• Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Бейсенбі, Қараша 12, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result

ТҮРКІСТАН КӨШЕЛЕРІНДЕ 5G-ГЕ ТЕГІН ҚОСЫЛУ АЙМАҒЫ АШЫЛДЫ

18.10.2021
0
Елдегі ірі байланыс операторы «Қазақтелеком» Түркістанда 5G базалық станциясын іске қосты. Нәтижесінде қаланың Бекзат Саттарханов даңғылында бесінші буын ұялы байланыс желісінің 5G-хот спот-аймағын құруға мүмкіндік берді.
Түркістан — Қазақстанның ежелгі қалаларының бірі, ол уақыт өте келе ішкі және сыртқы туризм орталықтарының біріне айналуы тиіс. Бірақ көптеген ғасырлар бұрын Самарқанд, Бұхара, Хиуадан өткен керуен жолдарының қиылысында пайда болған елді мекеннің туристік тартымдылығын арттыру үшін телекоммуникация саласында да ауқымды инфрақұрылымдық жұмыстар қажет. Осы бағытта биылғы күзде облыс бесінші буын ұялы байланыс орнатуға алғашқы қадам жасады: қаланың әкімшілік орталығын облыс орталығының кіреберіс қақпаларымен байланыстыратын Бекзат Саттарханов даңғылында «Қазақтелеком» АҚ 5G базалық станциясын орналастырды.
«5G саласындағы көптеген сынақтар мен пилоттық жобалардан кейін, компаниямыз өзінің инфрақұрылымына негізделген тұрақты түрде бесінші буын желісін іске қосып, осы саладағы технологиялық көшбасшы мәртебесін тағы бір растады»,-дейді «Қазақтелеком» АҚ басқармасының төрағасы Қуанышбек Есекеев — Бұл желі барлық қала тұрғындары мен қонақтарына қол жетімді болады, 5G-ге лайықталған смартфондарды қолданушылар «ауыр» мазмұнды жүктеу кезінде, UHD сапасымен бейне контент тамашалау кезінде, жаңа стандарттың барлық артықшылықтарын бағалайтын болады. Осы арқылы 3G / 4G желілерімен салыстырғанда, 5G желілеріндегі жылдамдық пен кідірістің айырмашылығын сезініп көреді. Естеріңізге сала кетейін, 5G технологиялары 4G технологиясына қарағанда жоғары өткізу қабілеттілігін қамтамасыз етеді, құрылғылар арасында өте сенімді кең ауқымды байланыс жүйесін құрады, сонымен қатар 4G жабдығына қарағанда сигналдың кешігуіне жол бермейді және батарея қуаттылығын сақтайды. Мұның бәрі IoT дамуына, халық арасында жаңа стандарттың таралуына оң әсерін тигізеді. Жаңа стандарттағы желілерді құру бойынша алғашқы ауқымды жұмысты бірінші болып «Қазақтелекомның» жүргізгенін біз мақтан тұтамыз», — дейді ол.
Компанияның бірінші басшысының айтуынша, 5G технологиясы мобильді интернет үшін де, тұрғындарға сымсыз Интернетке қосылуды қамтамасыз ету үшін де, IoT (Интернет заттары, Интернет заттары) кейстері үшін де кеңінен қолдануға болады. Сонымен қатар Big дата негізінде қызметі толықтай автоматтандырылған, басқарушылық шешімдер қабылдауға, талдауға және «ақылды қала» элементтерін енгізуге жғдай жасайды.
5G желісі C-band диапазонында, яғни жер үсті және спутниктік радиобайланыс үшін пайдаланылатын Non-Standalone режимінде (NSA, автономды емес стандарт) толқын ұзындығы диапазонында іске қосылды.
NSA қолдану 5G базалық станциясын қолданыстағы LTE желісіне қосу мүмкіндігін және Қазақстанда жұмыс істейтін ұялы байланыс операторларының 4G пакеттерімен біріктіруді білдіреді. Енді қазірдің өзінде Түркістанда 5G технологиясына лайықталған құрылғылары бар, Altel мен Tele2 абоненттері жаңа жүйрік желіні қолдана алады. Осы ретте атап айтары маңызды мәселе бүгінгі таңда Қазақстанда 5G желісінде тек Xiaomi мен Huawei компаниясының құрылғылары лайықталған. Дегенмен «Қазақтелеком» Apple, Samsung және Vivo компанияларымен Қазақстанда 5G технологиясын қолдау үшін осы өндірушілердің құрылғыларын қайта жабдықтау туралы белсенді келіссөздер жүргізуде.
