• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Сәрсенбі, Шілде 16, 2025
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Бас ақпарат

БИЫЛ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 800 МЫҢ ШАРШЫ МЕТР ҮЙ ТАПСЫРЫЛАДЫ

23.10.2021
0

Түркістан облысында 2019-2020 жылдары қаржыландырудың барлық көздерінен 1,35 млн. шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Оның ішінде бюджет қаражаты есебінен 200 мың шаршы метрге жуық тұрғын үй құрылысы аяқталып, 3500-ге жуық отбасы баспанамен қамтамасыз етілді. Қазіргі таңда да өңірде бұл бағытта жұмыс өте қарқынды. Бұл жұмыстарды облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев  жіті қадағалауында ұстап отыр. Өңір  басшысы кезекті рет Түркістан қаласындағы құрылыс аумағын аралап, жұмыс барысын бақылады.

Биыл облыс аумағында 800 мың шаршы метрге жуық тұрғын үй тапсыру жоспарланған. Бүгінде оның жартысынан астамы пайдалануға берілді. Жыл қорытындысымен жоспарланған көрсеткішке толықтай қол жеткізіледі.

Бюджет қаражаты есебінен облыста биыл 118 тұрғын үйдің (6 850 пәтер, 442 мың шаршы метр) құрылысы жүргізілуде. Жыл қорытындысымен 58 тұрғын үйдің (3270 пәтер, 204,7 мың шаршы метр) құрылысын аяқтау жоспарланған. Сонымен қатар ауылдарда жеке тұрғын үй салу үшін инженерлік желілермен қамтамасыз етілген 2000-нан астам жер телімі бөлінді.

Әсіресе Түркістан қаласында құрылыс қарқыны өте жоғары.  Облыс орталығында 2019-2020 жылдары 400 мың шаршы метр тұрғын үй берілсе, оның ішінде 80 мың шаршы метрден астамы (1536 пәтер) бюджет қаражаты есебінен салынған. Қазір Түркістан қаласы бойынша 98 тұрғын үй, яғни,   6166 пәтердің құрылысы жүргізілуде. Жыл соңына дейін 49 тұрғын үй, 2966 пәтерді пайдалануға беру көзделген. Бұдан бөлек, қала аумағында 45 көпқабатты кредиттік тұрғын үйдің құрылысы басталды. Ол аяқталса, 144,6 мың шаршы метрді құрайтын  2504 пәтер ел игілігіне берілмек.

Елбасының Түркістанды түркі әлемінің орталығына айналдыру жөніндегі тапсырмасы тарихи шаһарды жаңа белеске көтерді. Осыған орай қаланың құрылысына инвестиция салуға ниеттілер көбейді. Тұрғын үй құрылысын жүргізуге көптеген компаниялар мен мердігерлер қызығушылық танытып,  2019-2020 жылдары инвесторлар қаражаты есебінен жалпы сомасы 7,4 млрд. теңгеге жететін 21 көпқабатты үй пайдалануға тапсырылған.  Нәтижесінде 40,9 мың шаршы метрді құрайтын 711 пәтер бой көтерген.

Осы жылдың өзінде инвесторлар қаражаты есебінен 65 көпқабатты тұрғын үй (3373 пәтер, 227,1 мың шаршы метр) мен 4 коттеджді қалашықтар (39,7 мың шаршы метр) құрылысы басталып, жұмыс қарқыны арта түсті. Биыл осы салаға бағытталатын инвестицияның жалпы көлемі шамамен 27 млрд. теңгеге жетпек. Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы жылдары жоғары қарқынмен жалғасатын болады.

2021 жылы аудан, қалаларда жеке тұрғын үй салу үшін де тиісті жұмыстар қолға алынды. Егерде 2019-2020 жылдар аралығында барлығы 2101 мың жер телімі бөлінсе, биыл 5000-нан астам жер телімін жеке тұрғын үй салу үшін қажетті инфрақұрылыммен қамтамасыз ету жоспарланып, жоспар жүзеге асып жатыр.  Ол жоспар толық орындалса,  2019-2021 жылдар аралығында берілген жер телімі 7559-ға жетеді.

Құрылыс нысандарын аралап, осы саладағы жұмыстарды саралаған Өмірзақ Шөкеев тұрғындарды сапалы әрі инфрақұрылымы жасақталған тұрғын үйлермен қамту ісі жалғасатынын жеткізді. Тиісті сала басшылары мен құрылыс компанияларына ел алдындағы міндетті шынайы жауапкершілікпен атқаруды тапсырды.

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

МӘЖІЛІСМЕН ТЖД ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

МӘЖІЛІСМЕН ТЖД ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

Айғақ медиа
09.07.2025
0

Шымкент қаласында алты жаңа өрт сөндіру бөлімі салынады. Бұл туралы ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты мегаполиске жұмыс сапары барысында келгенде айтылды....

ҚОСЫМША БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ЖАҢА ТАЛАПТАР

АСПАЛЫ ЖОЛ ӨТКЕЛІ АЯҚТАЛУҒА ЖАҚЫН

Айғақ медиа
09.07.2025
0

Сенаторлар Шымкент қаласындағы теміржол өткелінің құрылыс жұмысымен танысты.Еңбекші ауданындағы Момынов көшесінің бойында салынып жатқан аспалы жол өткелі қаладағы көлік кептелісін...

ҚОСЫМША БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ЖАҢА ТАЛАПТАР

ҚОСЫМША БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ЖАҢА ТАЛАПТАР

Айғақ медиа
09.07.2025
0

 Қосымша білім беретін кәсіпкерлерге мемлекет тарапынан жаңа талаптар енгізілді. Енді үйірмелерге қатысатын балалар саны шектеледі, сондай-ақ бұдан былай ерекше балаларды...

СОТ САРАПТАМА ОРТАЛЫҒЫНА ҚОЛДАУ ҚАЖЕТ

СОТ САРАПТАМА ОРТАЛЫҒЫНА ҚОЛДАУ ҚАЖЕТ

Айғақ медиа
09.07.2025
0

Елімізде генетикалық сараптама жасайтын 5 қана орталық бар. Соның бірі Шымкентте. Орталыққа Полиция департаменті мен азаматтық соттардан сұраныс өте көп...

ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУДА ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘСЕЛЕЛЕР КӨТЕРІЛДІ

ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУДА ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘСЕЛЕЛЕР КӨТЕРІЛДІ

Айғақ медиа
09.07.2025
0

Сенат депутаттары Нұрлан Бекназаров пен Айгүл Қапбарова қала тұрғындарымен жеке қабылдау өткізді. Қоғаммен тікелей байланыс орнату мақсатында өткен бұл кездесу...

ШАҺАРДЫҢ БІРЫҢҒАЙ ДИЗАЙН КОДЫН МӘСЛИХАТ БЕКІТЕДІ

ШАҺАРДЫҢ БІРЫҢҒАЙ ДИЗАЙН КОДЫН МӘСЛИХАТ БЕКІТЕДІ

Айғақ медиа
09.07.2025
0

Шымкент қаласының біртұтас дизайн кодын енді жергілікті мәслихат депутаттары бекітетін болады. Арнайы ереже арқылы шаһардың заманауи келбеті қалыптасып, жайлы, қолжетімді...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.