• Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Бейсенбі, Қараша 12, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result

А.МАМИН ЖАҢҒЫРТУ ЖӨНІНДЕГІ ҰЛТТЫҚ КОМИССИЯ ОТЫРЫСЫН ӨТКІЗДІ

21.09.2021
0

ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы Нұрлан Нығматулиннің қатысуымен Жаңғырту жөніндегі ұлттық комиссия отырысы өтті. «ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бес институционалдық реформасын іске асыру жөніндегі 100 нақты қадам» Ұлт жоспарының және Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауының орындалу барысы қаралды.

Атқарылып жатқан жұмыстар туралы ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев, индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов, экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев, энергетика министрі Мағзұм Мырзағалиев, цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин, денсаулық сақтау министрі Алексей Цой, білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов, Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы – АХҚО басқарушысы Қайрат Келімбетов және т. б. баяндады. Қазіргі уақытта Ұлт жоспарының 100 қадамының 72-сі іске асырылды: «Кәсіби мемлекеттік аппаратты қалыптастыру» бағыты бойынша 15 қадамның 13-і, «Заң үстемдігін қамтамасыз ету» бағыты бойынша барлық 19 қадам, «Индустрияландыру және экономикалық өсім» бойынша 50 қадамның 27-сі, «Бірегейлік және бірлік» бағыты бойынша 6 қадамның 3-уі, «Есеп беретін мемлекетті қалыптастыру» бағыты бойынша барлығы 10 қадам жүзеге асырылды. Биыл «Кәсіби мемлекеттік аппаратты қалыптастыру» мен «Индустрияландыру және экономикалық өсім» бағыттары бойынша 9 қадамды орындау жоспарланған. Отырыста құрылыс саласындағы жобаларға мемлекеттік сараптаманы бәсекелі ортаға беру, қатты пайдалы қазбалар мен көмірсутек шикізаты қорлары бойынша есептілік стандарттарының халықаралық жүйесін енгізу, Технологиялық даму орталықтарын құру, ЭЫДҰ стандарттарына сәйкес монополияға қарсы органның қызметін одан әрі жетілдіру, АХҚО және ҚР-дағы капитал нарықтарын дамыту мәселелері қаралды.  Барлық тірек және серіктес ауылдық елді мекендерді фельдшерлік-акушерлік пункттермен және дәрігер амбулаторияларымен қамтамасыз етуге, студенттер жатақханаларын салуға, мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектордың деректер базасының интеграцияланған жүйесін құруға қатысты жұмыс барысы талқыланды. Кәсіпкерлік қызмет саласында жаңа реттеушілік саясатты енгізу мәселелеріне ерекше назар аударылды. Тиісті заң жобасын Үкімет әзірлеп, Парламент Мәжілісінің қарауына жіберді. Кәсіпкерлік қызметті реттеудегі жаңа тәсілдерді іске асыру бизнеске жүктемені түбегейлі түрде азайтуға және жаңа экономикалық шынайылық жағдайында іскерлік белсенділікті дамытуға серпін беруге жол ашады.  Премьер-Министр «ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бес институционалдық реформасын іске асыру жөніндегі 100 нақты қадам» Ұлт жоспарын және Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауын толық және сапалы орындау бойынша белсенді жұмысты жалғастыруды тапсырды.

Дереккөз: primeminister.kz

Previous Post

ҚАЗАҚСТАНҒА ЖАҢА ДЭФ КОДЫ БЕРІЛЕДІ

Next Post

ТӨЛЕБИЛІК АРУ ӘЛЕМ КУБОГІНІҢ ҚОЛА ЖҮЛДЕГЕРІ АТАНДЫ

Related Posts

ӨНДІРІСТІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ӘСЕРІ ЗЕРДЕЛЕНДІ

ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

by Айғақ медиа
12.11.2026
0

Шымкентте даңқты бапкер Мардан Сапарбаевты еске алуға арналған XXXII халықаралық турнир өтті. Грек-рим күресінен өткен додаға алты мемлекеттен 250-ге жуық...

ӨНДІРІСТІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ӘСЕРІ ЗЕРДЕЛЕНДІ

35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

by Айғақ медиа
12.11.2026
0

Шымкентте 35 жылдан кейін футбол ардагерлері қайта бас қосты. Шаһарда алғаш рет Қазақстан футболының мақтанышы, КСРО спорт шебері Евстафий Пехлеванидидің...

ӨНДІРІСТІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ӘСЕРІ ЗЕРДЕЛЕНДІ

ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

by Айғақ медиа
12.11.2026
0

Өнеркәсіптің дамуы қоршаған ортаға түсетін салмақты арттырмауы тиіс. Шымкентте экологиялық жағдайды бақылауға бағытталған жұмыс тобы «Син Юань Стил» зауытына барды....

ӨНДІРІСТІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ӘСЕРІ ЗЕРДЕЛЕНДІ

ӨНДІРІСТІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ӘСЕРІ ЗЕРДЕЛЕНДІ

by Айғақ медиа
12.11.2026
0

Өнеркәсіптік шығарындыларға бақылау күшейтілді. Шымкент қаласында экологиялық мәселелер жөніндегі жұмыс тобы «Оңтүстік» индустриялық аймағындағы «Polymettech» кәсіпорнына көшпелі отырыс ұйымдастырды. Бұған...

ЦИФРЛАНДЫРУ – ҚАЛА ДАМУЫНЫҢ ЖАҢА БАҒЫТЫ

ЦИФРЛАНДЫРУ – ҚАЛА ДАМУЫНЫҢ ЖАҢА БАҒЫТЫ

by Айғақ медиа
11.11.2026
0

Шымкентте жасанды интеллект пен заманауи технологияларды енгізу жұмыстары жүйелі түрде жүзеге асырылуда Бүгінде цифрландыру мен жасанды интеллектіні дамыту ел экономикасының...

ҚОЗҒАЛЫС ЕРКІНДІГІ – ӨМІР САПАСЫНЫҢ КӨРСЕТКІШІ: ШЫМКЕНТТЕ БУЫН АЛМАСТЫРУ ОТАСЫ ҚОЛЖЕТІМДІ БОЛА ТҮСТІ

ҚОЗҒАЛЫС ЕРКІНДІГІ – ӨМІР САПАСЫНЫҢ КӨРСЕТКІШІ: ШЫМКЕНТТЕ БУЫН АЛМАСТЫРУ ОТАСЫ ҚОЛЖЕТІМДІ БОЛА ТҮСТІ

by Айғақ медиа
11.11.2026
0

Адам денсаулығы мен өмір сапасын жақсарту – әлеуметтік саясаттың негізгі басымдықтарының бірі. Әсіресе тірек-қимыл аппараты ауруларына шалдыққан азаматтарға сапалы медициналық...

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


Facebook Telegram Youtube Instagram

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.