• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Сейсенбі, Шілде 15, 2025
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Айғақ TV

ҚАЗАҚСТАНДА МЕМЛЕКЕТТІК АВТОБУС ПАРКТЕРІН ТОЛЫҚ ЖЕКЕШЕЛЕНДІРУ КӨЗДЕЛГЕН — С. ЖҰМАНҒАРИН

22.06.2021
0

ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы Серік Жұманғарин ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында бәсекелестікті дамытудың жаңа тәсілдері туралы баяндады, — деп хабарлайды ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметі.

«Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Агенттік “Халық үніне құлақ асатын мемлекет” тұжырымдамасы аясында краудсорсингтік алаңдар ашты. Ең алдымен, бұл Open Space пікір алмасудың ашық диалог алаңы, онда қоғамды толғандыратын ең өзекті және көкейкесті мәселелер бойынша 211-ден астам сессия өтті, сондай-ақ елдің 17 өңірінде тосқауылдар бойынша кеңестер құрылды, оларға 216 сарапшы қатысады. Осы уақыт ішінде 80-нен астам кедергі анықталды, олардың 13-іне шаралар қабылданды. Бүгінгі күннің негізгі міндеті – мемлекеттің экономикадағы рөлін айқындау», — деді С. Жұманғарин.

Оның айтуынша, негізгі тауар нарықтарындағы шоғырланудың жоғары деңгейі және экономикаға мемлекеттің қатысуының жоғары деңгейі – бүгінгі күні бәсекелі экономиканы дамыту жолындағы негізгі кедергі. Бұл ретте, бәсекелестікті дамыту бойынша 3 негізгі реттеуші кедергі анықталды. Біріншіден, бұл негізгі қуатқа қол жеткізу, бағаны бұрмалау, сондай-ақ жебеушісі немесе фаворитизм. Негізгі қуатқа қол жеткізуді қамтамасыз ету маңызды міндет болып табылады.

Бұл — инфрақұрылым немесе объект, ол болмаса бәсекелестер тұтынушыларға өз қызметтерін ұсына алмайды. ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы бұған магистральдық теміржол желісі, байланысқа арналған кабельдік кәріз, әрі қарай өңдеуге арналған бастапқы металдар, теңіз порттары, дәрі-дәрмек өндіруге арналған заттар, өндіріс технологияларын мысал ретінде келтірді.

«Біз негізгі қуатқа қол жеткізу принциптерін айқындадық: ақылылық, транспаренттілік, жеделділік, мүмкіндік, басым жағдайға ие болу», — деді ҚР БҚДА төрағасы.

Бәсекелестікті дамытудың келесі бағыты – биржалық сауданы дамыту. Серік Жұманғарин биржалық сауда дұрыс жолға қойылғанын атап өтті. Бүгінгі таңда бензин, битум, көмір, сұйытылған газ сауда-саттығы іске қосылды. Осы жылдың соңына дейін авиакеросин, дизель отыны, бидайдың есебінен сауда кеңейетін болады. Алғаш рет көмірмен биржалық сауда-саттық өткізілді, онда карьерлердің өздері жеткізу базисі болады. Қаражыра мен Шұбаркөлдің алғашқы сауда-саттығы тұтынушы үшін үнемділігі 20%-ға дейін құрайтынын көрсетті.

«Келесі маңызды қадам, бұл Мемлекет басшысының тапсырмасы болды – мемлекеттік және жеке операторлардың қызметін реттеу. Біз 51 монополиялық операторды анықтадық, оның ішінде 47-сі мемлекеттік қатысумен», — деді БҚДА төрағасы.

Олардың 24-і бойынша арнайы құқық институты енгізіледі – олар қатаң реттеуге, бағалық, өзге қызметті шектеуге, басқа компанияларға қатысуға тыйым салуға, жариялылыққа, бизнес құру кезінде залал келтірген жағдайда шығындардың орнын толтыруға жататын болады. 18 реттеу бойынша операторлар қоғамдық қызметтерді жүзеге асырып, және табыс таппағандықтан, олар бұл тізімге кірмейді. 9-ы бойынша түбегейлі шаралар қабылданады: 4-уі жойылады немесе жекешелендіріледі, 5-уі операторлықтан айырылады, олардың жай ғана ведомстволық бағынысты ұйымдар мәртебесі сақталып қалады.

