• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Сейсенбі, Наурыз 21, 2023
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Айғақ TV

МАҢҒЫСТАУҒА 1000 ТОННАҒА ЖУЫҚ МАЛ АЗЫҒЫ ЖӨНЕЛТІЛДІ

24.07.2021
0

 Ынтымақ жүрген жерде ырыс бірге жүреді. Батыстағы бұқараның басына түскен қиыншылықта ордалы оңтүстік жұрты қолынан келген көмегін аянып қалмай, әлі де жалғастыруда. Шарапатты істің нәтижесінде Түркістан облысынан Маңғыстауға 50 вагон мал азығы жеткізілген. Оған қоса бүгін Маңғыстау және Қызылордаға тағы да 13 вагон шөп жөнелтілді.

 Көп түкірсе көл болар. Киелі Түркістан облысының жақсылыққа жаны құмар жұртшылығы жер-жерде ізгіліктің ұшқынын лаулатып, еншісі бөлінбеген қазақта жанқиярлықтың жұрнағын жалғады. Себебі, биылғы қуаңшылық Түркістан облысын да айналып өткен жоқ. Құрғақшылықтың зардабын сезсе де, Батыспен біргеміз деп демеу көрсетіп, көмек қолын созды. Сәті түсіп қасиетті жұмада саялы Сарыағаш ауданының теміржол станциясынан Маңғыстау және Қызылорда облыстарына 13 вагон шөп жөнелтілді. Игі іске мұрындық болып, мал азығын тасымалдауға  Қазақстан Теміржол Ұлттық Компаниясы демеуші болып отыр.

Сауапты істің сардарлары Құрмет Талапқазы мен Мұратбек Солтанбай да мал азығын жөнелту шарасына қатысып, атсалысқан азаматтарға алғысын жеткізді. Ауызбіршілігі жарасқан жұрт — жұмыла көтерген жүк жеңіл деген қағиданы қаперінен шығармай, Маңғыстауға жіберілетін көмекті мұнымен тоқтатпақ емес.

 Бұл бастамаға Бәйдібек ауданының ерікті азаматтары да күш біріктіруде. Қазіргі таңда шөп жинау жұмыстарын қолға алып, жақын арада Маңғыстауға мал азығын қосымша жөнелтпек.

 Ағымдағы жылы қуаңшылық Түркістан облысының Келес және Сарыағаш аудандарының алқаптарына да кері әсерін тигізіп отыр. Жалпы алғанда өңірде ауылшаруашылығы малдарының ішінде ірі қара – 13 264  мың бас, ұсақ мал – 5850 бас, жылқы 427, 6 мың бас болса, түйе саны  39,5 мың басты құрайды.  Өмірзақ Шөкеевтің тапсырмасына сәйкес қазіргі таңда облыстың агроқұрылымдарына орман қоры жерінен жайылымдық және шабындық жерлер ұсынылып, ағымдағы жылдың 6 айында 545 агроқұрылымға 562,9 мың га жайылым, шөп шабуға 1,5 га шабындық жер беріліп отыр. Ал 1 дана пресс шөптің бағасы қазіргі таңда 800 теңгеден саудалануда.

 Сала мамандары шаруаларға алдағы уақытта мал азығы дақылдарын көптеп егуге кеңес беріп отыр.  Сондай-ақ, шаруалар жайылымнан тапшылық көріп жатса, облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес орман қорынан жер беруге дайын екендігін жеткізді.

Айғақ-ақпарат

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ҰЛЫБРИТАНИЯНЫҢ СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРІ ДЖЕЙМС КЛЕВЕРЛИДІ ҚАБЫЛДАДЫ

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ҰЛЫБРИТАНИЯНЫҢ СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРІ ДЖЕЙМС КЛЕВЕРЛИДІ ҚАБЫЛДАДЫ

Айғақ медиа
18.03.2023
0

🇰🇿🇬🇧 Мемлекет басшысы Ұлыбританияның Сыртқы істер министрі Джеймс Клеверлиді қабылдады Кездесу барысында саяси, сауда-экономикалық, инвестициялық және гуманитарлық салалардағы екіжақты ынтымақтастықты...

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ БҰҰ-НЫҢ АДАМ ҚҰҚЫҚТАРЫ ЖӨНІНДЕГІ ЖОҒАРҒЫ КОМИССАРЫ ФОЛЬКЕР ТЮРКПЕН КЕЗДЕСТІ

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ БҰҰ-НЫҢ АДАМ ҚҰҚЫҚТАРЫ ЖӨНІНДЕГІ ЖОҒАРҒЫ КОМИССАРЫ ФОЛЬКЕР ТЮРКПЕН КЕЗДЕСТІ

Айғақ медиа
18.03.2023
0

Мемлекет басшысы БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі жоғарғы комиссары Фолькер Тюркпен кездесті. Қасым-Жомарт Тоқаев Фолькер Тюркке ілтипат білдіре отырып, оның бұл...

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ МЕКТЕПТЕРІНЕ 71 ЖАҢА АВТОБУС ТАПСЫРЫЛДЫ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ МЕКТЕПТЕРІНЕ 71 ЖАҢА АВТОБУС ТАПСЫРЫЛДЫ

Айғақ медиа
18.03.2023
0

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев балаларға жан-жақты жағдай жасау, алаңсыз білім алуына қолдау көрсету жөнінде тапсырма берген болатын, деп хабарлайды.  Осыған...

БӘЙДІБЕК АУДАНЫНЫҢ ОРТАЛЫҒЫНДАҒЫ 14 КӨШЕГЕ АСФАЛЬТ ТӨСЕЛЕДІ

БӘЙДІБЕК АУДАНЫНЫҢ ОРТАЛЫҒЫНДАҒЫ 14 КӨШЕГЕ АСФАЛЬТ ТӨСЕЛЕДІ

Айғақ медиа
18.03.2023
0

Бәйдібек ауданының әкімі Ержігіт Шәріпбеков жастар сарайында Шаян ауылының тұрғындарымен кездесті, деп хабарлайды Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі. Кездесуде аудан...

ШАРДАРА АУДАНЫНДАҒЫ ҮШ ШАҒЫНАУДАНҒА ГАЗ БЕРІЛДІ

ШАРДАРА АУДАНЫНДАҒЫ ҮШ ШАҒЫНАУДАНҒА ГАЗ БЕРІЛДІ

Айғақ медиа
18.03.2023
0

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының тапсырмасымен аймақты газдандыру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр, деп хабарлайды Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі. Наурыз...

600-ГЕ ЖУЫҚ АЗАМАТТЫҢ ТҰРҒЫН ҮЙ ЖАЛДАУ АҚЫСЫ СУБСИДИЯЛАНАДЫ

КЕҢСЕЛІК ЖИҺАЗДАР МОЛ СҰРАНЫСҚА ИЕ

Айғақ медиа
16.03.2023
0

Былтыр елімізде жиһаз өнімдерін өндіру көлемі 4,2 пайызға өсіп, 46,7 млрд теңгені құрады. Саладағы өсім көрсеткіші инвестиция көлемінің артуымен байланысты....

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.