• Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Бейсенбі, Қараша 12, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result

АТАҚТЫ МҮСІНШІ ТІЛЕУБЕРДІ БИНАШЕВҚА ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ «ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ» АТАҒЫ ТАПСЫРЫЛДЫ

17.09.2021
0

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері,  атақты мүсінші, «Өнер ордасы музейі» ЖК –нің директоры Тілеуберді Бинашевқа Түркістан облысының «Құрметті азаматы» атағы тапсырылды, — деп хабарлайды aigak.kz  тілшісі. Бұл мәртебелі марапатты Түркістан облысы әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов табыстаған.

 Тілеуберді Бинашев Арыс қаласына қарасты Байырқұм ауылында дүниеге келген. Бала кезінен мүсін өнеріне қызығып, ағаш жонып, тастарды қашап, мүсінмен әуестенген. Халқымыздың басынан кешкен түрлі оқиғаларға байланысты композициялық монументтер жасаған. Жасаған дүниелерінің ішінде Абылай хан, Кейкі батыр, Қарасай батыр, Шақшақ Жәнібек, Төле би, Қаз дауысты Қазыбек би, Әйтеке би, Қажымұқан, Бауыржан Момышұлы, Шәмші Қалдаяқов, Дінмұхаммед Қонаев, Талғат Бигелдинов, Мәншүк Мәметова сияқты тарихи тұлғалар мен қоғам, әдебиет, мәдениет қайраткерлерінің мүсінін жасаған. Шаңырағын шағын мұражай-көрмеге айналдырған. Мүсіншінің еңбектері бірнеше республикалық, бүкілодақтық және халықаралық көрмелерге қатысқан.

Арыс қаласындағы орталық алаңда эпостық жырға сүйенген, сәтті бейнеленген «Мұңлық-Зарлық» символикалық ескерткішін тұрғызды. Туған жерінде Алатау батыр ескерткіші орнатылған.

Түркістан қаласы оқушылар сарайының алдында Абай, Түркістан қалалық музыкалық драма театрдың алдында Әл-Фараби және «Ақжайық» музыка мектебінің алдында Шәмші Қалқаяқовтың ескерткіштері қойылды. Тәуелсіздік күні қарсаңында Түркістанда жаңа әкімшілік-іскерлік орталығының алдында ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа биіктігі – 4 метр, тұтастай қоладан құйылған ескерткіші орнатылды.

 «Мұңлық-Зарлық», «Керей-Жәнібек», «Баба рухы» монументтері, Қажымұқан, Абылайхан, Құрманғазы, Күләш Байсейтова ескерткіштері Т.Бинашевтің өнердегі эпикалық кең құлашын көрсетеді. Лирикалық лебі бар «Атамекен», «Әуен», «Сырласу», «Байырқұмның баласы», «Көктемгі жаңбыр», «Сүйінші» «Қиял» «Бинаш ата», «Аршагүл ана», «Байырқұмның қыздары», «Кемпірқосақ», «Дала қызы», «Сыр бойы» «Сағыныш» және т.б. туындылары туралы көп сөз айтуға болады.

Марапаттары : ҚР Мәдениет  Министрлігінің «Мәдениет қайраткері»,  «Алпамыс батыр» медалі, Ордабасы ауданының «Құрметті азаматы», ҚҚ «ҚР Көркем Академиясының Академигі, Арыс қаласының «Құрметті Азаматы», «Талғат Бигельдинов» атындағы медалі, «Сағадат Нұрмаханбетов» атындағы медалі, «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» медалі, «Алтын адам» сыйлығының мүсіншісі.

Айта кетейік, бүгін Алматы қаласында мүсіншінің «DALA DAUYSY» атты шығармашылық көрмесі өтіп жатыр. Салтанатты шараға Түркістан облысынан Сәкен Қалқаманов бастап барған делегация қатысуда. Делегация құрамында Арыс қаласының  бас сәулетшісі Н. Жанбатыр, өнер жанашыры Әли Аппаз, Шымкент қаласынан архитектор Мұхит Көшеновтер бар.

 

Previous Post

ТҮРКІСТАН: ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫНА ОБЛЫС АРДАГЕРЛЕРІ ҚОЛДАУ БІЛДІРДІ

Next Post

Е-ШАҢЫРАҚ АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕСІ ТӘЖІРИБЕЛІК ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

Related Posts

ӨНДІРІСТІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ӘСЕРІ ЗЕРДЕЛЕНДІ

ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

by Айғақ медиа
12.11.2026
0

Шымкентте даңқты бапкер Мардан Сапарбаевты еске алуға арналған XXXII халықаралық турнир өтті. Грек-рим күресінен өткен додаға алты мемлекеттен 250-ге жуық...

ӨНДІРІСТІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ӘСЕРІ ЗЕРДЕЛЕНДІ

35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

by Айғақ медиа
12.11.2026
0

Шымкентте 35 жылдан кейін футбол ардагерлері қайта бас қосты. Шаһарда алғаш рет Қазақстан футболының мақтанышы, КСРО спорт шебері Евстафий Пехлеванидидің...

ӨНДІРІСТІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ӘСЕРІ ЗЕРДЕЛЕНДІ

ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

by Айғақ медиа
12.11.2026
0

Өнеркәсіптің дамуы қоршаған ортаға түсетін салмақты арттырмауы тиіс. Шымкентте экологиялық жағдайды бақылауға бағытталған жұмыс тобы «Син Юань Стил» зауытына барды....

ӨНДІРІСТІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ӘСЕРІ ЗЕРДЕЛЕНДІ

ӨНДІРІСТІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ӘСЕРІ ЗЕРДЕЛЕНДІ

by Айғақ медиа
12.11.2026
0

Өнеркәсіптік шығарындыларға бақылау күшейтілді. Шымкент қаласында экологиялық мәселелер жөніндегі жұмыс тобы «Оңтүстік» индустриялық аймағындағы «Polymettech» кәсіпорнына көшпелі отырыс ұйымдастырды. Бұған...

ЦИФРЛАНДЫРУ – ҚАЛА ДАМУЫНЫҢ ЖАҢА БАҒЫТЫ

ЦИФРЛАНДЫРУ – ҚАЛА ДАМУЫНЫҢ ЖАҢА БАҒЫТЫ

by Айғақ медиа
11.11.2026
0

Шымкентте жасанды интеллект пен заманауи технологияларды енгізу жұмыстары жүйелі түрде жүзеге асырылуда Бүгінде цифрландыру мен жасанды интеллектіні дамыту ел экономикасының...

ҚОЗҒАЛЫС ЕРКІНДІГІ – ӨМІР САПАСЫНЫҢ КӨРСЕТКІШІ: ШЫМКЕНТТЕ БУЫН АЛМАСТЫРУ ОТАСЫ ҚОЛЖЕТІМДІ БОЛА ТҮСТІ

ҚОЗҒАЛЫС ЕРКІНДІГІ – ӨМІР САПАСЫНЫҢ КӨРСЕТКІШІ: ШЫМКЕНТТЕ БУЫН АЛМАСТЫРУ ОТАСЫ ҚОЛЖЕТІМДІ БОЛА ТҮСТІ

by Айғақ медиа
11.11.2026
0

Адам денсаулығы мен өмір сапасын жақсарту – әлеуметтік саясаттың негізгі басымдықтарының бірі. Әсіресе тірек-қимыл аппараты ауруларына шалдыққан азаматтарға сапалы медициналық...

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


Facebook Telegram Youtube Instagram

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.