• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Сенбі, Мамыр 16, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ҒАЛЫМДАР СУ ТАСҚЫНЫН БОЛЖАУ ЖҮЙЕСІ МЕН АГРОНОМҒА АРНАЛҒАН ПЛАНШЕТ ӘЗІРЛЕДІ

20.11.2021
0

Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінің ғалымдары су тасқынын болжау жүйесін және агрономға арналған планшет әзірледі. Электрондық ресурс су тасқынын мониторингілеп, болжауға мүмкіндік береді. Жүйе инфрақұрылым объектілерінің цифрлық, координаттық және картографиялық деректерін қамтиды, деп хабарлайды ҚР Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі

«Шығыс Қазақстан облысында белгілі бір кезеңде өзендер арнасынан шығып, кенттер мен тұрғын үйлерді су басу қаупі туындайды. Сондықтан біздің алдымызда өзендердегі су деңгейін бақылау тиімділігін арттыратын және маусымдық су тасқынын болжауға мүмкіндік беретін кешенді ақпараттық-талдау жүйесін әзірлеу міндеті тұрды. Өзен гидравликасын және ықтимал су басу аймақтарын дәл модельдеу үшін біз MIKE бағдарламалық кешенін, сондай-ақ ArcGIS, QGIS, NextGIS заманауи геоақпараттық жүйелерін пайдаланамыз. Олар төтенше жағдайды болжау сапасын жақсартуға мүмкіндік береді. Нәтижесінде біз су тасқыны мен елді мекендерді су басудың алдын алу үшін қажетті толық ақпарат аламыз», — деп атап өтті ШҚТУ ғалымы, PhD докторы Маржан Тогузова.

Сондай-ақ университет ғалымдары агрономға арналған планшет жасап шығарды. Технология агрономдарға ауылшаруашылық алқаптарындағы жағдайды бақылауға мүмкіндік береді, соның негізінде ықтимал тәуекелдерді ескеріп, экономикалық тиімді шешімдер қабылдауға болады.

«Агрономға арналған планшет» қосымшасы бұл үйде де, далада да жұмыс істеуге арналған әмбебап қосымша. Бұл ауылшаруашылық жұмыстарында портативті электрониканың артықшылықтарын пайдалануға мүмкіндік береді. Өрістер тарихы, карталар, анықтамалықтар және басқа құжаттардың мұрағаттарда сақталуы мамандардың шешім қабылдау процесін жеңілдетеді. Қосымшада сондай-ақ ауыл шаруашылығы алқаптарының жай-күйі туралы ақпарат және егіс жұмыстарын одан әрі жоспарлау жөніндегі ұсынымдар бар», — деді техника ғылымдарының докторы Валентина Колпакова.

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

ҚҰЖАТСЫЗ ҮЙЛЕРДІҢ МӘСЕЛЕСІ ШЕШІЛЕДІ

ҚҰЖАТСЫЗ ҮЙЛЕРДІҢ МӘСЕЛЕСІ ШЕШІЛЕДІ

Айғақ медиа
15.05.2026
0

Абай ауданында 1644 үйдің құжаты жоқ. Кезінде бұл аумақтарға инженерлік инфрақұрылым желілері де тартылған. Қазіргі таңда арнайы комиссия құрылып, зерделеу...

ҰЛЫ ЖЕҢІСТІҢ 81 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН ШАРА

ОТАН ҚОРҒАУШЫЛАР КҮНІНЕ АРНАЛҒАН МЕРЕКЕЛІК ШАРА

Айғақ медиа
14.05.2026
0

Шымкентте 7 мамыр – Отан қорғаушылар күніне арналған салтанатты іс-шара өтті. Астана алаңында ұйымдастырылған мерекелік жиынға әскери қызметшілер, Қарулы Күштердің...

ҰЛЫ ЖЕҢІСТІҢ 81 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН ШАРА

ТҰРАН АУДАНЫ ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫНЫҢ БҮГІНГІ АХУАЛЫ

Айғақ медиа
14.05.2026
0

Осыдан шамамен бес ай бұрын Тұран ауданына қарасты Айкөл шағын ауданы сапалы ауызсумен толық қамтылды деген ақпарат жарияланған болатын. Алайда...

ҰЛЫ ЖЕҢІСТІҢ 81 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН ШАРА

ҰЛЫ ЖЕҢІСТІҢ 81 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН ШАРА

Айғақ медиа
14.05.2026
0

9 мамыр – Ұлы Жеңіске 81 жыл толды. Осыған орай Шымкент қаласында Жеңіс күніне арналған салтанатты іс-шара жоғары деңгейде өтті....

ЖАС ТАЛАНТТАРДЫҢ ЖАРҚЫН ЖЕҢІСІ

ЖАС ТАЛАНТТАРДЫҢ ЖАРҚЫН ЖЕҢІСІ

Айғақ медиа
14.05.2026
0

Саз колледжінің студенттері халықаралық және республикалық байқауларда топ жарып, жоғары нәтижелерге қол жеткізіп жүр. Жас өнерпаздар түрлі шығармашылық додаларда жүлделі...

БЫЛҒАРЫ ҚОЛҒАП ШЕБЕРЛЕРІНІҢ БӘСЕКЕСІ ылғары қолғап шеберлерінің бәсекесі

ҰЛТ ӨНЕРІН ҰЛЫҚТАҒАН САЗГЕРЕ

Айғақ медиа
14.05.2026
0

Қазақ музыка өнерінде өзіндік қолтаңбасын қалыптастырған Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, белгілі композитор Қалдыбек Құрманәлі 60 жасқа толды. Мерейтойына орай үшінші...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.