• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Жұма, Қазан 17, 2025
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Әлеумет

ҚАЛА ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ АЗАМАТТАРДЫ ЖЕКЕ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША ҚАБЫЛДАДЫ

23.09.2021
0

Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Ерғали Білісбеков азаматтарды жеке мәселелері бойынша онлайн қабылдады. Онда азаматтардың басым бөлігінде өзекті болып табылатын тұрғын үй мәселесі қаралды. Ерғали Дәулетбекұлы әрбір азаматтың өтінішін мұқият тыңдап, пәтерлерге заң аясында қол жеткізу жолдарын түсіндірді.

Бүгінгі таңда Шымкентте 46 008 азамат тұрғын үй кезегінде тұр. Оның ішінде жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар санаты бойынша — 1 749, көпбалалы отбасылар — 8 538, халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз тобы — 15 759, мемлекеттік қызметшілер, бюджеттік ұйым және әскери қызметшілер — 19 935, жалғыз тұрғын үйі апатты жағдайда деп танылған 27 адам бар екенін айтқан ол, баспана тек кезек реттілігімен ғана берілетіндігін түсіндірді. Кезек ретін «Egov.kz» порталы арқылы көріп отыра алады. Бұл ретте Шымкентте биыл миллион шаршы метр тұрғын үйдің құрылысы жүріп жатқанын түсіндірді.

Одан бөлек, баспанаға мұқтаж азаматтарды қолдау мақсатында биыл жергілікті бюджет есебінен тұрғын үй серитификатына 500 миллион теңге бөлінді. Қайтарымсыз негізде бастапқы жарнаға 1 миллион теңгеден беріледі. Аталған сертификатты бүгінде 132 азамат алып үлгерді. Тұрғын үй сертификатына өтінімдер 1 қазаннан бастап қайта «www.kezekte.kz» сайты арқылы қабылданады.

Жалпы осы жылы 976 азаматты сатып алу құқығынсыз арендалық пәтермен қамтамасыз ету көзделіп, 8 айда 682-сі орындалды. Оның ішінде 300 жалдамалы баспана жұмыс істеп жүрген жастарға, 25 пәтер жетім балаларға, 176 пәтер көпбалалы отбасыларға, 181 пәтер халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз тобына берілді. Қалған 294 пәтер тұрғын үйлердің құрылысы аяқталуына қарай жыл соңына дейін үлестірілетін болады.

Қала әкімінің орынбасары арендалық пәтерлер кезек арқылы көпбалалы отбасыларға, халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз топтарына және жұмыс істейтін жастарға қарастырылғанын, ал бюджеттік ұйым қызметкерлеріне «Нұрлы жер» мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасы аясындағы несиелік бағдарламалар ұсынылып жатқанын айқындап айтты.

Бұдан бөлек, сала жетекшісі ретінде жұмыспен қамтуға қатысты қозғалған мәселелерді шешу үшін басқарма басшыларына нақты тапсырмалар жүктеді.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

АССАМБЛЕЯ — БІРЛІК ПЕН КЕЛІСІМНІҢ ІРГЕТАСЫ

АССАМБЛЕЯ — БІРЛІК ПЕН КЕЛІСІМНІҢ ІРГЕТАСЫ

Айғақ медиа
17.10.2025
0

Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Марат Әзілханов жұмыс сапарымен Шымкентке келді. Әзілханов алдымен Достық үйінде ассамблея құрылымдарының басшыларымен және қаланың...

ҚАУІПТІ АУРУЛАРДЫҢ АЛДЫН АЛУ ШАРАЛАРЫ

ҚАУІПТІ АУРУЛАРДЫҢ АЛДЫН АЛУ ШАРАЛАРЫ

Айғақ медиа
17.10.2025
0

Биыл Шымкентте жануарлардан жарақат алған екі мыңнан астам адам медициналық көмекке жүгінген. Оның ішінде 14 жасқа дейінгі балалар саны 1343....

ӘЛЕУМЕТТІК ҚОЛДАУДЫҢ МҮМКІНДІКТЕРІ

ӘЛЕУМЕТТІК ҚОЛДАУДЫҢ МҮМКІНДІКТЕРІ

Айғақ медиа
17.10.2025
0

Шымкенттік кәсіпкерлер назарына. Қараша айынан бастап 5 млн теңге қайтарымсыз грант конкурсы басталмақ. Жыл басынан бері өткізілген бірінші және екінші...

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНАН МАРАПАТ АЛҒАН ҰСТАЗ

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНАН МАРАПАТ АЛҒАН ҰСТАЗ

Айғақ медиа
17.10.2025
0

Жақында ғана Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ел дамуына елеулі үлес қосып жүрген түрлі сала өкілдерін, соның ішінде білім беру жүйесінде...

ЖЕР СІЛКІНУІНЕ БАЙЛАНЫСТЫ ЖЕДЕЛ ШТАБ ҚҰРЫЛДЫ

ЖЕР СІЛКІНУІНЕ БАЙЛАНЫСТЫ ЖЕДЕЛ ШТАБ ҚҰРЫЛДЫ

Айғақ медиа
17.10.2025
0

Еліміздің оңтүстігінде жер сілкінді. Дүмпу кеше түнгі сағат 01:29-да тіркелді. Эпицентрі Алматы қаласынан 465 шақырым қашықтықта, Қырғызстан аумағында орналасқан. Магнитудасы...

ИНФРАҚҰРЫЛЫМ МӘСЕЛЕЛЕРІ ШЕШІЛУДЕ

ИНФРАҚҰРЫЛЫМ МӘСЕЛЕЛЕРІ ШЕШІЛУДЕ

Айғақ медиа
17.10.2025
0

Тұран ауданының әкімі Берік Әшірбеков 8 айдағы атқарылған инфрақұрылымдық жетістіктер мен өзекті мәселелері туралы есеп берді. Қазіргі таңда тұрғындарды ауыз...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.