• Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Бейсенбі, Қараша 12, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result

ҚР ҚАРЖЫ МИНИСТРІ ТҮРКІСТАНДА «АУЫЛ – ЕЛ БЕСІГІ» ЖОБАСЫНЫҢ ОРЫНДАЛУ БАРЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

30.10.2021
0
Түркістан облысына ҚР Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев жұмыс сапарымен келді. Алдымен Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің жаңа ғимаратының ашылу салтанатына қатысқан министр Түркістандағы бірқатар жаңа нысан мен туристік орындарды аралады. Одан кейін Түркістан облысында «Ауыл – Ел бесігі» жобасының жүзеге асырылу барысын қадағалау мақсатында бірнеше аудандардағы елді мекендерде болды.
Министр Түркістан облысы әкімінің орынбасары Арман Сәбитовпен бірге Ордабасы ауданындағы Төрткүл ауылындағы денешынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысымен, Темірландағы Қазыбек би көшесінің орташа жөндеу жұмыстарымен танысты. Сонымен бірге Бәйдібек ауданы, Шалдар ауылындағы аурухананың күрделі жөндеу жұмысы барысын, Қазығұрт ауданы, Талдыбұлақ ауылындағы газ құбырын жүргізу жобаларын саралады. Жаңабазар ауылындағы күрделі жөндеу қолға алынған Елшібек батыр мектеп-лицейінің жай-күйімен де танысты. Елді мекендерді аралау барысында Ерұлан Жамаубаев мемлекет қаржысының әрбір тиыны мақсатты әрі тиімді жұмсалуы керектігін, нысандардың сапалы болуы қажеттігін айтты. «Ауыл – Ел бесігі» жобасы аясында мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан қамқорлықты тұрғындар сезінуі керек екеніне тоқталды. Жергілікті басшыларға жұмысты сапалы атқаруды тапсырды.
Іссапар соңында ҚР Қаржы министрі аудан, қала әкімдері мен мемлекеттік орган басшыларының қатысуымен алқалы жиын өткізді. Жиында мемлекеттік бюджеттің ел игілігіне тиімді жұмсалуы, мемлекеттік бағдарламалардың орындалуы талқыланып, нақты міндеттер жүктелді.
Бүгінде Түркістан облысы бойынша «Ауыл – Ел бесігі» жобасы аясында 302 жобаны іске асыруға бюджеттен жалпы 16,1 млрд. теңге бөлініп, тиісті жұмыс атқарылып жатыр. Атап айтсақ, 8 мектептің қосымша құрылысына және 8 мектепті күрделі жөндеуге, 1 дәрігерлік амбулаторияның құрылысына және 4 денсаулық сақтау нысандарын күрделі жөндеуге тиісті қаржы жоспарланған. Сонымен бірге 2 спорт, 2 мәдениет, 10 табиғи газбен қамтамасыз ету нысанының құрылысына да қаржы қаралған. 14 электр қуатымен жабдықтау нысанының құрылысы, 253 ішкі көшені орташа жөндеу, бұдан өзге де жобаларды жүзеге асыру көзделіп отыр.
Жалпы облыс бойынша жол инфрақұрылымына бөлінген қаржылардың 30%-ға жуығы «Ауыл – Ел бесігі» жобасына тиесілі. Жоба асында елді мекендердің ішкі көшелерінің мәселесі шешіліп жатыр. Жобаларды іске асыру барысында 2 мыңнан астам жұмыс орны құрылады.
Биыл Түркістан облысында «Ауыл – Ел бесігі» жобасы арқылы 280 нысанды пайдалануға тапсыру жоспарланса, 22 нысан 2022 жылға өтпелі. Бүгінгі таңда 182 нысанның жұмыстары аяқталды. Қалған нысандар кестеге сәйкес жыл соңына дейін тапсырылады. Нәтижесінде 70 елді мекенге жаңғырту жұмыстары жүргізіліп, 8 елді мекендегі мектеп және 4 елді мекендегі денсаулық сақтау ұйымдары күрделі жөндеуден өтеді. 42 елді мекенде ұзындығы 346,2 шақырым 249 көше орташа жөндеуден өтеді.
Previous Post

