Шымкент жұртшылығы Қазақстанның Құрметті Құрылысшысы, «Құрмет» орденінің иегері АҚШ-тың Калифорния штатының «Құрметті азаматы», Түркістан облысының «Құрметті азаматы», ОҚО әкімі жанындағы Қоғамдық кеңестің мүшесі Әбдіғани Ташқараевты ақтық сапарға шығарып салды. Рәсім барлық карантиндік сақтық шараларын сақтай отырып өткізілді.
Әбдіғани Ташқарев 1941 жылы дүниеге келген. Еңбек ардагері Қазақ химия-технология институтын 1968 жылы бітірді. КСРО Министрлер Кеңесі жанындағы халық шаруашылығы академиясын 1986 жылы тәмамдап, еңбек жолын құрылысшы-инженер болып бастады.
1963-1984 жылдары үй құрылысы комбинатында мастер, прораб, аға прораб, бас құрылысшы, «Шымкентқұрылыс» тресінде басқарушы, «Оңтүстік құрылыс басқармасы» бастығының орынбасары болды.
1986-1999 жылдары Шымкент қалалық партия комитетінің хатшысы, облыстық атқару комитеті төрағасының орынбасары, облыс әкімінің орынбасары, «Оңтүстік» акционерлік қоғамының бас директоры қызметтерін атқарды.
Еңбек Қызыл Ту орденімен, «Ерен еңбегі үшін» медалімен, «Қазақстан тәуелсіздігініне 10 жыл» мерекелік медалімен марапатталған. Шымкент қаласының «Құрметті азаматы».
Тәуелсіз Қазақстанның жасампаз, жарқын істерінің бастауында тұрып, ел игілігі үшін еселі еңбек еткен арда азамат еді. Елағасы Әбдіғани Ташқараевтың қайтыс болуына байланысты туған туыстары мен ағайындарының қайғысына ортақтасып көңіл айтамыз.
Айғақ-ақпарат