Тағы бір маңызды аспект – кәсіпкерлікке мемлекеттің қатысуын қысқарту. Мемлекеттің экономикаға қатысуы бүгінгі күні 14,8%-ды, 2 мыңнан астам квазимемлекеттік сектор субъектілерін құрайды. Мұнда мемлекеттік меншікті секторлық талдау ұсынылды. Яғни, қызмет түрлеріне қарамастан, егер сектор шағын және орта бизнес субъектілерінің санын, мемлекеттік қолдау деңгейін ескере отырып жетілсе, оны толық жекешелендіру қажет. Мысал ретінде стоматология, қауіпсіздік, көлік қызметтері, абаттандыру кәсіпорындары жатады. Әрине, Қазақстанның өңірлерін ескеру қажет.

«Сонымен қатар мемлекеттік тапсырыстар санын қысқарту да маңызды. Біз келесі жылы оларды 27-ге, ал жалпы 2025 жылға қарай шамамен 2 есеге қысқартуды жоспарлап отырмыз. Экономикалық тиімділік 30 млрд теңгеден асады», — деді ол.

Мемлекеттік қолдау шараларына тең қол жеткізуді қамтамасыз ету. Бүгінгі таңда мемлекеттік қолдауды дербестендіру жұмысы жүріп жатыр. С. Жұманғариннің айтуынша, көбіне ірі бизнеске қолдау көрсетіліп жатады. ҚР БҚДА шағын және орта бизнес үлесін, мемлекеттік қатысу деңгейін, кедергілердің болуын, нарықтық шоғырлану деңгейін ескере отырып, мемлекеттік қолдау шараларын көрсетудің бәсекелестік принциптерін әзірлейді. Цифрлық экономиканы реттеудің жаңа тәсілдерін енгізу.

ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы атап өткендей, Қазақстан қазірдің өзінде цифрлық экономика дәуіріне аяқ басты. Әрине, реттеудің бүгінгі әдістері біршама ескірген, сондықтан цифрлық платформаның түсініктерін, желілік тиімділікті және цифрлық нарықтарды талдаудың жаңа әдіснамасын анықтау қажет. Электр энергиясы нарығындағы бәсекелестік маңызды болып табылады. Бүгінгі таңда ұйымдастырылған сауда-саттықта электр энергиясының тек 1% сатылады. Қалғанының бәрі ашық емес тікелей келісімшарттар бойынша сатылуда. Осыған байланысты, 2025 жылға дейін ұйымдастырылған электр энергиясы саудасы кем дегенде 30%-ға дейін артады. Сонымен қатар электр энергиясымен жабдықтау нарығындағы саралауды жою жоспарланған.

«Мұның бәрі жыл сайын 20 млрд бюджет қаражатын үнемдеуге мүмкіндік береді, 31 млрд шағын және орта бизнес үшін шығын бөлігі үнемделіп, біздің есебіміз бойынша тұрғын үйге көмек ретінде 720 млн-ға артады», — деп түсіндірді С. Жұманғарин.

Келесі маңызды мәселе – көлік нарығындағы бәсекелестікті дамыту. Ең бастысы, жүк темір жол тасымалдары нарығында бәсекелестікті дамыту. Осы мәселе бойынша 40-тан астам лицензия берілген. 3 тасымалдаушы бар, олардың 2-і пилоттық режимде жұмыс істейтін жеке меншік. Басты міндет – осы қызметті кеңейту. Яғни, 2025 жылға қарай кемінде 10 тасымалдаушыға жеткізу көзделген.  Сондай-ақ үлкен жабық нарық – бұл әуежай қызметі нарығы. Терминалдық қызмет көрсетуге кем дегенде 2 оператор, оның біреуі тәуелсіз болу үшін перрондық қызмет көрсетуге еркін қол жеткізу жоспарланып отыр және жолаушылар ағыны көп әуежай нарықтарында 2 млн адам кем дегенде жерүсті 3 қызмет көрсету түріне қол жеткізе алады.

Жолаушылар тасымалы нарығында Қазақстанда мемлекеттік автобус парктерінің белгілі бір саны бар. Оларды толығымен жекешелендіру жоспарда бар. Дәрілік заттарды өткізу нарықтарына қатысты С. Жұманғарин мұнда халықаралық патенттелмеген атауы бойынша өзара алмасушылығы болған кезде мемлекеттік бағалық реттеуге жататын дәрілік заттарды қысқарту болжанғанын атап өтті. Трастқа қарсы реттеу шеңберінде 2020 жылы түрлі аспектілер бойынша 109 тергеу аяқталды. Бүгінгі таңда 29 тергеу жұмыстары жүргізілуде.