КОРЕЯ РЕСПУБЛИКАСЫ, ӨЗБЕКСТАН ЖӘНЕ ЖАПОНИЯДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН АЗАМАТТАРЫ ПАСПОРТТЫ 30 КҮНДЕ АЛА АЛАДЫ

Next Post

КОЛЛЕДЖ ОҚЫТУШЫЛАРЫ ІРІ КӘСІПОРЫНДАРЫНДА БІЛІМДЕРІН ШЫҢДАЙТЫН БОЛДЫ

Related Posts

ӨНДІРІСТІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ӘСЕРІ ЗЕРДЕЛЕНДІ

ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

by Айғақ медиа
12.11.2026
0

Шымкентте даңқты бапкер Мардан Сапарбаевты еске алуға арналған XXXII халықаралық турнир өтті. Грек-рим күресінен өткен додаға алты мемлекеттен 250-ге жуық...

ӨНДІРІСТІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ӘСЕРІ ЗЕРДЕЛЕНДІ

35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

by Айғақ медиа
12.11.2026
0

Шымкентте 35 жылдан кейін футбол ардагерлері қайта бас қосты. Шаһарда алғаш рет Қазақстан футболының мақтанышы, КСРО спорт шебері Евстафий Пехлеванидидің...

ӨНДІРІСТІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ӘСЕРІ ЗЕРДЕЛЕНДІ

ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

by Айғақ медиа
12.11.2026
0

Өнеркәсіптің дамуы қоршаған ортаға түсетін салмақты арттырмауы тиіс. Шымкентте экологиялық жағдайды бақылауға бағытталған жұмыс тобы «Син Юань Стил» зауытына барды....

ӨНДІРІСТІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ӘСЕРІ ЗЕРДЕЛЕНДІ

ӨНДІРІСТІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ӘСЕРІ ЗЕРДЕЛЕНДІ

by Айғақ медиа
12.11.2026
0

Өнеркәсіптік шығарындыларға бақылау күшейтілді. Шымкент қаласында экологиялық мәселелер жөніндегі жұмыс тобы «Оңтүстік» индустриялық аймағындағы «Polymettech» кәсіпорнына көшпелі отырыс ұйымдастырды. Бұған...

ЦИФРЛАНДЫРУ – ҚАЛА ДАМУЫНЫҢ ЖАҢА БАҒЫТЫ

ЦИФРЛАНДЫРУ – ҚАЛА ДАМУЫНЫҢ ЖАҢА БАҒЫТЫ

by Айғақ медиа
11.11.2026
0

Шымкентте жасанды интеллект пен заманауи технологияларды енгізу жұмыстары жүйелі түрде жүзеге асырылуда Бүгінде цифрландыру мен жасанды интеллектіні дамыту ел экономикасының...

ҚОЗҒАЛЫС ЕРКІНДІГІ – ӨМІР САПАСЫНЫҢ КӨРСЕТКІШІ: ШЫМКЕНТТЕ БУЫН АЛМАСТЫРУ ОТАСЫ ҚОЛЖЕТІМДІ БОЛА ТҮСТІ

ҚОЗҒАЛЫС ЕРКІНДІГІ – ӨМІР САПАСЫНЫҢ КӨРСЕТКІШІ: ШЫМКЕНТТЕ БУЫН АЛМАСТЫРУ ОТАСЫ ҚОЛЖЕТІМДІ БОЛА ТҮСТІ

by Айғақ медиа
11.11.2026
0

Адам денсаулығы мен өмір сапасын жақсарту – әлеуметтік саясаттың негізгі басымдықтарының бірі. Әсіресе тірек-қимыл аппараты ауруларына шалдыққан азаматтарға сапалы медициналық...

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


Facebook Telegram Youtube Instagram

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.