Түркістан облысы әкімінің орынбасары Рашид Аюповтың айтуынша, Түркістанда 5G желілерін іске қосу тек аймақ үшін ғана емес, жалпы Қазақстан үшін маңызды. «Біз Ақмола облысының Ақкөл қаласындағы Қазақтелекомның пилоттық жобасын мұқият қадағалап отырдық, онда оператордың цифрлық шешімдері «Ақылды қаланың» әр түрлі элементтерін енгізуге мүмкіндік берді, бұл азаматтардың өмірін қауіпсіз әрі ыңғайлы етеді», — деп атап өтті Рашид Аюпов. — Біз осындай шешімдерді Түркістанда қолданғымыз келеді, дегенмен біздің елді мекендердің көлемі жағынан айырмашылығы түбегейлі жаңа, қуатты инфрақұрылым арнасын қажет ететінін түсінеміз. Соның бірі қазіргі уақытта Түркістан тұрғындарына көптеген мүмкіндіктерге жол ашқан 5G стандарты. 5G технологиясы біз үшін ұтқырлықта, жылдамдықта және қызмет көрсету сапасында жаңа өлшемдерді жүзеге асыруға сеп болады. Бұл желінің Түркістанда іске қосылуы қаланы басқаруда жаңа сценарийлерді енгізуге, көлік инфрақұрылымын цифрландыруға және «Ақылды қала» жобасын іске асыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, 5G желілеріне еркін қол жеткізу аймақтары қаламызға туристер ағынын ұлғайтуға қосымша ынталандыру құралына айналады, ал бұл біздің болашақтағы басты міндеттеріміздің бірі», — деп атап өтті ол.
5G технологиясының іске қосылуы мобильді интернеттің жылдамдығы мен сапасы тұрғысынан пайдаланушыларға көптеген артықшылықтарға жол ашады: Түркістанның алғашқы хот спотын іске қосу үшін «Қазақтелеком» АҚ 5G базалық станциясына 10GE жеке оптикалық желілік арнасын ұйымдастырды, бұл деректерді беру жылдамдығын 1,2 Гбит/с дейін арттырады. Ежелгі қаланың орталық артерияларының бірінде 5G базалық станциясының іске қосылуы Түркістанда бесінші буын желісін құруға және оның аясын кеңейтуге алғашқы қадам болып табылады.
2022 жылдың басында Б.Саттарханов даңғылының әр бөлігінде орналасқан әуежай, әкімшілік-іскерлік орталығы мен мәдени-рухани орталықтың байланыс аймағын құру үшін 5G базалық станцияларын қосымша орнату жоспарлануда.
«Қазақтелеком» АҚ Инновациялар жөніндегі бас директоры Нұрлан Мейірманов өз кезегінде 5G желілерінің құрылысы компания дамуындағы стратегиялық басымдық болып табылатынын атап өтті. Бұл технология мобильді желілерде деректерді беру жылдамдығының айқын бәсекелестік артықшылықтарынан бөлек, «Қазақтелекомның» бизнестің принципті жаңа мәселелерін шешудегі мүмкіндіктерін кеңейтеді, олар: корпоративтік клиенттердің жекелеген элементтерін цифрландырудан бастап, Қазақстанда «ақылды қалалар» мен цифрлық өнеркәсіптің архитектурасын құруға дейінгі процестер.
«Біз Түркістан қаласындағы пилоттық желімізді әлемдегі ең кең таралған және кеңінен ұсынылатын радиожиілік диапазонында орналастырдық», — дейді Нұрлан Мейірманов. — Біз жаңа желінің сапасын 5G құрылғыларының бірнеше түрлерінде, оның ішінде 5G смартфоны мен 5G модемінде тексеріп көрдік. Бұл құрылғыларды тестілеу кезінде біз тұрақты түрде 1-1,2 Гбит/с жылдамдыққа қол жеткіздік, ал желінің орташа кідірісі 7-8 мс болды, бұл біз күткен нәтижелерге және кеңейтілген мобильді кең жолақты стандарттарға сәйкес келеді, сонымен қатар URLLC яғни кідірісі төмен өте сенімді байланыс стандартына сай. Басқаша айтқанда, біз ең қарапайым гаджеттері бар қарапайым қолданушы үшін осы желімен жұмыс істеу мүмкіндігін тексердік және жаңа желі біз орнатқан параметрлерге толық сәйкес келетініне көз жеткіздік», — дейді компанияның Инновациялар жөніндегі бас директоры Нұрлан Мейірманов.
«Қазақтелеком» Түркістанда тұсауы кесілген алғашқы жоба — Қазақстанның цифрлық экономикасының дамуына және компаниялардың цифрлық трансформациясына негіз болатын бүкіл ел бойынша құрылатын келешек хот спот нүктелерінің прототипі екеніне сенім білдірді.
Previous Post

