Қазақстанда E-Gov порталында МИБ тіркелетін электронды дауыс беру қызметі әзірленді деп хабарлайды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі.
Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында ҚР ИИДМ Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының орынбасары Бақытжан Качаков мәлімдеді.
Оның айтуынша, авторизация ЭСҚ арқылы жүзеге асырылады. Онда автоматты түрде тіркеліп, «меншік иесі» мәртебесін растай аласыз және өз үйіңізде дауыс беруге бастама көтере аласыз..
Жиналыстың күн тәртібін жасағаннан кейін мүлік иелері белсенді сілтемемен жиналысқа өтіп, өз таңдауын жасап, ЭСҚ-мен қол қоюы керек.
Бұл ретте, E-Gov порталындағы электрондық дауыс беру қызметі тек МИБ әлі тіркелмеген үйлер үшін қолжетімді; дауыс беру бір рет жүргізіледі және МИБ тіркелгеннен кейін қызметке қолжетімділік жабылады; жиналыстағы мәселелер МИБ-ті тіркеу үшін ең аз тізіммен шектеледі (нысанды, төрағаны, үй кеңесін, тексеру комиссиясын, МИБ атауын таңдау).