• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Жұма, Қараша 6, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

ДАРИҒА НАЗАРБАЕВА 160 ДОМБЫРА ТАРТУ ЕТТІ

27.10.2021
0

10 оқу-тәрбие мекемесінің 160 оқушысына 160 домбыра сыйға берілді. Музыкалық аспаптарды «Дегдар» гуманитарлық қорының Қамқорлық кеңесінің төрағасы Дариға Назарбаева табыстады, деп хабарлайды ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметі.

«Дегдар» гуманитарлық қорының жаңа қайырымдылық жобасы күйші Дина Нұрпейісованың 160 жылдығы аясында өтті.

Жобаның гуманитарлық мақсаты – домбыра сатып алуға мүмкіндігі жоқ талантты балаларға қазақтың киелі музыкалық аспабын табыстау. Арнайы жасалған 160 домбыра ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар мен аз қамтылған отбасылардан шыққан бүлдіршіндерге берілді.

Сонымен қатар бұл жоба «күй анасы» атанған Дина Нұрпейісованың бай мұрасын дәріптеуге, ұлттық өнердің насихатталуына үлес қосуды көздейді.

«Дегдар» гуманитарлық қорының Қамқорлық кеңесінің төрағасы Дариға Назарбаева атап өткендей, домбыра ежелден бері музыкалық мәдениетіміздің басты символы болып келеді.

— «Дегдар» гуманитарлық қоры мектептер мен балалар ансамбльдеріне  музыкалық аспаптар сыйлайды, соның арқасында домбыра тартып үйренсем деген талай баланың тілегі орындалады. Бұл сыйлығымыз әйгілі күйші Дина Нұрпейісованың 160 жылдығымен орайлас келіп отыр. Ол өзінің таланты мен музыкаға деген махаббаты мен туған жерге сүйіспеншілігінің арқасында «Күй анасы», тұңғыш әйел-композитор атанды. Оның күйлерінде  даланың  тылсым даусы мен бұлбұл құстың әсем үні бар.

Домбыра ежелден бері музыкалық мәдениетіміздің басты символы болып келеді. Бар болғаны екі шекті көне аспапта туған жеріміздің сұлулығы мен сырлы сезім тұнып тұр. Қазіргі музыка әлемі өте бай, алуан түрлі. Ал дәстүрлі өнерді таңдаған сіздердің шәкірттеріңіз  үшін заманауи компьютерлік технология  домбыраның ғажап даусына көлеңке түсіре алмапты.  Мен бұған өте  қуаныштымын. Ұлттық музыкаға құштар балалар көп болған сайын,  ұлтымыздың болашағы  жарқын, рухы жоғары болатынына сенеміз.         

Құрметті мектеп басшылары және ұстаздар! Мен сіздерге осы аспаптарды сыйға тарта отырып, жас ұрпақты тәрбиелеу ісінде сәттілік пен төзімділік, ізгілік пен мейірім тілеймін! Ал талантты жастарға шығармашылық табыс тілегім келеді. Біз сіздерді еліміздің ең үлкен сахналарынан көретін болайық! – деп жеткізді Дариға Назарбаева өз сөзінде.

Іс-шараға қатысқан Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова, өз кезегінде, педагогтарға және балалар музыка мектептерінің, ансамбльдердің жетекшілеріне алғыс білдірді:

— Қазақта «Ұстазы жақсының – ұстамы жақсы» деген киелі сөз бар. Күй өнерін хас шеберлігімен аспандата білген ерекше тұлға – Дина Нұрпейісованың да бағыт берген ғұлама ұстаздары болған, алдымен оның әкесі, содан кейін ұлы Құрманғазының өзі оның музыкаға қызығушылығын  қолдап, талантын ұштаған.

Бүгінгі жиында балаларды және өз ісін жақсы көретін осындай тәлімгерлер бар екеніне кәміл сенімдімін. Осынау орайлы сәтті пайдалана отырып, сіздер арқылы барлық педагогтарға, балалар музыка мектептерінің, ансамбльдердің жетекшілеріне баға жетпес еңбектеріңіз үшін алғыс айтқым келеді!- деді министр.

Дина Нұрпейісованың 160 жылдығы аясында өткізіліп жатқан көптеген іс-шаралардың арасында «Дегдар» гуманитарлық қоры ұйымдастырған жобаның орны бөлек екенін күйшінің шөбересі Төлеген Қуанышев атап өтті. «Күй анасы» қорын басқаратын Төлеген Қуанышевтың айтуынша, бұл қайырымдылық жоба жас бүлдіршідерге Дина Нұрпейісованың мұрасын кеңінен тануға мүмкіндік береді.

