Қазақстанның бас санитария дәрігерінің жаңа қаулысы шықты. Онда Қазақстандағы міндетті вакцинацияның жаңа мерзімі аталды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
«2021 жылғы 10 тамызға дейінгі мерзімде профилактикалық вакцинацияның бірінші компонентімен, ал 2021 жылғы 1 қыркүйекке дейінгі мерзімде COVID-19 вакцинасының екінші компонентін салуды ұйымдастыру», — делінген қаулыда.