Президент медицина қызметкерлерінің қоғамдағы мәртебесін арттыру үшін «Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген дәрігері» атағын енгізуді ұсынды. Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз қызметі мәлімдеді. Атақпен бірге материалдық сыйақы да беріледі. Оның көлемін Үкімет белгілейтіндігін айтады Президент Нұр-Сұлтан қаласында «Алтын жүрек» ескерткішінің ашылу рәсімінде.
Қасым-Жомарт Тоқаев денсаулық сақтау жүйесінде қызмет ету өскелең ұрпақ үшін мәртебелі әрі тартымды болуы тиіс деп санайды.