Іс-шара аясында қатысушылар күйші Дина мен оның атақты ұстазы Құрманғазының туындылары орындалған концерттік бағдарламаны тамашалай алды. Сахнада «Байжұма», «Саранжап», «Баламишка», «Балбырауын», «Адай», «Науысқы» т.б. күйлерді орындалды. Ұлттық музыканың озық үлгілерін Ерлан Рысқали, Ғалым Ахмедьяров, сондай-ақ Динаның образында өнер көрсеткен Анар Мұздаханова ұсынды. Бұл концерт домбыра үнінің баршаға ортақ екендігін дәлелдей түсті. Қазақтың күй тартыс өнерін  Самвел Азноварян, Мозес Зиборкеде, Сабир Гусейнов, Михаил Абуов шебер көрсете білді. Түрлі ұлттық музыкалық аспаптардың үнін жаңғыртқан «Астана сазы» ансамблінің өнері де зор ықыласқа бөленді. Белгілі әртістермен бірге сахнада «Үміт», «Шабыт» және «Бурабай» атты балалар ансамбльдері өнер көрсетіп, жаңа музыкалық челлендж бастады. Ұйымдастырушылар атап өткендей, челлендж аясында әрбір видео Instagram әлеуметтік желісінде #ДинаНурпеисоваФондДегдар хештегімен жарияланып, домбырада ойнаудың онлайн жарысы ретінде ұсынылады. Челлендж өскелең ұрпақтың бойына рухани құндылықтарды сіңіріп, ұлттық өнердің сақталуы мен насихатталуын арттыруға бағытталған.  Жаңа музыкалық челлендж Instagram әлеуметтік желісінде 2021 жылғы 31 желтоқсанға дейін өтеді.

Жоба аясында еліміздің түрлі аймақтарында орналасқан оқу орындары қамтылды. Олардың қатарында:

1) Е.Асқаров атындағы жас ақындар мектебі, Петропавловск қаласы

2) «Отбасы үлгісіндегі балалар ауылы» КММ, Өскемен қаласы

3) К.Шакеев атындағы ақындар мектебі, Көкшетау қаласы

4) «Мәдени-сауық орталығы» КМҚК, Қостанай қаласы

5) «SOS Балалар ауылы», Нұр-Сұлтан қаласы

6) «Ер Едіге» жыр мектебі, Актөбе қаласы

7) «Мақат» өнер мектебі жанындағы балалар оркестрі, Атырау облысы

8) «Айналайын» балалар үйінің домбырашылар ансамблі, Талдықорған қаласы

9) Н.Тілендиев атындағы көп балалы және аз қамтылған балаларға арналған мектеп-интернатының «Нұр-Ата» фольклорлық-этнографиялық мектеп оркестрі, Тараз қаласы

10) «Облыстық көру қабілеті бұзылған балаларға арналған арнаулы мектеп-интернаты» КММ, Батыс Қазақстан облысы.

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

САНАНЫ УЛАЙТЫН СЕНІМГЕ ТОСҚАУЫЛ

САНАНЫ УЛАЙТЫН СЕНІМГЕ ТОСҚАУЫЛ

Айғақ медиа
06.11.2026
0

Желідегі бір ғана кездейсоқ жазба адамды тағдыр тәлкегіне салуы мүмкін. Бүгінде ғаламтор жастар үшін жай ғана ақпарат алаңы емес, сананы...

ҚҰТҚАРУШЫЛАР- ЕРЛІКТІҢ ҮЛГІСІ

ҚҰТҚАРУШЫЛАР- ЕРЛІКТІҢ ҮЛГІСІ

Айғақ медиа
06.11.2026
0

Қауіп-қатерге қарамастан, адам өмірін құтқару – үлкен ерлік пен жауапкершілікті талап етеді. Өрт, апат және төтенше жағдай кезінде көмекке асығатын...

ҚАЛА ДАМУЫ — КЕҢЕС НАЗАРЫНДА

ҚАЛА ДАМУЫ — КЕҢЕС НАЗАРЫНДА

Айғақ медиа
06.11.2026
0

Шымкенттің туристік әлеуеті артып келеді. Биылғы жылдың алғашқы алты айында қалаға келген туристер саны 23,3 пайызға өскен. Қонақтарды қабылдау мүмкіндігін...

30 ОТБАСЫ ҚУАНЫШҚА КЕНЕЛДІ

ӨНДІРІС- ЭКОНОМИКАНЫ ӨРКЕНДЕТЕДІ

Айғақ медиа
06.11.2026
0

Қазіргі таңда отандық өндірісті өркендету — мемлекетіміздің басты бағыттарының бірі. Өйткені қуатты өндіріс — тұрақты экономиканың кепілі. Бұл бағытта үшінші...

БАСПАНАМЕН ҚАМТУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА

БАСПАНАМЕН ҚАМТУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА

Айғақ медиа
06.11.2026
0

Білім күні қарсаңында Шымкентте 40 отбасы баспаналы болды. Салтанатты рәсімде қала әкімі жаңа пәтер иелеріне баспана кілттерін табыстап, қуанышты сәттерімен...

ІСКЕР ӘЙЕЛ — ІРГЕЛІ ҚОҒАМ

ІСКЕР ӘЙЕЛ-ІРГЕЛІ ҚОҒАМ

Айғақ медиа
06.11.2026
0

Әйелге мүмкіндік беру — оның арманына қанат бітіріп, тұтас қоғамның дамуына серпін береді.Нәзік жандылардың бойындағы осы әлеуетті қолдап, жаңа қадамдарға...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.