуіміз қажет. Бұл – ел болып ұйысуымызға, мемлекеттілігіміздің мерейін асқақтатуға үлкен септігін тигізері анық, – деп сөзін түйді депутат.

Сонымен қатар, кездесуде Түркістан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Ғылыми-сарапшылық топ жетекшісі, Қ.А. Ясауи атындағы ХҚТУ-нің оқытушысы, PhD доктор Қ.Қалдыбай, Кентау қалалық мәслихатының депутаты, Кентау қалалық Аналар кеңесінің мүшесі, С.Қожанов атындағы №9 мектеп директоры Ұ.Мұсаханова, Түркістан облыстық тәжік этномәдени бірлестігінің мүшесі Ф.Файзиддинов сөз сөйлеп, ел бірлігін нығайтуға қатысты пікірлерін білдірді. Жиынға қатысушылар сұрақ-жауап түрінде ой бөлісіп, пікір алмасты.

Кездесу барысында жыл бойы белсенді қызмет атқарған, өңірдегі бірлік пен татулықтың нығаюына айрықша үлес қосқан бірқатар азаматтар Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасы орынбасары М. Әзілхановтың Алғыс хатымен марапатталды. Жиынды қорытындылаған басқарма басшысы А.Өсербаев халықтың бірлігін нығайтуда және қоғамдық келісімді сақтауда жүйелі жұмыстар жалғасатындығын атап өтті.

Айта кетейік, кеше депутаттар этносаралық татулықты нығайту бағытында Сайрам ауданындағы Ақсукентте және Қарабұлақта, сондай-ақ бүгін Сауран ауданында тұрғындармен кездесулер өткізді.

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ XI «АЙБЫН» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ӘСКЕРИ-ПАТРИОТТЫҚ ЖАСТАР ЖИЫНЫНА ҚАТЫСТЫ

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ XI «АЙБЫН» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ӘСКЕРИ-ПАТРИОТТЫҚ ЖАСТАР ЖИЫНЫНА ҚАТЫСТЫ

Айғақ медиа
25.06.2025
0

  Президент – Қазақстан Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаев XI халықаралық «Айбын» әскери-патриоттық жастар жиынының ашылу рәсіміне қатысты....

СОЗАҚ АУДАНЫНА ШУ ӨЗЕНІ АРҚЫЛЫ 1,5 МЛРД ТЕКШЕ МЕТРДЕН АСТАМ СУ ЖІБЕРІЛДІ

СОЗАҚ АУДАНЫНА ШУ ӨЗЕНІ АРҚЫЛЫ 1,5 МЛРД ТЕКШЕ МЕТРДЕН АСТАМ СУ ЖІБЕРІЛДІ

Айғақ медиа
16.06.2025
0

  Су Жамбыл облысындағы Тасөткел су қоймасынан жіберілді. Бұл жұмыс табиғатты қорғау мақсатындағы су жіберу шаралары аясында былтыр қыркүйектен басталып,...

ҚР ПРЕЗИДЕНТІ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЛАСЫНЫҢ ҮЗДІК ӨКІЛДЕРІНЕ МЕМЛЕКЕТТІК НАГРАДАЛАР ТАБЫС ЕТТІ

ҚР ПРЕЗИДЕНТІ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЛАСЫНЫҢ ҮЗДІК ӨКІЛДЕРІНЕ МЕМЛЕКЕТТІК НАГРАДАЛАР ТАБЫС ЕТТІ

Айғақ медиа
13.06.2025
0

Медицина қызметкерлері күні қарсаңында Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтарымен үздік дәрігерлер, денсаулық сақтау қайраткерлері, түрлі бағыттағы мамандар жоғары мемлекеттік наградаларға ие...

«ДАМУ» ҚОРЫ ЖЫЛДЫҚ 12,6% ЖЕҢІЛДІКПЕН НЕСИЕЛЕНДІРІЛЕТІН ЖАҢА «ӨРЛЕУ» БАҒДАРЛАМАСЫН ІСКЕ ҚОСТЫ

«ДАМУ» ҚОРЫ ЖЫЛДЫҚ 12,6% ЖЕҢІЛДІКПЕН НЕСИЕЛЕНДІРІЛЕТІН ЖАҢА «ӨРЛЕУ» БАҒДАРЛАМАСЫН ІСКЕ ҚОСТЫ

Айғақ медиа
13.06.2025
0

«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры Ұлттық экономика министрлігі мен «Бәйтерек» холдингінің қолдауымен жеңілдікті несиелендірудің жаңа «Өрлеу» бағдарламасы іске қосылғанын хабарлайды. Бұл...

САЛТАНАТ ИСАҒАЛИЕВА 10 МЫҢ МЕТР БИІКТІКТЕ АДАМ ӨМІРІН САҚТАП ҚАЛДЫ

САЛТАНАТ ИСАҒАЛИЕВА 10 МЫҢ МЕТР БИІКТІКТЕ АДАМ ӨМІРІН САҚТАП ҚАЛДЫ

Айғақ медиа
13.06.2025
0

Медицина қызметкері күні қарсаңында біз өмірді сақтаудың тағы бір тарихымен бөлісеміз. Осы жылдың 30 мамырында Алматы-Лондон рейсінің бортында жолаушылардың бірі...

ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ 19,1 МЫҢНАН АСТАМ ЖҰМЫСКЕРДІҢ ҚҰҚЫҒЫ ҚОРҒАЛДЫ

ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ 19,1 МЫҢНАН АСТАМ ЖҰМЫСКЕРДІҢ ҚҰҚЫҒЫ ҚОРҒАЛДЫ

Айғақ медиа
11.06.2025
0

    2025 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша мемлекеттік еңбек инспекторлары республиканың 85 кәсіпорны 2 мыңнан астам жұмыскерге 814 млн...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.