ТҮРКІСТАНДА ТҰҢҒЫШ РЕТ ЖҮРЕККЕ ОТА ЖАСАЛДЫ

Next Post

ТҮРКІСТАНДЫҚТАРДЫҢ 90 ПАЙЫЗДАН АСТАМЫ КОРОНОВИРУСҚА ҚАРСЫ ЕКПЕ ҚАБЫЛДАДЫ

Related Posts

ӨНДІРІСТІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ӘСЕРІ ЗЕРДЕЛЕНДІ

ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

by Айғақ медиа
12.11.2026
0

Шымкентте даңқты бапкер Мардан Сапарбаевты еске алуға арналған XXXII халықаралық турнир өтті. Грек-рим күресінен өткен додаға алты мемлекеттен 250-ге жуық...

ӨНДІРІСТІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ӘСЕРІ ЗЕРДЕЛЕНДІ

35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

by Айғақ медиа
12.11.2026
0

Шымкентте 35 жылдан кейін футбол ардагерлері қайта бас қосты. Шаһарда алғаш рет Қазақстан футболының мақтанышы, КСРО спорт шебері Евстафий Пехлеванидидің...

ӨНДІРІСТІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ӘСЕРІ ЗЕРДЕЛЕНДІ

ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

by Айғақ медиа
12.11.2026
0

Өнеркәсіптің дамуы қоршаған ортаға түсетін салмақты арттырмауы тиіс. Шымкентте экологиялық жағдайды бақылауға бағытталған жұмыс тобы «Син Юань Стил» зауытына барды....

ӨНДІРІСТІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ӘСЕРІ ЗЕРДЕЛЕНДІ

ӨНДІРІСТІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ӘСЕРІ ЗЕРДЕЛЕНДІ

by Айғақ медиа
12.11.2026
0

Өнеркәсіптік шығарындыларға бақылау күшейтілді. Шымкент қаласында экологиялық мәселелер жөніндегі жұмыс тобы «Оңтүстік» индустриялық аймағындағы «Polymettech» кәсіпорнына көшпелі отырыс ұйымдастырды. Бұған...

ЦИФРЛАНДЫРУ – ҚАЛА ДАМУЫНЫҢ ЖАҢА БАҒЫТЫ

ЦИФРЛАНДЫРУ – ҚАЛА ДАМУЫНЫҢ ЖАҢА БАҒЫТЫ

by Айғақ медиа
11.11.2026
0

Шымкентте жасанды интеллект пен заманауи технологияларды енгізу жұмыстары жүйелі түрде жүзеге асырылуда Бүгінде цифрландыру мен жасанды интеллектіні дамыту ел экономикасының...

ҚОЗҒАЛЫС ЕРКІНДІГІ – ӨМІР САПАСЫНЫҢ КӨРСЕТКІШІ: ШЫМКЕНТТЕ БУЫН АЛМАСТЫРУ ОТАСЫ ҚОЛЖЕТІМДІ БОЛА ТҮСТІ

ҚОЗҒАЛЫС ЕРКІНДІГІ – ӨМІР САПАСЫНЫҢ КӨРСЕТКІШІ: ШЫМКЕНТТЕ БУЫН АЛМАСТЫРУ ОТАСЫ ҚОЛЖЕТІМДІ БОЛА ТҮСТІ

by Айғақ медиа
11.11.2026
0

Адам денсаулығы мен өмір сапасын жақсарту – әлеуметтік саясаттың негізгі басымдықтарының бірі. Әсіресе тірек-қимыл аппараты ауруларына шалдыққан азаматтарға сапалы медициналық...

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


Facebook Telegram Youtube Instagram

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.