• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Сенбі, Тамыз 1, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Айғақ TV

МЕМЛЕКЕТ ҚОЙ МЕН ЖЫЛҚЫЛАРДЫ САҚТАНДЫРУДЫ СУБСИДИЯЛАЙДЫ — ҚР АШМ

03.08.2021
0

Ауыл шаруашылығы министрлігі АӨК саласындағы сақтандыру құралдарын дамыту бойынша жұмысты жалғастыруда. Өсімдік шаруашылығындағы ылғалдың жетіспеушілігі мен артықшылығынан алқаптарды сақтандыру және мал шаруашылығындағы ірі қара малды сақтандыру бойынша қолданыстағы өнімдерге ұсақ қара мал мен жылқыларды сақтандыру қосылды. 2020 жылдан бері мал шаруашылығында тек сиырларды түрлі тәуекелдерден сақтандыру жұмысы атқарылып келген болатын. Нарыққа ұсақ мал мен жылқыларды толық сақтандыруды қамтамасыз ететін жаңа өнімдер енгізілді. Оған барлық ықтимал тәуекелдер кіреді және салыстырмалы түрде құны да төмен. Мал аурудан, өрттен, жазатайым оқиғалардан өлсе және ұрылар сойып алса, жоғалып кетсе сақтандыру арқылы шығынды өтеп алуға болатын механизм ұсынылады. Малды қалыпты түрде сақтандыру аясында фермер малын өз шаруашылығының аумағында ғана түрлі тәуекелдерден сақтандыра алады. Сақтандырудың кеңейтілген түрі форматында фермер малын 5 км радиуста орналасқан көрші шаруашылықтардағы аурулардың өршуінен сақтандырады. Сақтандыруға жататын бас саны — кемінде 30. Сақтандырылатын мал санына байланысты сақтандыру тарифтерінің әртүрлі деңгейлері белгіленген, мәселен, жылқы үшін — 2,31 – ден 6,46% — ға дейін, ұсақ мал үшін-2,38-ден 6,16% — ға дейін. «Осы өнімдер бойынша сақтандыру сыйақыларын субсидиялау түрінде мемлекеттік қолдау жұмыс жасайды. Ол ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін ынталандыруға және сақтандыру сыйқақысы сомасының 50% — ын субсидиялау арқылы сақтандыру шартын жартылай арзандатуға бағытталған. Осылайша, сақтандыру шартын жасасу кезінде фермер шарт құнының жартысын төлейді, қалған жартысын ол үшін оператор – Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры төлейді» — деп атап өтті қордың Басқарушы директоры – Басқарма мүшесі Асқар Қалиев. Жүйеде Қазақстан Республикасының қаржы нарығын реттеу және дамыту жөніндегі агенттігінің лицензиясы бар сақтандыру компаниялары ғана жұмыс істейді. Осы тәуекелдерді әлемдік сақтандыру нарығында «А» рейтингісі бар Халықаралық қайта сақтандыру компаниясы қайта сақтандыратын болады. Бұл сақтандыру тәуекелдері туындаған жағдайда кепілдендірілген төлемдерді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Шарт жасасудан бастап төлемдерге дейінгі барлық рәсімдер фермердің электронды цифрлық қолтаңбасы арқылы Qoldau.kz платформасында орналасқан Agroinsurance ақпараттық сервисінде жүргізіледі. Аталған өнімдер бойынша автоматтандыру ішінара болып табылады. Егер, жануар ауырған жағдайда эпизоотиялық қызметтер іс-шараларын жүргізуі керек және олардың нәтижелері жүйеге жүктеледі.

Дереккөз: Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

БІР ТӘУЛІКТЕ 543 ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ АНЫҚТАЛДЫ

БІР ТӘУЛІКТЕ 543 ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ АНЫҚТАЛДЫ

Айғақ медиа
01.08.2026
0

Масаң күйде көлік жүргізген азамат жүргізуші куәлігімен қош айтысты. Енді 7 жылға дейін көлік тізгіндей алмайды. Оқиғаның мән-жайы былай. Қазір...

ПОЛИЦЕЙЛЕР ӨРТТІҢ АЛДЫН АЛДЫ

ПОЛИЦЕЙЛЕР ӨРТТІҢ АЛДЫН АЛДЫ

Айғақ медиа
01.08.2026
0

Шымкентте патрульдік полицейлер өрттің алдын алдв. Ташенов көшесін патрульдеу кезінде тәртіп сақшылары қою түтінді байқап, оқиға орнына бірден жеткен. Олар...

ГАРНИЗОН КӨЛІКТЕРІНЕ ТЕКСЕРУ ЖҮРГІЗІЛДІ

ГАРНИЗОН КӨЛІКТЕРІНЕ ТЕКСЕРУ ЖҮРГІЗІЛДІ

Айғақ медиа
01.08.2026
0

Жолдағы қауіпсіздік пен техниканың сақадай сай болуы – кез келген тапсырманы мінсіз орындаудың басты кепілі. Осы мақсатта Шымкент гарнизонында автокөліктердің...

ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРГЕ ОРТАҚ ШЕШІМ

30 ОТБАСЫ ЖАЛДАМАЛЫ ПӘТЕР ИЕЛЕНДІ

Айғақ медиа
01.08.2026
0

Тұрғын үй кезегін жылдар бойы күткен 30 отбасы үшін бүгінгі күн жаңа өмірдің бастауы болды. Яғни, жалдамалы баспананың кілтін иеленді....

ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРГЕ ОРТАҚ ШЕШІМ

ҚАРТТАР ҮЙІНЕ ҚҰРМЕТ САПАРЫ

Айғақ медиа
01.08.2026
0

“ Қарттарым – асыл қазынам” Жақындарынан алшақтап, өзге жандардан жылу көрген 70 қарттың жағдайы қалай? Оларға бүгінде қандай әлеуметтік көмек...

ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРГЕ ОРТАҚ ШЕШІМ

ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРГЕ ОРТАҚ ШЕШІМ

Айғақ медиа
01.08.2026
0

Шымкентте тұрғындардың күнделікті өміріне тікелей әсер ететін үш маңызды сала бір жиында талқыланды. Неліктен санитариялық қызмет кез келген кәсіпкерді тексере...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.