«Өзін дұрыс жағынан “жұмсақ құқықтың” тиімді институты көрсетті. Осы уақыт ішінде 210 хабарлама, 6 ескерту берілді, монополияға қарсы комплаенстің 138 актісі жасалды. Осының барлығы Мемлекет басшысының түрлі тапсырмаларын орындауға, медициналық маскалар мен ПТР тестілеу бағасын төмендетуге мүмкіндік берді», — деді Бәсекелестікті қорғау агенттігінің басшысы.

Бүгінгі күні құрылыс материалдары нарығында тиісті жұмыс жүргізіліп жатыр, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының және тұрғын үй құрылысы нарықтарында бағаның өсу тренді төмендеді. Бәсекелестікті дамыту жөніндегі шараларды іске асырудың әсері: Мұнай өнімдерінің биржалық саудасын 2025 жылға қарай 20%-ға дейін, сұйытылған газбен алмасуды келесі жылы 100%-ға дейін арттыру. Экономикалық тиімділік 1,9 трлн теңгеден асады. Электр энергиясының орталықтандырылған сауда-саттық көлемін 2025 жылға қарай 350 млрд теңгеден астам сомаға 30%-ға дейін ұлғайту.

Бюджет қаражатын жыл сайын 20 млрд-қа үнемдеп, шағын және орта бизнестің шығыны 31 млрд теңгеге дейін азаяды. Маркет плейстерінің дамуы – электр энергиясын жеткізушіні ауыстыру уақытын 10 есе қысқарту. 2025 жылға қарай әуежайлар аумағында кемінде 7 қызмет көрсету түріне еркін қол жеткізуді қамтамасыз ету. Байланыс саласындағы кабельдік кәрізге қолжетімділікті қамтамасыз ету. Республикалық және облыстық маңызы бар қалалардағы муниципалды автобус парктерінің санын 0-ге дейін қысқарту. 2025 жылға қарай мемлекеттік тапсырыстар санын 50%-ға қысқарту. 2025 жылға қарай 20 бірыңғай операторды оңтайландыру.

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

МӘЖІЛІСМЕН ТЖД ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

МӘЖІЛІСМЕН ТЖД ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

Айғақ медиа
09.07.2025
0

Шымкент қаласында алты жаңа өрт сөндіру бөлімі салынады. Бұл туралы ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты мегаполиске жұмыс сапары барысында келгенде айтылды....

ҚОСЫМША БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ЖАҢА ТАЛАПТАР

АСПАЛЫ ЖОЛ ӨТКЕЛІ АЯҚТАЛУҒА ЖАҚЫН

Айғақ медиа
09.07.2025
0

Сенаторлар Шымкент қаласындағы теміржол өткелінің құрылыс жұмысымен танысты.Еңбекші ауданындағы Момынов көшесінің бойында салынып жатқан аспалы жол өткелі қаладағы көлік кептелісін...

ҚОСЫМША БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ЖАҢА ТАЛАПТАР

ҚОСЫМША БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ЖАҢА ТАЛАПТАР

Айғақ медиа
09.07.2025
0

 Қосымша білім беретін кәсіпкерлерге мемлекет тарапынан жаңа талаптар енгізілді. Енді үйірмелерге қатысатын балалар саны шектеледі, сондай-ақ бұдан былай ерекше балаларды...

СОТ САРАПТАМА ОРТАЛЫҒЫНА ҚОЛДАУ ҚАЖЕТ

СОТ САРАПТАМА ОРТАЛЫҒЫНА ҚОЛДАУ ҚАЖЕТ

Айғақ медиа
09.07.2025
0

Елімізде генетикалық сараптама жасайтын 5 қана орталық бар. Соның бірі Шымкентте. Орталыққа Полиция департаменті мен азаматтық соттардан сұраныс өте көп...

ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУДА ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘСЕЛЕЛЕР КӨТЕРІЛДІ

ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУДА ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘСЕЛЕЛЕР КӨТЕРІЛДІ

Айғақ медиа
09.07.2025
0

Сенат депутаттары Нұрлан Бекназаров пен Айгүл Қапбарова қала тұрғындарымен жеке қабылдау өткізді. Қоғаммен тікелей байланыс орнату мақсатында өткен бұл кездесу...

ШАҺАРДЫҢ БІРЫҢҒАЙ ДИЗАЙН КОДЫН МӘСЛИХАТ БЕКІТЕДІ

ШАҺАРДЫҢ БІРЫҢҒАЙ ДИЗАЙН КОДЫН МӘСЛИХАТ БЕКІТЕДІ

Айғақ медиа
09.07.2025
0

Шымкент қаласының біртұтас дизайн кодын енді жергілікті мәслихат депутаттары бекітетін болады. Арнайы ереже арқылы шаһардың заманауи келбеті қалыптасып, жайлы, қолжетімді...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.