• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Жұма, Қараша 28, 2025
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Айғақ TV

Ресейлік ғалым «Әзірет Сұлтан» қорық-музейіне VIII ғасырға тән түргеш тиындарын табыстады

01.09.2021
0

Бүгін Түркістан қаласына арнайы іссапармен келген ресейлік ғалым, тарих ғылымдарының кандидаты, нумизмат Павел Николаевич Петров «Әзірет Сұлтан» қорық-музейінің қорына жеке азаматтардан жинақтаған нумизматикалық коллекциясын өткізді.

Қорық-музейдің ұйымдастыруымен өтіп отыратын
дәстүрлі «Музейге сый» акциясына үлес қосу үшін арнайы алып келген жәдігерлер арасында VIII ғасырдан XIX ғасырлар аралығын қамтитын мыс және күміс тиындар бар.

Мамандардың айтуынша, аталған ежелгі ақша түрлері Түркістан өңірінің тарихымен тығыз байланысты.

«Әзірет Сұлтан» қорық-музейінің қоры нумизматикалық коллекцияларға бай. Түркістанға келген сапарымда танысып, көрдім және ресми сайттан да қарап шықтым. Бұл жәдігерлер менің қорымда емес арнайы тарихи орында тұру керек деп шештім. Тарихшы тарихи мұраларды жинақтауға ұмтылады. Нумизматика саласын зерттеу еңбек жолымның негізгі бөлігі болғандықтан бұл заттарды жылдар бойы жинақтадым»,-дейді Павел Николаевич.

«Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің қор сақтаушы қызметкері, нумизматика саласының маманы Толқын Жолдасов музей қорына табысталған жәдігерлердің өзіндік құндылықтары зор екенін айтады.

-«Жәдігерлер қатарында VIII ғасырдың түргеш тиындары мен X ғасырларда соғылған саманид фелстері және XI ғасырға тән дирхемдер бар. Сонымен қатар, кейінгі тарихи кезеңдерде соғылған ақшалар да кездеседі. Аталған олжалар «Әзірет Сұлтан» қорық-музейінің қорын толықтырып, нумизатика кешенінің ең құнды жәдігерлер қатарын көркейтеді деп ойлаймыз»,-деді Толқын Жолдасов.

Кездесу барысында «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі директорының міндетін атқарушы Ерсін Тәжібаев Ресей жерінен арнайы келіп, қорық-музей қорындағы 26000-ға жуық жәдігер қатарын толықтыруға жанашырлық танытқан орыс ғалымына алғысын білдірді.

Айта кетейік, «Әзірет Сұлтан» қорық-музейіндегі «Музейге сый»​ акциясының тарихы әйгілі қолбасшы Әмір Темір заманынан бастау алады. Оған дәлел — кесенеде сақталған алтын күміс жалатылған 6 дана шырағдан мен тайқазан, лауха сынды жәдігерлеріміз болса, одан кейінгі тарихы мемлекет және қоғам қайраткері, этнограф Өзбекәлі Жәнібековтің есімімен тығыз байланысты. Қожа Ахмет Ясауи кесенесі республикалық музей ретінде халыққа қызмет көрсете бастаған кезде музей қорында 300-ден аса жәдігер болса, қазіргі күні жәдігер саны 26000-ға жуықтаған.

«Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің баспасөз қызметі

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

22 ҮМІТКЕР ШОКОЛАТИН БАЙҚАУЫНДА

Айғақ медиа
28.11.2025
0

Шымкентте «Шоколатин KAZAKHSTAN-2025» халықаралық байқауы өтті. Аталмыш іс-шара Франция елшілігінің қолдауымен ұйымдастырылған. Байқаудың мақсаты – Шоколатина бойынша әлем чемпионатына жолдама алатын...

ӘЛЕМДІК БАЙҚАУҒА ЖОЛДАМА АЛҒАН АСПАЗ

ӘЛЕМДІК БАЙҚАУҒА ЖОЛДАМА АЛҒАН АСПАЗ

Айғақ медиа
28.11.2025
0

  Шымкентте Шоколатина бойынша Әлем чемпионатына жолдама алатын үздік үміткерлер анықталды. Марапатты Францияның Қазақстандағы елшісі Сильвен Гиоге табыстады. Еуропада өтетін...

РАДИКАЛДЫ ТОПТАРДАН ЖАСӨСПІРІМДЕР АНЫҚТАЛДЫ

РАДИКАЛДЫ ТОПТАРДАН ЖАСӨСПІРІМДЕР АНЫҚТАЛДЫ

Айғақ медиа
28.11.2025
0

  Шымкентте инстаграм желісінде радикалды топтарға жазылған 556 жасөспірім анықталды. Бұл ақпарат кезекті қоғамдық кеңес отырысында талқыланған болатын. Биыл мұндай...

1 МЛН ТЕҢГЕ ГРАНТ БЕРІЛДІ

Айғақ медиа
28.11.2025
0

Шымкентте “Тәуелсіздік ұрпақтары” жобасының жеңімпаздары анықталды. Байқау қорытындысында үздік деп танылған 6 жастың әрқайсысы 1 миллион тенгенің иегері атанды. Бұл...

ЖАС МАМАНДАРДЫ ҚОЛДАУ ЖАЛҒАСУДА

ЖАС МАМАНДАРДЫ ҚОЛДАУ ЖАЛҒАСУДА

Айғақ медиа
28.11.2025
0

Шымкентте медицина саласының болашағына бағытталған маңызды жиын өтті. Бұл халықаралық конференция «Медициналық колледждер мен денсаулық сақтауды дамыту ұйымдарының ынтымақтастығы» тақырыбы...

600 ГИМНАСТШЫ БАҚ СЫНАУДА

Айғақ медиа
28.11.2025
0

Шаһарда көркем гимнастикадан «Шымкент қаласы әкімінің Кубогы» халықаралық турнирінің ашылу салтанаты өтті. Дәстүрлі дода көркем гимнастика спорт кешенінде ұйымдастырылған. Биылғы...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.